Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің



бет1/5
Дата18.02.2018
өлшемі0,86 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Негізгі орта білім беру деңгейінің

«Технология» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. –55 б.

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

6. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;



2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;



5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Пәннің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген оқу жылында 34 сағат, аптасына 1 сағат:

1) 5 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

(Технология, ер балаларға арналған)
11. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелері және еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы және ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

12. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, топырақтану негіздері, топырақтың негізгі түрлерінің сипаттамасы, топырақты өңдеу, топырақ өңдеу техникасы, тыңайтқыштар, егіс айналымы, мелиорациялау;

2) сәндік гүл дақылдарын өсіру технологиялары;

3) практикалық жұмыстар: жер учаскесіндегі күзгі жұмыстар көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктер;

4) көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктерді өсіру тәсілдері;

5) еңбек нұсқаларының түрлері: сәндік гүл өсімдіктері.

13. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш шебері верстагының мақсаттары мен құрылысы, құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мәліметтер, ағаштың сипаты мен құрылымы, ағаш өңдеу өндірісіндегі мамандықтар, графикалық құжат, ағаштан бұйым жасап шығару, белгі қою, аралау, сүргілеу, бұрғылау әдістерін пайдалана отырып ағашты қолмен өңдеу;

2) ағашты қолмен өңдеу, егеу, сүргілеу;

3) бұрандалы шеге және желімді қолдана отырып бұйымдарды бір-біріне қосу және жинау;

4) өнімді әшекейлеп өңдеу;

5) практикалық жұмыс: ағашты өңдеу, ағаш бетіне белгі жасап ою өрнек оймасын орындау;

6) қарапайым ою өрнек түрлерін графикалық түрде орындау, мысалы төртбұрыш, үшбұрыш, ромб;

7) еңбек нұсқаларының түрлері: қарапайым ою өрнек жолақтары, тазалау, бояу.

14. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металдар туралы негізгі мәліметтер, қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары, металдар қасиеттері, темір ұста верстагінің құрылысы мен міндеті;

2) сым мен жұқа табақты металдардан жасалған бұйымдардың графикалық бейнесі;

3) сым мен жұқа табақты металды түзету және майыстыру, сызба және қалыптар бойынша жұқа табақты металға белгі қою, жұқа табақты металды кесу;

4) сым мен жұқа табақты металдан жасалатын бұйымның құрылымын жасап, оны дайындап шығару;

5) практикалық жұмыстар: жұмыс орнымен танысу, металды қолмен өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар. Сым және жұқа табақты құрастыру және өнімді өңдеу.

6) еңбек нұсқаларының түрлері: тізбек, бас қатырғыш, поялникке арналған тіреуіш және балалар киім ілгіші, сәнді шырақ қойғыш.

15. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері, ағашты көркем өңдеу, көркем аралау;

2) ағашты көркем ою, дайын бұйымды бояулармен және лакпен өңдеу, теріні өңдеу, металды көркем өңдеудің түрлері;

3) ажарлау және лактау әдістерімен бұйымды өңдеу;

4) практикалық жұмыстар: металдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып, сәндік-қолданбалы бұйымдар жасап шығару;

5) еңбек нысандарының түрлері: жазықтықтағы ойыншықтар, асүй жабдықтары, сәндік-қолданбалы бұйымдар.

16. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тоқ көздері, электр қуатының өткізгіштері, өткізгіштер мен оқшаулағыштар туралы түсінік, өткізгіштерге пайдаланатын материалдар;

2) электр тізбегі және оның элементтері, электр схемаларындағы шартты графикалық белгілер, тармақталған және тармақталмаған тізбектің электр схемасы, электротехникалық арматура, тұрмыстық шамдар;

3) электр қауіпсіздігінің ережелері, электротехникалық материалдармен жұмыс істеу, электр тізбегін құрастыру;

4) практикалық жұмыстар: қарапайым электр схемасын оқу, сымдарды оқшаулау және ұшын жасау әдістері, гальваникалық тоқ көзі бар конструктор бөлшектерінен электр тізбегін құрастыру, құрастырудың әр-түрлі әдістерін қолдануда тізбектің жұмыс істеуін тексеру;

5) еңбек нысандарының түрлері: төмен вольттік жарық беруші және дабыл қаққыш құрылғыларының моделдері.

17. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, киім мен аяқ киімді күтуге арналған қазіргі заманғы құралдарын таңдау және қолдану, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру әдістері, киім мен аяқ киімді ұзақ мезгіл сақтау технологияларын таңдау;

2) практикалық жұмыстар: жиһазға, аяқ киімге ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру;

3) еңбек нысандарының түрлері: жиһаз, киім, аяқ киім.

18. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) жобалау технологиясының негіздері;

3) жобалау әдісінің жоспары және ұйымдастыру кезеңдері;

4) балаларға арналған ағаш күрегін жасау жобасы.


3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
19. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелері және еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы және ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

20. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, өсімдік шаруашылығы туралы түсінік. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, сәндік бау-бақша шаруашылығы мен гүл шаруашылығы;

2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы, көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жеміс-жидек дақылдарын вегетативтік әдіспен көбейту;

3) практикалық жұмыстар: көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жемістердің піскенін анықтау, өнімді жинау, оған есеп жүргізу және жеміс-көкөніс дақылдарын сақтау, тұқымдықтарды іріктеп алып, оларды сақтау, көкөніс дақылдарына арналған жеріне күзгі өңдеу жұмыстарын жүргізу, көкөніс дақылдарын зиянды жәндіктерден қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: сәбіз, ақжелкен, асхана қызылшасы, қияр тұқымдары.

21. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, жұмыс орнының жабдықталуы және ұйымдастырылуы, ағашты дайындау, ағаштың қасиеттері, құрылымы және кемшілігі, кесілген ағаш дайындамаларын алу және оларды қолдану;

2) жасанды ағаш материалдары, ағашты қолмен өңдеуге арналған саймандар;

3) призма қалпындағы бұйымның сызбасы;

4) құрылымдау және модельдеу, цилиндр қалпындағы бұйымдардың графикалық бейнесі, қол сайманымен цилиндр тәрізді бұйымдар жасау;

5) практикалық жұмыстар: ағаш бұйымын құрылымдау, бұйымның бір бөлшегінен технологиялық картасын құру, ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: ағаш шеберінің саймандарына арналған тұтқалар, түю аспабы, швабра, стусло, планшет, дидактикалық материалдарға арналған жәшік.

22. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металдардың табиғи және механикалық қасиеттері;

2) металдар мен олардың қорытпалары, сорттық прокат, сорттық прокатты алу және қолдану, белгі қою саймандары;

3) сорттық прокаттың графикалық бейнелеуі және дайындамаларға белгі қою;

4) темір ұста қол арасымен дайындамаларды кесу, жазық беттерді егеу, қозғалыс беріліс механизмы, машина және оның негізгі бөлшектері, бұрғылау станогінің құрылысы және онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау;

5) практикалық жұмыстар: сорттық прокат үлгілерінің эскиздерін және сызбаларын орындау: алты қырлы, бұрыштық металл бұйымдарының, жұмыр болат шыбықтың және швеллердің. Металды кесу, егеу, бұрғылау әдістерін қолдануды қажет ететін сорттық прокаттан жасалатын бұйымдарды технологиялық карта және сызбасы бойынша дайындау. Пішінді бұрыштық металл бұйымынан тойтармаларға арналған тетіктерді жасау, тойтарма қосылыстарын қолдану арқылы қаңылтырдан қалақ жасау, бұрғылау станогінің құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу, сәндік-қолданбалы элементтерін қолдануымен тұрмыстық міндеті бар заттарды жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: тойтармаларға арналған тетіктер, қалақ, бұрыштық металл бұйымы, шаруашылық-тұрмыстық міндеті бар заттар.

23. Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақтардың және Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт халықтарының қолданбалы өнері;

2) ағашты ою түрлері;

3) ағашты ою әдістері мен техникасы, ағаш оюын қолданып бұйымдарды әшекейлеу;

4) металды көркем өңдеу, қанылтырды бедерлеу, шекіме, тері өңдеу және теріден бұйым жасаудың халықтық әдістері, балшықтан көркем сомдау, өру;

5) практикалық жұмыстар: ағаш бетіне геометриялық оюды орындау, бедерлі және пішінді шекіме элементтерін орындау, теріден кәдесый бұйымдарын жасау, сәндік себет өру;

6) еңбек нысандарының түрлері: ойыншықтар, кәдесыйлар, тұрмыстық бұйымдар.

24. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер. Негізгі электр мөлшерлерін өлшеуге арналған құралдар: тоқты (I), кернеуді (U), кедергіні (R). Амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр, байқау және құрама құралдарының құрылысы. Сол құралдарды пайдалану ережелері, схемалардағы белгілер, электромагниттер және оларды қолдану, электромагнитті жасау;

2) электрқозғалтқыштардың құрылымы, міндеттері, жұмыс істеу және құрылу принциптері, техника мен тұрмыс жағдайларында электрқозғалтқыштарын пайдалану;

3) электрмонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында электр қауіпсіздігін сақтау ережелері;

4) практикалық жұмыстар: тізбектегі амперметр, вольтметр, конденсатор мен резисторларды жалғау әдістері. Тоқтың, кернеудің, кедергінің қуатын анықтау;

5) еңбек нысандарының түрлері: электрқоңырауды, электромагнитті жасау.

25. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрғын бөлмелердің интерьері, интерьердегі заманауи стилдер, бөлмедегі жиһаз бен жабдықтарды тиімді орналастыру, бөлмелерді функционалды аймақтарға бөлу, тұрғын үйдің жарығы;

2) практикалық жұмыстар: тұрғын бөлмелердің ішкікөрініс элементтерінің эскизін орындау;

3) еңбек нысандарының түрлері: ішкікөрініс эскиздері, сәндік-қолданбалы мақса тындағы бұйымдар.

26. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) шығармашылық жобалау іс-әрекетінің талаптары мен негізгі кезеңдері;

3) өзіндік жобалау іс-әрекетін жасау.


4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
27. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш пен металды қолмен және механикалық түрде өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты жалпы талаптар.

28. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, өсімдік шаруашылығының технологиясы;

2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы, өсімдіктерді көшет әдісімен және қорғалған топырақта өсіру технологиялары;

3) практикалық жұмыстар: көкөніс шаруашылығындағы көктемгі-жазғы жұмыстары, өсімдіктерді көшет әдісімен өсіру технологиясы, тұқымдықтарды отырғызу, мәдени өсімдіктерді арамшөптен қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: картоп, қызылша, сәбіз, орамжапырақ және сәндік гүлдер дақылдары.

29. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаштың табиғи және механикалық қасиетері, ағаштан жасалған бұйымдар және олардың графикалық бейнесі, бұйымдарды құрылымдау, технологиялық іс-қағаздары, ағашты біріктірудің негізгі түрлері;

2) жай шегемен, бұрама шегемен және желіммен біріктіру;

3) топтастыру, тұтастыру, бұрыштық біріктірулер, кертік біріктірулер, шканттар мен нагельдер арқылы біріктіру, қазіргі заманғы технологиялық машиналар, ағашқа арналған токарь станогінің құрылысы, токарь станогінде жұмыс қауіпсіздігінің ережелерін сақтау және жұмысты ұйымдастыру;

4) практикалық жұмыстар: ағаштың қарапайым біріктіру әдістері бар бұйымдарды технологиялық карта бойынша жасау, конус пішініндегі және фасонды бұйымдардың сыртқы бетін жону;

5) еңбек нысандарының түрлері: орындық. ағаш балта, оқтау, картоп жаншу аспабы, қашау тұтқасы.

30. Металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металлдар мен қорытпалары туралы жалпы мәліметтер;

2) болаттың түрлері, қасиеттері және оның қолданылуы. Металл бұйымдары және олардың графикалық бейнесі, металды қысқышта және тақтада шабу, қисық сызықты беттерді егеу, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер, бұрандалы біріктірулер, сыртқы және ішкі бұранда ою, өнеркәсіп орындарында металл өңдеу, металл кесу станоктары туралы жалпы мәліметтер;

3) практикалық жұмыста: табақ металлдан оны кесу, егеу, бұрғылау әдістерін қолдануды қажет ететін бұйымдарды жасап шығару. Цилиндр қалпындағы бөлшектің сызбасын оқу: материалын анықтау, сонымен бірге, бөлшектің, оның құрылымдау элементтерінің көлемін анықтау. Сыртқы және ішкі бұранда ою операцияларынан тұратын металл бұйымдарын жасау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жиһазға арналған ілмектер, есік тұтқасының құлағы, сомын-құлақты бұранда, струбцина, металлды көркем-өңдеу технологияларын қолданып жасалған сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдар.

31. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, ою-өрнек түрлері;

2) ою-өрнектің қолданылуы;

3) ағашты көркем өңдеу, ағашқа күйдіріп өрнек салу;

4) жұқа өрнекті аралау әдісімен ою, жақша тәрізді ойық ою, металды көркем өңдеу, филигрань, теріні өңдеу және одан бұйым жасау;

5) практикалық жұмыстар: материалдарды көркем өңдеудің, оларды сәндік безендірілуінің бір бағыты бойынша бұйымдардың эскизін дайындау және оны жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: ою элементтерін қолдану арқылы жасалған ойыншықтар, ас үйлік аспаптар, ішкі-көрініс бұйымдары.

32. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрмыстық электр құралдарының жұмысы туралы жалпы мәліметтер, тұрмыстық электр қуаты қабылдағыштарын іске қосу;

2) тұрмыстық электр құралдарына қарапайым жөндеу жүргізу, дәнекерлеуді қолдана отырып электромонтаждық жұмыстарды жүргізу. Сымдардың, дәнекерлердің, флюстардың түрлері. Электромонтаж жұмыстарына арналған саймандар, электр тоғынан зақымданудан сақталу, автоматты түрде бақылау және реттеу туралы түсінік, автоматтандырылған құрылғылардың түрлері мен міндеті, тұрмыстық электротехникалық құрылғыларындағы автоматика элементтері, автоматика құрылғыларының қарапайым схемалары;

3) практикалық жұмыстар: радиоэлементтердің сыртқа шығарылған өткізгіштерін тазалау және оларды қалайылау, сымдарды монтаждық күлтеге дәнекерлеу, дәнекерлеуді қолдана отырып электромонтаждық жұмыстарды жасау, автоматика құрылғыларының қарапайым схемаларын құрастыру;

4) еңбек нысандарының түрлері: бұрылу жол көрсеткіші, бағдаршам.

33. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрғын жайдың экологиясы туралы түсінік, тйдің микроклиматын бағалау және реттеу. Температура тәртібін, ылғалдықты және ауа ортасының қалпын сақтап отыратын заманауи құралдары. Тұрмыстық техниканы қолдану ережелері;

2) практикалық жұмыстар: жарықтандыру құралдарын орналастыру жоспарын дайындау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдау;

3) еңбек нысандарының түрлері: тауар мен қызмет жайлы жарнамалық анықтамалар, тұрмыстық техника үлгілері. Су, жылу, электр қуаты мөлшерлерін есептеу құралдары, су тазалау құрылғылары.

34. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) шығармашылық жобаларын орындау ерекшелектері;

2) ағаштан балалар орындығын жасауға арналған өзіндік шығармашылық жобасын орындау.
5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
35. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш пен металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты жалпы талаптар.

36. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ғылымның ауыл шаруашылығының дамуына әсері. Зиянкестер мен ауруларға қарсы өсімдіктерді қорғау үшін улы емес құралдарын, органикалық және минералды тыңайтқыштарын қолдану;

2) дәнді дақылдарды өсірудің қарқынды технологиясы, өнім жинау тәсілдері;

3) практикалық жұмыстар: оқу-тәжірибе учаскесіндегі күздік жұмыстар, күздік дақылдарды егуге арналған жерді өңдеу, жеміс ағаштары мен жидек бұталарын күту, жидек бұталарының кесіндісін жасау, оқу-тәжірибе учаскесінде өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жеміс ағаштары мен жидек бұталары.

37. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) Негізгі теориялық мәліметтер, ағаштан бұйым жасауға арналған конструкторлық және технологиялық құжаттама, конус тәрізді беті бар бөлшектің графикалық бейнесі, ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналары;

2) ағашты механикалық түрде өңдеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері, ішкі беттерін жону. Қол араны, қашауды, сүргінің пышағын қайрау;

3) ағаш өнімі элементтерін біріктіру. «Қарлығаштың құйрығы» атты кертік біріктіруін орындау;

4) практикалық жұмыстар: ағашқа арналған токарь станогінде бұйымның ішкі беттерін жону, ағаш ұстасы саймандарының кесетін бөліктерін қайрау әдістерін меңгеру. «Қарлығаштың құйрығы» атты ағашты біріктіру әдісін қолдана отырып бұйым жасау;

5) еңбек нысандарының түрлері: тұз сауыт, сәндік тәрелке, қобдиша, қорап, шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, ас үйлік аспаптар.

38. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, құрылымдау материалдардың жіктелуі, металлдардың түрлері және негізгі қасиеттері;

2) металдарды өңдеу, болатты қыздырып өңдеу, металдарды кесу арқылы өңдеу, металл кесу станоктарының жіктелуі, токарлық-бұранда кесу станогінің құрылымы;

3) негізгі токарьлық операциялары, металға арналған токарь станогінде бұранданы кесу және бұрғылау, қонструкторлық және технологиялық құжаттама, металл бұйымдарының графикалық бейнесі;

4) практикалық жұмыстар: болатты қыздырып өңдеу әдістерімен танысу, металлдардың механикалық қасиеттері туралы білімдерін бекіту, токарлық-бұранда кесу станогінің құрылысымен танысу, бұйымды технологиялық картасы бойынша металл өңдеу станогында сыртқы цилиндрлі беттерін қайрау әдістерін, ойықтар мен бүйіржақтарын ойып алу және дайындамаларды кесіп түсіру әдістерін қолдана отырып жасап шығару, токарлық-бұранда кесу станогында бұранданы кесу және бұрғылау;

5) еңбек нысандарының түрлері: муфель пешінде кескішті босандату және суару, валик, төлке, бұрандама, сомын, сомын-құлақты бұранда, үлгілер мен құрылғылар бөлшектері.

39. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақтың сәндік-қолданбалы өнер тарихына шолу, киіз үйдің пайда болу тарихы;

2) металл мен ағашты көркем өңдеу түрлері, ас үй аспаптарын жасау;

3) кәдесый жасау өнері, ағашты көркем аралау, бұйымдарға күйдіріп өрнек салу, металл бұйымдарын көркем өңдеу, зергерлік іс;

4) практикалық жұмыстар: материалдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып сәндік-қолданбалы мақсатында бұйымдарды жасау;

5) еңбек нысандарының түрлері: қолдан және токарьлық әдісімен жасалған қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы шығармашылығы элементтері бар қобдишалары, ойыншықтары, шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдары, кәдесыйлар мен әшекей бұйымдары.

40. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, электрөлшеуіш құралдарының мақсаты. Әр-түрлі электрөлшеуіш құралдарының негізгі бөлшектері, жұмыс істеу принциптері және магнитті-электрлі, электромагнитті, электрдинамикалық және индукциялық жүйелерінің өлшеуіш механизмдері құрылысы;

2) электр біріктірулердің схемалары: құрылымдық, функционалдық, жалпы схемалары, орналастыру схемалары. МемСТ бойынша электр схемаларына арналған шартты графикалық белгілеулер, автоматиканың электр құрылғылары туралы түсінік, автоматиканың электр құрылғыларын пайдалану аймақтары және олардың техникалық сипаттамасы. Коммуникациялық автоматикалық емес құрылғының және электр қорғағыштардың мақсаты, құрылысы, жұмыс әрекеті. Электр дабыл күшейткіштердің жіктелуі, мақсаты және негізгі параметрлері. Күшейткіштің принциптік электр схемасы;

3) практикалық жұмыстар: тоқ күшін, кернеуін, электр кедергісін, тоқ қуатын өлшеудің тура және жанама әдістері. Коммуникациялық автоматикалық емес құрылғыныңжеліге қосу әдістері;

4) еңбек нысандарының түрлері: электрөлшеуіш құралдары, автоматиканың электр құрылғылары, электр қорғағыштар.

41. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қаладағы және ауылдағы (саябақтағы) тұрғын үйлердің электрмен, жылумен қамсыздандыру жүйелерінің, су құбыры мен кәріз жүйелерінің негізгі элементтері сипаттамасы. Оларды пайдалану ережелері, суды фильтрлеудің заманауи жүйелері;

2) практикалық жұмыстар: үйдің микроклиматын бағалау, жасырын электр сымдардың орналасқан жерлерін анықтау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдау;

3) еңбек нысандарының түрлері: тауар мен қызмет жайлы жарнамалық анықтамалар, суды тазалау құрылғылары мен тіркеу құралдары.

42. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

3) техникалық шығармашылық мақсаттары;

4) металл мен ағаштан кәдесый бұйымдары мен ойыншықтарды жасауға арналған жобаны орындау.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет