Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің



Дата05.06.2017
өлшемі235,61 Kb.
#17593
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Негізгі орта білім беру деңгейінің

«Өнер» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Өнер» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 21 б.

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



«Бейнелеу өнері» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Бағдарлама 2012 жылдын 23 тамызындағы № 1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған.

2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани іс-әрекеті қалыптасуының шарты болып табылады.

3. Оқыту мақсаттары:


  1. эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;

  2. өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

  3. қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

  4. өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;

  5. халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  6. аңғарымпаздығы мен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту;

  7. оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.

4. Оқыту міндеттері:

  1. өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

  2. сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;

  3. жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

  4. бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

  5. көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

  6. шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

  7. балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;

  8. оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;

  9. өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:

  1. өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам және қоғам өміріндегі рөлі;

  2. өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары;

  3. әсем өнерлер тілі және көркем бейне;

  4. әсем өнер түрлері мен жанрлары.

6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:

1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;

2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;

3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;

4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.

7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.

8. Оқыту процесінде келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:


  1. «Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру; бейнелеу нысаналарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;

  2. «Әдебиет»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту;оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту;оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту; оқылған мәтін материалын бейнелеу;

  3. «Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;

  4. «Өзін-өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану; ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;

  5. «Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану;тілді математикалық терминдермен толықтыру;

  6. «Технология»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту; көркем еңбек туындыларын сурет салу және жапсыру үшін пайдалану;

7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.

9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты (аптасына 1 сағат) құрайды.


2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
10. Блок 1. «Өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі»:

1) өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өмірінде және мәдениетті дамытудағы рөлі, өнердің бастауы мен мәні, өнер және дүниетаным, халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу символикасы мен дәстүрлі бейнелердің мәдениетті дамытудағы рөлі, тарихи дәуірлер және көркемдік стилдер, мәдениетті көзбен бейнелеу тұтастығы;

2) адамның көркемдік іс-әрекетінің әлемді игерудегі рөлі;

3) әлем, өмірдегі және табиғаттағы құбылыстар туралы түсініктерін өнер туындыларында бейнелеу;

4) әртүрлі тарихи дәуірлерде адамның эстетикалық бейнесі өзгергіштігінің өнерде көрініс алуы, тарихи ескерткіштердің көркемдік-эстетикалық мәні, визуалды-кеңістік өнерлерінің Отан бейнесін қалыптастырудағы рөлі;

5) мәдениеттердің көркемдік диалогы, әртүрлі тарихи дәуірлер мен халықтардың кеңістік-визуалды өнері, Батыс және Шығыс халықтарының көркем мәдениетіндегі мәнерлілік құралдарының ерекшеліктері;

6) өнердегі негізгі көркемдік стилдер мен бағыттар, әлемнің бейнелеу өнерінің ұлы шеберлері, әлемдегі ең ірі көркем мұражайлар;

7) өнердің адам өмірінің материалдық ортасын құрудағы рөлі, өнердің адам өмірінің заттық-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі қазіргі замандағы өнер;

8) қазіргі замандағы бейнелеу өнері, сәулет, дизайн;

9) визуалды өнерлердің бейнелік табиғаты, олардың қазіргі әлемдегі рөлі, мұражайдың қазіргі заман мәдениетіндегі рөлі.

11. Блок 2. «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»:

1) өнер бейнелерінде адамзаттың өнегелі ізденісін, жеке адамның өнегелі таңдауын көрсету;

2) өнерде көрініс тапқан отбасылық өмірдің дәстүрлі және қазіргі замандағы тіршілік салты;

3) өмірдегі және өнердегі әлем, Отанды қорғау бейнелері;

4) өнердегі және қазіргі өмірдегі халық мерекелері, әдет-ғұрыптар;

5) өмірдегі және өнердегі халықтар арасындағы, әртүрлі буын ұрпақтары арасындағы өзара байланыстар.

12. Блок 3. «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»:

1) көркем бейнелеу ерекшелігі, көркем бейне – кез келген өнердің негізі мен мақсаты, көркем бейнелеудің шарттылығы, өнердегі шынайылық пен қиял;

2) көркемдік мәнерлеу құралдары, көркемдік материалдар және көркемдік техникалар;

3) кескіндеме, графика, мүсін материалдары;

4) композиция – көркем шығарманың басты мәнерлілік құралы, композицияда шығарманың болмысын ашу, пропорциялар, желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық;

5) түс, түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты;

6) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;

7) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін кескіндеу құралдарымен жеткізу;

8) көлем және пішін, заттай әлемнің көптүрлі пішіндерін жазықтық пен кеңістікте бейнелеп көрсету, пішіндерді өзгерту және стильдеу, пішін мен сипаттың өзара байланысы;

9) кескіндеме мен суретте, сәулет, сәндік-қолданбалы өнерде композиция жасаудағы ырғақтың рөлі.

13. Блок 4. «Әсем өнер түрлері мен жанрлары»:

1) кескіндеме, графика, мүсін, өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;

2) портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, анималистикалық жанрлар;

3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн, заттай әлемді бейнелеу;

4) натурадан салу, көзге елестету арқылы салу;

5) бейнелеу өнеріндегі тарихи, мифологиялық тақырыптар;

6) көркем шығармашылық тәжірибесі;

7) өнердің конструктивтік түрлері, сәулет және дизайн, өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;

8) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық, архитектуралық бейне, сәулет – ғасырлар шежіресі, дизайн түрлері;

9) өнеркәсіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;

10) жобалау мәдениеті, кеңістік және заттай ортаны жобалау, графикалық дизайн, арт-дизайн, компьютерлік графика және анимация;

11) сәндік-қолданбалы өнер түрлері, халық өнері, сәндік-қолданбалы өнер бастаулары, халық өнеріндегі бейне семантикасы, ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, сәндік-қолданбалы өнерінің қоғам өміріндегі функциялары.


3. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Курсты оқытуға 5-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

1) ұлттық-мәдени дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қабілетін дамыту, өзінің отандық өнердің тағдырына қатыстылығын саналы түрде сезінуін, Қазақстанның көркем мұраларына құрметпен әрі ұқыппен қарауын тәрбиелеу;

2) әлем халықтарының өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу, өнердің алуан түрлері мен жанрларындағы туындыларды қабылдау және талдау қабілеттерін қалыптастыру.

16. Графика (6 сағат):

1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;

6) «Жыл құстары», «Қазақстанның көне қалалары», «Спорттық жарыстар», «Қысқы пейзаж» атты тақырыптарға сурет салу;

7) суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемдегі басқа да суретші-графиктердің туындыларымен танысу.

17. Кескіндеме (8 сағат):

1) түс – кескіндеу тілінің негізі;

2) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау;

4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;

5) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы; түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

6) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;

7) «Ғарыш», «Күзгі жаңбыр», «Жаңажылдық карнавал», «Қысқы каникулдар», «Астана-менің іңкәрім» атты тақырыптарға сурет салу;

8) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

9) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

10) 20 ғасырдың 80-90-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.

18. Композиция (6 сағат):

1) композицияның мәнерлілігіне өлшем мен пішіннің әсері, композициядағы тепе-теңдік;

2) композициядағы статикалық, динамикалық, қозғалыс;

3) желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық, композицияда туындының болмысын ашу.

19. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):

1) қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері, Қазақстанның дәстүрлі халықтық қолданбалы өнері, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, жиһаз, музыкалық аспаптар;

2) киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа да заттар;

3) икебана, коллаж;

4) ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары;

5) символдарды қолдана отырып шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік бейненің қоғам өміріндегі функциялары;

6) Қазақстанның және әлемнің әртүрлі елдеріндегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.

20. Мүсін (4 сағат):

1) монументті және қондырғылы мүсін, тас мүсіндер, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика), композицияның тұтастығы, типтендіру, мүсіннің негізгі тақырыптары;

2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;

3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру) ;

4) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы мүсін жасау;

5) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және әлемнің атақты суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.

21. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):

1) өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;

2) графикалық дизайн, компьютерлік графика және анимация, стильдеу, арт-дизайн;

3) сәулет және дизайн, сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.


4. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Курсты оқытуға 6-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

23. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

1) көркемдік-эстетикалық даму – жеке тұлғаның адамзат мәдениеті әлеміне енуіне, сондай-ақ өзін-өзі сәйкестендіру және бірегей жеке тұлғасын бекітуге ықпал ететін оны әлеуметтендірудің маңызды шарты;

2) өзінің көркем-шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесін кеңейту; шығармашылық әлеуетін дамыту, көркем жоба-импровизациялар жасай білу.

24. Графика (6 сағат):

1) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;

2) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін графика құралдары арқылы жеткізу;

3) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

4) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

5) петроглифтер;

6) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары.

7) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;

8) «Күзгі натюрморт», «Алғашқы қар», «Түнгі пейзаж», «Арман қала» атты тақырыптарға сурет салу;

9)суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемнің танымал суретші-графиктерінің туындыларымен танысу.

25. Кескіндеме (8 сағат):

1) өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;

2) портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, анималистикалық жанрлар;

3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн;

4) түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты, түс спектрі, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;

5) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

6) түс – кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке, қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;

7) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;

8) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;

9) «Гүлдер, көкөністер мен жемістер», «Жаңбыр астында», «Менің бөлмем», «Қазақстанның сәулет өнері» атты тақырыптарға сурет салу;

10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

12) қазіргі қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.

26. Композиция (6 сағат):

1) сюжет таңдау, композиция ойын қалыптастыру;

2) композицияның түстік шешімін орындау, композициядағы түстің қарбаластығы мен қанықтығы;

3) кітаптардағы суреттер композициясын әзірлеу;

4) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.

27.Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):


  1. қазіргі замандағы сәндік өнер туралы қысқаша мәліметтер;

  2. қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері (салқын, түйіншекті, ыстық, шибори);

  3. композициялық ою-өрнек, қазіргі замандағы сәндік өнер ерекшелігі, жапсыру;

  4. қазақтың ұлттық киім үлгілері;

  5. әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнері (мысалы, дымков ойыншығы), әртүрлі елдер мен халықтардың дәстүрлі көркем қолөнер бұйымдары;

  6. сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы, раппорт, әртүрлі халықтардың ою-өрнектеріндегі солярлық белгілер, табиғи пішіндерді стильдеу;

  7. Қазақстанның және басқа елдердің халық шеберлерінің туындыларымен танысу.

28. Мүсін (4 сағат):

  1. қазіргі замандағы мүсін өнері туралы қысқаша мәліметтер: горельеф, барельеф, мемориал;

  2. көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіндеудің негізгі тақырыптары, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика);

  3. композицияның тұтастығы, типтендіру, қозғалыстағы аңдардың мүсіндерін жасау техникасы;

  4. мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

  5. суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және әлемнің атақты суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.

29. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):

1) архитектуралық бейне, сәулет – ғасырлар шежіресі;

2) дизайн түрлері, өнеркісіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;

3) жобалау мәдениеті.



5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
30. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелерімен бағаланады.

31. Пәндік нәтижелері екі аспектімен айқындалған: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.



32. 5-сыныптың оқушылары:

  1. бейнелеу өнерінің адам мен қоғам өміріндегі орны мен мәні туралы;

  2. бейнелеу өнерінің барлық кезеңдерде өмір сүргені туралы, әртүрлі дәуірлердегі өнердің бейнелі тілдерінің көптүрлілігі және әлемді тану ерекшеліктері туралы түсінігін;

  3. бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары, өнер тарихында портреттің, пейзаждың және натюрморттың негізгі даму кезеңдері туралы;

  4. бейнелеу өнеріндегі көркем мәнерлеудің негізгі құралдары (сызық, дақ, рең, түс, пішін, перспекти­ва), бейнені ырғақты ұйымдастыру ерекшеліктерін;

  5. әртүрлі көркемдік материалдар, көркемдік техникалар және олардың көркем бейне жасаудағы мәнін;

  6. cәндік-қолданбалы өнердің бейнелі тілінің бастаулары мен ерекшелігін;

  7. Қазақстанның бірнеше халықтық көркем қолөнерін білуі тиіс.

33. 5-сыныптың оқушылары:

  1. нақты материалмен жазық немесе көлемді сәндік композициялар жасау процесінде фактураны, түсті, пішінді, көлемді, кеңістікті мәнерлі пайдаланудың практикалық дағдыларын;

  2. әлемдік және қазақстандық өнердегі портрет, пейзаж және натюрморт жанрларындағы көрнекті суретшілер мен өнер туындыларының аттарын;

  3. бояуларды (гуашь және акварель), бірнеше графикалық материалдарды (қарындаш, көмір) қолдану, мүсін жасау дағдыларын меңгеру, коллаж техникасын;

  4. заттың конструктивтік пішінін көру, зат және заттар тобын жазық және көлемді бейнелеу дағдыларын меңгеру; адам басының жалпы құрылу ережелерін білу; желілік және әуе перспективасының бастапқы ережелерін;

  5. натурадан, елестету және есте сақтау бойынша бейнелеу кезінде жарықтандыру пропорцияларын, сипатын, түстік байланыстарды мәнерлеу құралдары ретінде көру және қолдануын;

  6. әртүрлі халықтар мен кезеңдердің (мысалы, Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Қытай) сәндік өнерін стилистикалық ерекшеліктеріне қарай ажыратуды;

  7. сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы (халықтық, классикалық, қазіргі замандағы) конструктивтік, сәндік, бейнелеу элементтерін анықтау, сондай-ақ материалдың, пішін мен декордың тұтастығын көруін;

  8. бірыңғай стилистикамен біріктірілген заттай ортаның көркемдік-сәндік нысандарын (тұрмыс заттары, жиһаз, киім) жасауды;

  9. әртүрлі материалдармен натурадан, есте сақтау және елестету арқылы шығармашылық композициялық жұмыстар жасауды;

  10. өнер туындыларын белсенді қабылдау және өз түйсігінің әртүрлі деңгейлерін дәлелді түрде талдау, бейнелеу метафораларын түсіну және өнер туындысына тән әлемнің тұтас картинасын көруді меңгеруі тиіс.

34. 6-сыныптың оқушылары:

  1. бейнелеу өнеріндегі жанрлық жүйе туралы және өнердің дамуын талдау және әлем танымын өзгерту, оны бейнелеу тәсілдерін түсіну үшін оның мәнін;

  2. бейнелеу өнеріндегі тақырыптық картинаның рөлі мен тарихы және оның жанрлық түрлері (тұрмыстық және тарихи жанр, өнердегі мифологиялық тақырыптар) туралы;

  3. туындының тұтастығы мен бейнелік құрылымы ретіндегі композиция туралы, туындының композициялық құрылымы, пішіннің рөлі, туынды көлемінің мәнерлілік мәні, тұтас және бөлшектің ара қатынасы, әрбір фрагменттің мәні және оның метафоралық мағынасы туралы;

  4. ірі тарихи оқиғалардың құрметіне ескерткіштер жасаудағы өнердің рөлі, суретші жасаған бейненің тарих оқиғаларын түсінуге тигізер әсері туралы;

  5. бейнелеу өнерінің барлық жанрларындағы шынайы өмірдің поэтикалық (метафоралық) іске асырылуы, картинадағы сюжет пен мазмұнның айырмашылығы туралы; кескіндемеде, графика мен мүсіндеу өнеріндегі құрастыру, бейнелеу және сәндік бастамалардың рөлі туралы; көркемдік сурет рөлін;

  6. өнерде стильдер мен бағыттардың болуы және суретшінің шығармашылық даралығының рөлі туралы;

  7. 20 ғасырдағы Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнерінің күрделі, қарама-қайшылықты және көркем оқиғаларға қанық жолы туралы;

  8. сәулет және дизайннің негізгі даму және тарихи кезеңдері, қазіргі конструктивті өнер үрдістерін білуі тиіс.

35. 6-сыныптың оқушылары:

  1. суретшінің картинамен жұмыс істеу процесін, жұмыстың әрбір кезеңінің мәнін, эскиздер мен этюдтердің рөлін;

  2. суретшілер шығармашылығында ашылатын күнделікті өмірдің поэтикалық әсемдігін сезіну; адам өмірінің әрбір сәтінің маңыздылығын көрсетуде, адамның өз болмысы мен әлемнің сұлулығын түсінуі мен сезінуіндегі өнердің рөлін түсінуді;

  3. натурадан және көзге елестету арқылы адам мүсініндегі тепе-теңдіктер мен қозғалыстарды көрсете білудің бастапқы дағдыларын қолдануды;

  4. жас ерекшелігіне қарай қолжетімді деңгейде кескіндеу, графика және жапсыру материалдарын;

  5. шынайы өмірді қабылдауда жітілік пен белсенділік қалыптастыратын қоршаған күнделікті өмірді байқағыштық, бейнелі көру дағдыларын қолдануды;

  6. көркемдік-танымдық материал жинағын шамалайтын тақырыптық композициялар құрудағы шығармашылық тәжірибені қолдану, таңдап алынған тақырып бойынша авторлық көзқарас қалыптастыру және оны көрсете білу тәсілдерін іздеуді;

  7. нақты материалмен (батик және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын қолдануды;

  8. сәулет және дизайн туындыларын талдау; конструктивтік өнерлердің әсем өнерлер қатарындағы орнын, олардың ортақ бастамалары мен ерекшелігін;

  9. конструктивтік өнер түрлерінің бейнелеу тілінің ерекшеліктерін, функционалдық және көркем-бейнелік бастамалардың тұтастығы мен олардың әлеуметтік рөлін;

  10. көлемдік-кеңістік композицияларын құрастыру, сәулет-дизайндік нысандарды (графикада және көлемде) үлгілеуді;

  11. өз шығармашылығында конструктивтік өнерлердегі көркемдік-өндірістік процестің негізгі кезеңдерін үлгілеуді;

  12. нақты ғимараттар мен заттай ортаны салу және жобалауда натурамен жұмыс істеу, есте сақтау және көзге елестету арқылы салуды;

  13. бұл ретте жаппай, көлемді және тереңдік-кеңістік композициясын іске асыра отырып, негізгі көлемдік-кеңістік нысандарын құрастыру; макеттік және графикалық композицияларда сызықтар, түс, көлемдер ырғағын, тектоника және фактура статикасы мен динамикасын қолдануды;

  14. дизайнде және сәулетте пішін жасау, көлемдерді пайдалану (қағаздан, картоннан, ермексаздан жасалған макеттер) дағдыларын қолдануды;

  15. натурадан және елестету арқылы графикалық материалдардың көмегімен архитектуралық бейнелер жасауды меңгеруі тиіс .

36. Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:

  1. Қазақстанның азаматтық теңдестік негіздерін қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін;

  2. әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;

  3. басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;

  4. эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;

  5. этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын айқындауы тиіс.

37. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:

  1. көркемдік іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі (сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы қызмет, көркем құрастыру) қарапайым практикалық шеберліктер мен дағдыларды;

  2. шығармашылық жұмыс және басқа да практикалық іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған білімдерін;

  3. практикалық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін өз бетінше және саналы түрде таңдау шеберлігін;

  4. практикалық тапсырмаларды орындаудың дұрыстығын бағалау, талдау, жіктеу және әртүрлі тәсілдермен алынған ақпаратты саналы түрде пайдалану шеберлігін;

  5. жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;

  6. қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет