Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,93 Kb.
#94647
1   2   3   4
Байланысты:
nyuton-zandary

Ньютонның екінші заңы


Ньютон екінші заңы - материалдық нүкте импульсінің уақыт бойынша бірінші туындысы нүктеге әсер ететін барлық күштердің қосындысына теңдігі туралы механиканың заңы.
дененің импульсі, — уақыт, а — уақыттың туындысы .
Біз күшті бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттайтынжөне олардың езара әрекеттесуінің өлшемі болып табылатын векторлык физикалық шама, ал массаны дененің инерттілігінің сандык сипаттамасы ретінде анықтадық.
Жүргізілген тәжірибелер негізінде дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасындағы ~ ( m = const кезінде) және кез келген дененің үдеуі мен оның массасының арасындағы a ~ (Ғ= const болғандағы) байланыстарды қарастырдық. Исаак Ньютон осындай бақылаулар мен тәжірибелерді қорытындылай отырып, механиканың ең іргелі заңдарының бірін тұжырымдады.
Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші кушке тура, ал массасына кері пропорционал:
Ньютонның екінші заңының формуласын
түрінде жазу әрі қолдану едәуір ыңғайлы. Өйткені формуланы осылай жазу кезінде, теңдеудің бір жағында қозғалыстағы денеге қатысты шамалар, ал екінші жағында оған әрекет ететін күш қарастырылатын болады.
Егер денеге бірнеше күш әрекет етсе, онда теңәрекетті күшті іздеуіміз керек. Күш векторлық шама болып табылатындықтан, жалпы түрде:
аламыз, мұндағы — теңәрекетті күш. Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады. Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы мен бағытын анықтайтыны шығады.
Ньютонның екінші заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі. SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Ньютон (Н) — бұл массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с2 үдеу тудыратын күш: 1 Н = 1 кг • м/с2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет