Неолит тас дәуірінің соңғы кезеңі, жаңа тас ғасыры. Жаңа тас



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата17.11.2023
өлшемі266,84 Kb.
#191871
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.3.Жаңа тас ғасыры (Неолит)

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ: 
1.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі:
Жауабы: Өнімді еңбектің пайда болуы
2.
Егіншіліктің тұрақты қалыптасқан кезеңі: 
Жауабы: Неолит 
3.Малды тұрақты түрде қолға үйреткен кезең:
Жауабы: Неолит
4.
Адамдардың азық түлікті өндіре бастаған кезеңі:
Жауабы: неолит 


5.
Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз: «... адамдар табиғат 
сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті 
өздері өндірді»:
Жауабы: Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы 
6.
Жаңа тас ғасырындағы адамдар үйренді:
Жауабы: Мата тоқып, киім тігуді үйренді

7.Мәтінде сипатталған табиғи үрдіс жүзеге асуы үшін қажет еткен жағдай: 
«...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін 
қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен 
кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады...»: 
Жауабы: Еңбек құралдарының жетілдіруі 
8.
Мәтінде сипатталған табиғи үрдістің орын алған кезеңі: «...адамзат 
қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін қарапайым 
түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және 
тоқымашылықпен айналыса бастады...»: 
Жауабы: Неолит 
 
Неолит кезеңінің еңбек құралдары: 
-Бұл кезеңде тас өңдеу биік деңгейге жетті. Адамдар тасты кесу, жону, 
жылтыратып тегістеу, бұрғылау әдістерін меңгерді. 
-Неолитте құрамалы құралдар жасаудың түрлі әдістері жетілдірілді. 
Құрамалы деп аталатыны – олар екі түрлі материалдан құрастырылған, 
құралдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады. 
-Еңбек құралдарының жаңа түрлерін – келі, дәнүккіш, балта, қайланы т.б 
ойлап тапты. 
-Таяққа бекітетін қашау балтаға айналды, оның соққысы жай тастан 
күштірек болды. 
-Кетпен – ауыл шаруашылық жұмыстарында, тұрмыста қолданылатын 
құрал. Кетпен Орт. Азияда тұратын халықтарда өте ерте заманнан белгілі. 
Оны, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарда көбірек 
қолданады. 
-Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы – адамдардың қыш құмыра 
(керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан «қыш құмыралар 


заманы» деп те атайды. Құмыраларға геометриялық өрнектер салған. 
Құмыраны көзе деп те атайды, Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет