Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған



бет6/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà

Бақылау сұрақтары: 1 Қарапайым, люминесцентті және электронды микроскоптардың құрылымы. 2 Макро және микро бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі. 3 Микроскоптың окуляры мен басқа да оптикалық бөлімдері, олардың үлкейту дәрежелерін анықтау. 4 Микробиологиялық зертхананың бөлімдері, қауіпсіздік техникалары.

2 - зертханалық жұмыс. Зертханалық ыдыстар. Зертханалық аппаратура . Суды дистильдеу аппараты


Мақсаты: Зарарсыздандырудың негізгі әдістерімен таныстыру, оны іс жүзінде көрсету, дистиляторлардың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен таныстыру.


Қажетті материалдар: әртүрлі стерилизаторлар, шприцтер, инелер, пышақтар, қайшылар, автоклав, ултракүлгін шамдары, пробиркалар және т.б.

Дистілденген су (Agua destillata) – ондағы ерітілген қоспалардан қайнату арқылы тазартылған су. Ондай су малдәрігерлік мақсатта еріткіш ретінде дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін кеңінен қолданылады. Кейбір дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін дистіденген суды залалсызданырады. Ондай суды кәдімгі ішетін судан арнайы аппараттар – аквадистилляторлар арқылы алады. Алдымен суды ашық қазанда 15-30 минут қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды қолдану арқылы ондағы ұшқыш заттарды ұшпайтын түріне айналдырады. Ол суды дистілдеу арқылы ұшпайтын қосылыстардан тазалайды. Дистілденген судың бірінші бөлігін қолданбайды. Осындай жолмен алынған дистілденген суды оған шаң-тозаң, бөгде қосылыстардың түсуінен сақтайды. Дистілденген су түссіз, иіссіз, дәмсіз, рН 5,0-6,8 болып келеді. Оны буландырғанда құрамындағы құрғақ қалдық 0,001 %-дан аспауы; құрамында нитриттер, нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, кальций және ауыр металл тұздары болмауы керек. Жоғарғы тазалықтағы су алу үшін дистілденген суды екінші рет қайтадан дистілдейді, бидистілденген су алынады (Agua bidestillata).


Суды органикалық заттардан тазалау үшін екінші рет дистілдеудің алдында оған жуықтап 0,1 мл калий перманганат ертіндісі мен бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Осындай құрамында органикалық заттардың ізі де жоқ суды апирогенді су деп атайды. Бидистілденген суды арнайы кварцтан, қалайы, күміс немесе платинадан жасалған ыдыстарда сақтайды.
Суды тазалау үшін ион алмастыратын қара майлар жиі қолданылады. Ол үшін суды катиониттер және аниониттермен толтырылған колонкалар арқылы кезекпен өткізеді. Осындай жолмен алынған суды минералсызданған су деп атайды. Құрамында минералды заттары жоқ сулар ішуге жарамайды.
Дистілденген су алу үшін күші мен өнімділігі әртүрлі бірнеше аппараттар қолданылады. Мысалы, Д-1 дистилляторы арқылы сағатына 4-5 л; ал Д-25 784 моделді дистиллятор арқылы сағатына 25 л су дайындауға болады. Бірақта олардың барлығының жұмыс істеу принціпі бір – су буын қайтадан суға айналдыру, конденсациялау.
Дистилляторлардың жұмыс істеу принціпі: электр қыздырғыш элементтер арқылы су қайнатылып буға айналдырылады. Ол камераның сырты жылулықты сақтау және операторды күюден сақтандыру үшін қапталған. Түзілген бу сыртынан суық сумен қамтамасыз етілген конденсаторға түсіп суытылады. Осындай жолмен алынған су қажетті ыдысқа жиналады. Оның тазалығы тиісті аппарат арқылы экранда беріледі. Бу түзілетін камерада судың деңгейі үнемі бір қалыпта ұсталып тұрады. Ол үшін арнайы теңелткіш құралы іске қосылады. Су түспей қалған жағдайда электр қыздырғыштар автоматты түрде сөнеді. Приборды ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ондағы суды толық ағызу үшін ағызатын кран бар. Дистиллятор ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін оның түтікшелеріндегі қайнатпаларды тазалап отыру керек.
Апоригенді су алу үшін қосымша жабдықталған «АА-1» аппаратын қолдануға да болады. Онда суды буландыратын камераға химиялық реагенттер қосылады. Ондағы қысымды реттеу үшін артық буды сыртқа шығаратын тесік бар. Судың деңгейін қадағалау үшін суөлшегіш шыны қондырылған. Химиялық реагенттердің дозасы цилиндр тәрізді екі шыны түтікшеден тұратын, әрқайсысы 100 мл сиымдылықты дозатор арқылы реттеліп отырады. Химиялық реагент ретінде «ХЧ» марганец қышқыл калий, алюмокалий квасцысы, фосфор қышқыл натрий препараттары қолданылады.
Дистілденген суды сақтау үшін көбінесе шыны бутыльдер қолданылады. Бірақта оны ұзақ уақыт сақтағанда шынының сілтілік реакциясы болатынын ескерген жөн.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі дистілденген судан да таза су алуды жолға қойып отыр. Өте таза су алу үшін жаңа әдістер іске асырылуда. Ол әдістер бойынша суды ионсыздандыру, адсорбциялау және микросүзгіден өткізу қатарынан қолданылғанда дистілденген судан да таза су алуға болатындығы іс жүзінде дәлелденген.
Суды ионсыздандыру үшін оны иониттермен толтырылған колонкалар арқылы өткізеді. Ондағы катиониттер оң зарядты иондарды, ал аниониттер теріс зарядты иондарды байланыстырады.
Микросүзгілерде диаметрі 0,3 мкм бөлшектерге дейін ұсталады. Сонымен қатар иониттер микроорганизмдерді де ұстауға қабілетті. Бірақ, еске алатын жағдай, иониттерді ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдердің керісінше көбеюі де мүмкін. Сондықтан оларды жиі ауыстырып отыру қажет. Аппарат жүйесінде сағат механизмі бар. Ол жұмыс режімін автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді.
Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен жарық, люминесцентті немесе электронды микроскоптардың көмегімен іске асады. Студенттер зертханасы әдетте, Биолом-1, МБР-1,МБР-3 сияқты биологиялық жарық микроскоптарымен жабдықталады. Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады. Механикалық бөлімге штатив, зат үстелі, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар жатады. Зат үстелінің ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат үстелінің бүйіріндегі бұрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1 мм-ге жылжытады.

Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат үстелінің астында орналасқан. Ол жарық сәлелерін бағыттайтын жазық беті, ал жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы да қолданады. Ол бір-бірін жауып тұратын жартылай шеңберленген металл пластинкалардан тұрады. Бұл пластиналар арнаулы рычагтың көмегі арқылы жарықтың өтуін көбейтеді немесе азайтады. Жұмыста көбінесе Аббе конденсоры қолданылады. Қажетті жағдайларда (мысалы лептоспираларды зерттегенде) оны «қараңғы өріс» конденсорымен ауыстырады. Бұл конденсор тек қана қия түскен жасанды жарықтың сәулелерін өткізеді, бірақ олар объективке түспейді (көз шалымы қараңғы). Конденсор арқылы өткен қия сәулелер қатты бөлшектермен кездескен соң ауытқып, барлық бағыттарда әр түрлі бұрыштарымен өрістейді. Объективке түскен бұл қия сәулелер қараңғы аяда жарқырауды қамтамасыз етеді. Жарқыраудың айқындылығы жарық көзінің күшіне (ОИ-7, ОИ-19), жарық шамдары жарықты бағыттаудың дәлдігіне байланысты. Бірнеше линзалардан тұратын объектив, тубустың төменгі бөліміндегі револьвердің бағытталған маңдай алды линзасы. Ол зерттеуге алынған объектілердің керекті мөлшерде ұлғаюын қамтамасыз етеді. Маңдай алды линза микроскоп арқылы мөлшері 0,2 мкм тең ұсақ заттарды көруге мүмкіндік туғызады. Маңдай алды линзалардан басқа металл қынабында бірнеше түзету (коррекция) линзалары бар. Олардың саны үшеуден он екіге дейін болады. Маңдай алды линзаның үлкейту дәрежесі неғұрлым көп болса, соғұрлым түзету линзалары да көп болуы керек. 


Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Егер объективтің линзасының диаметрі біршама үлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мұндай линзалар фокус аралығының үлкендігінен, шашырағыштығының аздығынан затты 10,20,40 есе ғана ұлғайтады. Иммерсионды объективтердің маңдай алды линзалары затты 80,90,100 және 120 есе ұлғайтады, демек олардың фокус аралығы қысқа, ал диаметрі үлкен емес.

Бұларды құрғақ объектив ретінде қолдансақ, көз шалымының жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты тудыру үшін зерттеуге алынған препараттың үстіне жарық сәулесін сындыру коэффициентіне жақын сұйықтықты қондырады. Осы сұйықтықтың тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі оптикалық орта құралады. Бұл жүйеде жарық сәулелері әлсіремей көз шалымын жақсы жарықтандырады. Иммерсионды сұйық ретінде бал қарағайдың майы, кейде вазелин майы қолданылады.


Окуляр тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр формалы метал қынабындағы жоғарғы көз линзасы мен төменгі жинағыш линзасынан тұрады. Окуляр тек қана объективтен алынған кескінді ұлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Бұл окулярдың ұлғайту дәрежесінің көрсеткішін окулярдың ұлғайту дәрежесіне көбейту арқылы табады (мысалы, объектив 120 есе ұлғайтады, ал окуляр х9). Объективтің жалпы ұлғайтуы 120х9=1080. 
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері. Микроскоппен жұмыс істер алдында конденсордың жағдайы тексеріледі. Ол зат үстелінің деңгейіне дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең аз ұлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны айналдырып, көз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны зат үстелінің үстіне қояды. Револьверді бұрай отыра иммерсионды объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан көрінген кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды. Қараңғы өріспен жұмыс істегендеконденсордың жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.

Люминесцентті микроскопия. Люминесценция ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен байқалатын микроскопиялық объектілердің жарқырауы. Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті микроскопияның негізін қалайды. Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының микроскоптары қолданылады. МЛ-2 люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.


Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен (флуорохромдармен) өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесценцияның маңызы өте зор. Флуорохромдардың ұзын толқынды ультракүлгін және қысқа толқынды көк күлгін сәулелердің әсерінен жарқырайтын қасиеті бар. Флуорохромдардың ішінен қызғылт сары акридин, аурамин, аурофосфин, родамин, флуоресцин және тағы басқалары жиі қолданылады. Люминесцентті микроскоптың көмегімен мөлдір емес тірі объектілерді зерттеуге болады. Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.


Электронды микроскопия. Микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының ультра құрылысын зерттеу электронды микроскоптың көмегімен іске асады. Зерттеуге алынған объектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Электронды микроскоп құрылысының прионципі электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген. Магнит өрісі электрон топтарын фокусқа түсіреді. Электрондардың көзң ретінде электр тогымен қыздырылатынвольфрам сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 000-нан аса ұлғайтылады. Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді. Қазіргі кезде электронды микроскоптардың отандық және шетелдік әр түрлі үлгілері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет