Тақырып бойынша сұрақтар тізбегі:
Кез келген кесте неден құралады?
Кестелерді редактілеу операциясына ұяшықтардағы қандай жүргізілетін әрекетттер қатысады?
Ұяшықтардың арасында жылжу үшін қандай пернесі пайдаланылады?
Кестені редактілеу үшін қандай маркерлері қолданылады?
Жылжыту маркері кестенің қай бұрышында орналасқан?
Кестенің өлшемін өзгерту маркері қай бұрышта пайда болады?
Кестеге элементтер қосудың тәсілі?
Кестенің енін және жолдың биіктігін бірнеше тәсілмен өзгеруге болады.Қарапайымның тәсілі қандай?
Microsoft Word 2007 бағдарламасында қандай терезеге біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар?
Кестелерді пішімдеу үшін қандай стиль функциясы пайдаланылады?
Оқушыларға арналған әдебиет:
1. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов «Жаңа ақпараттық технология» Информатикадан 30 сабақ, Алматы ИНТ, 2003
2. «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Есжанов А.Е., Тәжіғұлова Ә.І., Тюлеев Т.К. Алматы, 2007 ж.
Өз бетемен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал.(Пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар,әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар).
Тақырыбы: Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс.
Сабақтың мақсаттары: Кесте ұғымын түсіндіру, кестелерді даярлап үйрену, тор сызықтарды бинелеу, кестелерді баптау, конструккор мен макетпен жұмыс жасау
Оқыту мақсаты-Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту
Тәрбиелеу мақсаты-адамға деген мейірімділікті сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілік: Мультипроектор: Демонстрациялық материал
Презентация.Microsoft Power Point,Movie Maker програмалары.
Сабақтың жоспары:
1.Слайдтарды қарау
2.Терминдерді талдау
Достарыңызбен бөлісу: |