Зәрдің салыстырмалы тығыздығы Өмірінің 1-ші күні 1008-1018 6 айға дейін 1002-1004 6 ай-1 жас 1006-1016 3-5 жас 1010-1020 7-8 жас 1008-1022 10-12 жас 1011-1025 Зәр тығыздығының көлеміне құрамындағы ақуыз, глюкоза және басқа да заттар әсер етеді. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, гипофизарлы жеткіліксіздікте және басқа ауруларда байқалады. Зәр тығыздығының жоғарылауы көп сұйықтық жоғалтқанда дамиды. - Зәр тығыздығының көлеміне құрамындағы ақуыз, глюкоза және басқа да заттар әсер етеді. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, гипофизарлы жеткіліксіздікте және басқа ауруларда байқалады. Зәр тығыздығының жоғарылауы көп сұйықтық жоғалтқанда дамиды.
- Зәр тұнбасында қалыптыда 1-2 жалпақ эпителий анықталады. Қабыну үрдістерінде бұл көрсеткіш өседі.
- Цилиндрлі эпителий жасушалары бірен-саран кездеседі.
- Эритроциттер: көру алаңында 0-1, қыз балаларда 2-ге дейін болады.
- Лейкоциттер де қалыпты зәрде көру алаңында 5-6. Гиалинді және воск тәрізді цилиндрлер сау адамдарда физикалық күштеме кезінде анықталады.
- Ақуыз зәрде физикалық күш түскенде, қабынулы және созылмалы бүйрек ауруларында, мембраналық фильтрдің өткізгіштігі жоғарылағанда анықталады.
- Глюкоза зәрде көмірсу алмасуы бұзылған кезде анықталады. Кетонурия жиі құсу кезінде, зат алмасу бұзылғанда байқалады. Зәр мөлшерінің көбеюі (полиурия) қант диабеті, созылмалы нефриті бар науқастарға, ісіну қайтқанда, қызба ауруларынан кейін байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |