Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы.
Жауап: Егуден кейінгі (поствакциналды) асқынулар– вакцинациямен байланысты патологиялық өзгерістер қатарындағы ағзадағы өзгерістер, сәйкес вакцинаның болашақта қарсы көрсеткіш болып табылады.
Вакцинадан кейінгі асқынулар сирек дамиды және оның пайда болу себебі:
1. вакцинаның тасмалдауы мен сақталу шартының бұзылысы (ұзақ уақыт бойы шамадан тыс қызу, қатыруға болмайтын вакциналарды шамадан тыс суыту және қатыру );
2. вакцинаның сапасының сай болмауы;
3. енгізу техникасының бұзылуы (мысалы БЦЖ қатаң түрде тері ішіне енгіз тиіс);
4. вакцина енгізу бойынша нұсқаманың бұзылысы;
5. қарсы көрсеткіштерді сақтамау;
6. ағзаның жеке ерекшеліктері (вакцинаны қайталап енгізгенде күтпеген күшті аллергиялық реакция);
7. иньекция орнында іріңді қабынулар және инфекцияның қосылуы.
Поствакциналық асқынуларға жатады:
1) Күшті реакциялар: дене қызуының 400С және одан да жоғары көтерілуі, дірілдер (қалыпты температура фонында да) әдеттегідей емес ұзақ жылау(3 сағаттан көп), естен тану.
2) Аллергиялық реакциялар:
• анафилактикалық шок;
• есекжем;
• Квинке ісігі;
3) Энцефалит немесе менингиттің дамуы.
Барлық аллергиялық реакциялар вакцинаны енгізгеннен кейін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін дамиды. Сондықтан, екпеден кейін 30 минут бойы баланы бақылау керек, бұл тез және мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Көбінесе АКДС енгізгеннен кейінпоствакциналық асқыну жиі дамиды:
1. гипертермия (400С және жоғары);
2. енгізу орнындағы жұмсақ тіндердің ісінуі мен гиперемиясы түріндегі ауыр жергілікті реакция;
3. анафилактикалық шок;
4. Квинке ісігі;
5. ұзақ ащы айғай;
6. естен танумен жүретін фибрилді діріл;
7. энцефалиттің дамуы (дірілдер мен ұзақ естен танумен гипертермиямен, құсумен, гиперкинездермен, аяқ-қол шаласалданумен (парез), жергілікті симптомдармен көрініс береді). Энцефалит 1:250000-300000 мөлшер жиілігінде дамиды.
ОПВ енгізгеннен кейін вакцинамен ассоциирленген полиомиелит дамуы мүмкін. Ол екпеден кейінгі 4-30 тәулік аралығында және егілгендермен қатынаста болғандарда 60 тәулікте дамиды. Оның даму жиілігі 1:1,5 млн. дозаға қатынасындай. Бұл асқыну иммундықтапшылық балаларда байқалады.
Тірі паротиттімоновакцинациясына немесе ҚҚП-ға қатерсіз түрде өтетін серозды менингитке асқынуы мүмкін.
БЦЖ енгізгендегі поствакциналық асқынуларға ерекше назар аудару қажет, оған жергілікті сипаттама тәні:
1. регионарлылимфааденит (екпеден 2-3 ай өткен соң мойын, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғаяды);
2. теріасты суық абцесс (вакцинаны тері астына енгізу техникасы бұзылғанда немесе жоғары дозаны енгізгенде – асептикалық инфильтрат дамиды);
3. беткей жара;
4. келоидты тыртық (тері бетінен көтеріліп тұратын дәнекер тіндік түзіліс);
5. лимфа түйініндегі диаметрі 10мм-ден жоғары кальцинат;
6. сүйек жүйесінің зақымдалуы (түтікті сүектердің зақымдануы басым оститтер). Клиникалық көрінісі сүйек туберкулезі сияқты;
7. терінің жүйелі қызыл жегі түріндегі зақымдалуы (өте сирек болады);
8. жалпы ауыр ауру түрінде әртүрлі органдар мен жүйелердің зақымдануымен өтетін жайылған БЦЖ-инфекциясы. Өте сирек иммундықтапшылығы бар балаларға вакцинация жүргізгенде байқалады.
Вакцинациядан кейінгі асқынуларға күдік туғанда немесе диагноз нақты қойылғанда дәрігер міндеті:
1. науқасқа жедел медициналық көмек көрсетуге, қажет болса стационарға жатқызуға;
2. алғашқы анықталған күні мемлекеттік эпидемиологиялық бақылаудың аймақтық мекемесіне жедел хабарландыру жіберу (форма 058/у). Кейіннен стационарда ол диагноз нақтыланады немесе жоққа шығарылады;
3. вакцинациядан кейінгі асқынулар балалар мекемесіне бармайтын балаларға- баланың даму тарихына (форма 112/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у), ал балалар мекемесіне баратын балаларға -баланың медициналық картасына (форма 026/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у) тіркеледі).
- алғашқы симптомдарында аллергенді енгізу тоқтатылады немесе укол орыннан жоғары бұрама салынады;
- балаға адреналиннің 0,1% - 0,5 мл ерітіндісінің инъекциясы жасалып, дененің бұл жеріне суық қойылады;
- бұлшық етке немесе венаішінегидрокортизон немесе преднизолон енгізіледі;
- қанға гистаминге қарсы препараттардың (супрастин) түсуі қамтамасыз етіледі;
- балаға таза ауаның келуіне жағдай жасайды, ал егер сырқат тұншықса – жасанды тыныс алу (ЖТА) шаралары жасалады;
- баланың жай-күйінің жақсаруына қарамастан тамыр соғысы мен артериалды қысымы бақыланады.
Анафилактикалықталу ұстамасынанжәнеалғашқыкөмеккөрсеткенненсоңемді стационар жағдайында 12-14 тәулікбойынажалғастырукерек.