Бақылау сұрақтары: 1 Бактерияларды «өсіру» деген мағынаны қалай түсінуге болады? 2 Микроорганизмдерді өсіру тәсілдерінің негізгі жағдайлары. 3 Микробтарды себу мен қайта себу қандай мақсатта қолданылады.4 Қоректік орталардың түрлері мен олардың компоненттері. 5 Қоректік орта компоненттерін алу жолдары. 6 Китта – Тароцци ортасын қандай микроорганизмдерді өсіруде қолданады? 7 «Стерилизация» және «дезинфекция» туралы түсінік. 8 Стерильдеу тәсілдері. 9 Ыстық бумен, қыздырылған құрғақ ауамен және дробты стерильдеудің маңызы. 10 Пастерлеу әдісі.11 Бактериологиялық сүзгілермен сүзу техникасы, сүзу нәтижелерін тексеру.
9-зертханалық жұмыс. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау антибиотиктердің бактерияларға қарсы әсері
Антибиотиктер – микроорганизмдерден, жануарлар жасушасынан, өсімдіктерден өндірілетін химиотерапевтикалық заттар. Олар микроорганизмдердің және қауіпті ісіктің өсіп және көбеюін тоқтады.
Өндіруіліне байланысты антибиотктер 5 тобқа бөлінеді:
1) Саңырауқұлақтардаң алынатын антибиотктер.
2) Актиномицеттерден алынатын антибиотктер.
3) Бактериялардан алынатын антибиотиктер.
4) Жануарлардан алынатын антибиотиктер.
5) Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер.
Диск-диффузионды әдіспен антибиотиктерге сезімталдығын анықтау Қоректік ортаның бетіне бактерия культурасын қондырғаннан кейін антибиотигі бар диск енгізіледі. Дисктегі антибиотиктің диффузиясы нәтижесінде сезімтал қоздырғыштың өсуі тоқтайды (өсу аймағының тоқтатылуы). Бұл әдіс инкубацияның 18-20 сағатынан кейін тығыз қоректік ортада тез өсетін микроорганизмдер үшін ғана стандартталынған. Көкіріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) табиғатынан көптеген антибиотиктерге тұрақты. P.aeruginosa тудырған ауруларды емдеу үшін бета-лактамды антибиотиктер,аминогликозидтер және хинолондар қолданылады.
10 – Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Гематологиялық және гистологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Қанды және тіндерді зерттеу әдістерімен және аппаратуралармен таныстыру.
Қажетті құжаттар: арнайы аппаратуралар, счетчиктер, Гояев камерасы, микроскоптар, микротомдар және т.б.
Қазіргі заманның гематологиясы - әр саладағы мамандарға өте қажетті, жете қалыптасқан, өздігінен жеке пән. Гематология саласы көпке дейін өзіне қажетті приборлармен қамтамасыз етілмей келді. Қазіргі кезде бұл саладағы приборлар тек ғылыми-зерттеу, арнайы гематологиялық мекемелерде ғана емес тәжірибе жүзінде де кеңінен қолданыс табуда. Ол приборлар жоғарғы дәлдікпен нәтижелі хабарлармен қамтамасыз етеді.
Гематология саласын автоматтандыру жаңа өнімді автоматты приборларды шығаруға бағытталған. Оған жататындар: гемоглобинометрлер, қан элементтерін санайтын счетчиктер, кондуктометрикалық цитометрлер, сұйылту дозаторлары, жұғындыны бояйтын автоматтар, қанның бір сынағынан бірнеше компоненттерді (гемоглобинді, эритроциттерді, лейкоциттерді) бірден анықтауға арналған аппараттар мен приборлар, автоанализаторлар, қосымша жабдықтар және ЭЕМ. Автоанализаторлардың екі типі бар: Біріншісі қанның 7-8 параметрін – гемоглобинді, эритроциттер мен лейкоциттерді, гематокрит көрсеткішін, бір эритроциттегі гемоглобиннің концентрациясын және тромбоциттерді бірден анықтайды. Бір сағатта 50-80 анализге дейін анықтауға болады. Екіншісі – лейкоциттердің түрлерін ажыратуға арналған. Сағатына 25-60 анализге дейін анықтауға болады.
Қан элементтерінің счетчиктері. Оған жататындар – есеп камерасы және автоматты счетчиктер. Есеп камерасы - қанның, зәрдің және жұлын сұйығының, сондай-ақ микроорганизмдердің элементтерін санауға арналған приборлар. Француз физиологы Малассе 1874 жылы ұсынған прибор түбінде есепторлы шұңқыры бар қалың зат шынысы. Шұңқырдың үсті шлифті жабылғы шынымен жабылады. Камераның биіктігі жабылғы шыныны тығыз, Ньютон сақинасының білінуі арқылы қадағалап, жабу арқылы қамтамасыз етіледі. Зат шынысының негізгі құрылыс элементі үлкен және кіші квадраттар болып есептеледі. Есепторлар әртүрлі: Томдікі, Бюркердікі, Предтеченскийдікі, Тюрктікі, Нейбауэрдікі, Горяевтікі, Фукса-Розенталдікі және т.б.. Олар бір-бірінен үлкен және кіші квадраттардың әртүрлі топтастырылуымен ерекшеленеді.
Горяев торы бар Горяев камерасы кеңінен қолданылады. Оның сиымдылығы 0,9 мкл, торының көлемі 9 мм², ол 225 үлкен квадраттардан тұрады. Оның 100 квадраты бос, ал 25 квадратының әрқайсысы 16 кіші квадраттарға бөлінген, 100 квадраты жолақтармен бөлінген. Фукс-Розенталдың торы бар есептеу камерасының сиымдылығы 3,2 мкл, торының көлемі 16 мм², 256 үлкен квадраттардан тұрады.
Камераларды ластанудан, олардың торына шаң-тозаңның түсуінен сақтау керек. Жұмыстан кейін камера мен жабу шынысын су ағынымен жуып, таза сүткі қағазбен еппен сүртіп, қағазға орап қорабқа салып қояды.
Қазіргі кезде өндірісте жануарлар мен адамдардың қанына анализ жасау үшін автоматты анализаторлар шығарылады. Олар 1 сағатта 3000-ға дейін анализдерді жасауға мүмкіншілік береді. Еңгізілген ЭЕМ бағдарламасы бойынша цифр, кесте, гистограмма ретінде қанның цитологиялық, биохимиялық құрамдары және физиологиялық сипаттамасы туралы мағлұматтар береді.
Лабораторияларда қолданылатын автоанализаторлар: Биан және Циано (ТМД), «Контифоо» (Венгрия), ЛКБ (Швеция), «Браун-систематик» «Оптон» фирмасы (Германия), Олли-3000 жүйесі (Финляндия), «Селектив эпалейзер П» (Швейцария), SМА фирмасы «Техникон» (АҚШ, Ирландия), «Аббат фирмасы «Культе С» (Франция), «Центрифихем» «Юнион Карбайд» фирмасы (АҚШ) және басақалар.
Автоматты анализаторлардың көп каналды (12-30) жүйесі қан нұсқасының аз мөлшерін (0,5-2,5 мл) зерттеуге және бірден ондағы глюкозаның; мочевинаның; зәр қышқылының; креатининнің; билирубиннің; жалпы белоктың; аминтрансферазаның; лактатдегидрогеназаның; фосфатазаның; К, Na, Ca, Mg катиондарының; PO4 , Cl аниондарының сан мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді.
Ферменттердің, белоктар мен олардың фракцияларының, қанттардың және қанның минералды құрамының барлық түрлерін анықтауға арналған қосымша блоктар қарастырылған.
Қан торшаларының саны мен көлемін анықтауға арналған кондуктометрикалық приборлар элетродтың арнайы тесігі арқылы өткен тоқ өткізетін ертінді құрамындағы бөлшектердің санын автоматты түрде анықтайды. Мысалы физиологиялық ертіндідегі қан торшаларының санын.
КГ-2 гематологиялық комплексіне кіретін ЦМК-1 типті целлескоптармен немесе кондуктометрикалық цитометрлермен қан торшаларын санау және көлемін анықтау орта мен қан торшаларының тоқ өткізу айырмашылықтарын анықтау арқылы жүргізіледі. Бұл цитометрлер диаметрі 2-80 мкм, көлемі 5-2,5 х 10³ мкм ³ диапазондағы бөлшектерге анализ жүргізе алады. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі сұйық құрамындағы торшалар электродтың калибрленген капилляр тесігі арқылы өткен кезіндегі электр жүйесіндегі қарсылықты (импеданс) өлшеп және тіркеуге негізделген. Электрондық үлгідегі импульстың мөлшері электродтың капилляр тесігі арқылы өткен бөлшектің көлеміне байланысты болады. Арнайы электронды жабдық бөлшектің санын санауға және көлемін өлшеуге мүмкіншілік береді. Алынған нәтижелер торшалардың көлемінің үлкендігіне қарай орналасуының қисық сызығы ретінде сиямен жазылатын жабдыққа түседі.
Анализге қажетті суспензия мөлшерін сынап дозаторы (ЦМК-1) арқылы анықтайды. Кейде ауасыз сынап жүйесін арнайы насоспен (ЦМК-2) ауыстыруға болады.
Приборлар электр насосы, арнайы оптикалық жүйе, материалды өңдейтін және нәтижелерін тіркейтін қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілуі де мүмкін.
Цитологиялық зерттеулерде негізінен гематологиялық зерттеулерде қолданылатын анализге қажетті биологиялық материалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және ажыратуға арналған автоанализаторлар және т.б. пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |