3 зертханалық жұмыс. Параметрлі цикл операторы.
Мақсаты:Параметрлi қайталану операторының жазылуы мен пайдаланылуын меңгеру.
Теориялық бөлім
Қайталанатын әрекеттердiң саны алдын-ала белгiлi болғанда for операторы пайдаланылады. Бұл оператор параметрлi қайталану деп аталады, себебi, қайталану саны параметр немесе басқарушы айнымалы деп аталатын айнымалының мәнiмен басқарылады. Бұл айнымалыда қайталану саны көрсетiледi.
Жазылу форматы:
1. Өсу ретімен (s1<s2): for циклдiң параметрi:= s1 to s2 do
оператор;
2. Кему ретімен (s2>s1): for цикл параметрi:= s2 downto s1 do
оператор;
Мұндағы: s1, s2 - параметрдiң бастапқы және соңғы мәндерi;
For … do - циклдiң тақырыбы;
<оператор> –цикл денесi.
Цикл денесi жай немесе құрама оператор болуы мүмкiн. Қайталанатын әрекеттер саны бірден көп болса, цикл денесi құрама оператор болады.
For операторы мынаны анықтайды:
- параметрдiң өзгеру аралығын және цикл денесiнiң қайталану санын;
- параметр мәнiнiң өзгеруiн ( to-өсу, downto-кему);
FOR операторы параметр барлық мәндерiне ие болып бiткенше, цикл денесiнiң орындалуын қайталайды.
Егер s2>s1 болса, цикл денесi (s2-s1+1) рет орындалады.
Егер s1>s2 болса, цикл денесi орындалмайды.
Циклдiң параметрi тек бүтін мәнді ғана қабылдайды.
1 жаттығу. Әр түрлi 5 сан енгізіп, олардың квадратының қосындысын және сандардың көбейтіндісін табу.
Берілгендерді төмендегідей индентификаторлармен (айнымалы-лармен) белгiлеймiз:
i-циклдiң параметрi; х-енгізілетін сан;
kv-санның квадраты; s-қосынды; р-көбейтінді.
program param1;
var i:integer; s, x, p, kv:real;
begin
s:=0; р:=1;
for i:=1 to 5 do
begin
write( ‘ сан енгіз ‘);
readln (x); kv:=sqr(x); цикл денесі 5 рет
writeln (‘x=’,x, ‘kv=’:20,kv); қайталанады
s:=s+ kv; р:=р*х;
end;
end.
Бағдарламаны жұмысқа қосып, орындаңыз.
Тапсырма:
1. Функцияның мәнiн есепте.
а) у =х2 –1, х[-5;15]; б) z=, у [7;-5];
2. Өрнектiң нәтижесiн есептеу бағдарламасын құр.
а) а=5+6+7+..20 б) z= ; в) k=; г) р=210
3. берiлген санның факториалын есепте N!=1*2*…*(N-1)*N
4.1-ден n-ге дейiнгi сандардың квадраттарының қосындысын табу.
5. Бір сөз енгізіп, оны рет санымен бірге 15 рет шығар.
№3 практикалық жұмыс.Көпмүшені есептеудегі арифметикалық алгоритмдер.
г) y=; д) z =; х [-10;10];
339. 1!+2!+3!+ ... +n! қосындысын тап. (n мәні клавиатурадан енгізіледі 1
340. 1++++…+ қосындысын тап. Мұндағы k!=1∙2∙3∙…∙k (n мәні клавиатурадан енгізіледі 1
Достарыңызбен бөлісу: |