Білімділік:ақыл-ой мен сезім талғамының арқасында адамның саналы жан иесі ретінде басқа тірі табиғаттан ерекшеленетінін тереңдете отырып,өз еліміздегі және әлемдік деңгейдегі мәдени-тарихи мұралармен таныстыру
Дамытушылық:Әлемнің жеті кереметі туралы толық мәліметтер алу,оларды неліктен «керемет» атау себебі,әр елдің жеті кереметі бар екенін білу,оқу,көру,адам ақыл-ойының арқасында керемет нәрселерді жасай алатынына көз жеткізу,тарихқа көз салу,жаңа білімді өздерінің меңгеруіне жағдай туғызу,өзін-өзі бағалай алу,ақпараттық технологияны тиімді қолдана алу біліктерін дамыту.
Тәрбиелік:оқушылардың мақтаныш,таңдану,әсемдік сезімін,талғамын тәрбиелеу,қоғамдағы тарихи мұраларды қорғауға,сақтауға жауаптылықпен қарауға үйрету
Сыныбы:4 «В»
Білім беретін мекеменің толық атауы:«№ 24 «А» бастауыш қазақ мектебі» ММ
Жоба авторының аты-жөні:Ергалиева Ментай Амановна
Қызметі:бастауыш сынып мұғалімі
1-7 беттер.Әлемнің 7 кереметі.
Осы 1-ден 7 бетке дейінгі флипчарттармен жұмыс жасау үшін «бейнеролик» белгісіне шерткенде,сол бейнероликті көруге болады,ал бейнеролик туралы толық мәліметті «ворд» парағынан көруге болады.
ФЛИПЧАРТ№1.1-бет.Александрия манары
2-бет Родос алыбы
3-бет.Галикарнас кесенесі
4-бет.Мысыр пирамидалары
5-бет.Зевс мүсіні
6-бет.Артемида ғибадатханасы
7-бет.Семирамиданың аспалы бағы
8-бет,9-бет,10-бет.Қазақстанның 7 кереметі.
Осы беттегі флипчарттармен жұмыс жасау үшін оюларды «сиқырлы сиямен»сүрту керек.Сол оюларға жасырынған суреттерден Қазақстанның 7 кереметін таба отырып,артық суретті атаулары керек.Ал қалған 7 керемет туралы мәліметті суреттердің үстіне меңзерді баса отырып,алуға болады.
ФЛИПЧАРТ №1. 11-бет.КУБИК-ТЕСТ.Осы тапсырманы орындау үшін «құралдар»панеліне кіріп, «математикалық құралдар» сосын («метатель кости») кубикті лақтырған кезде ондағы нүктелерге сай тапсырмаларды сергіту ойын ретінде ауызша орындайды.
ФЛИПЧАРТ №2.«Жұмыртқа тест»Әр бала тест жұмысын қарай отырып,дұрыс жауапты жұмыртқаны баса отырып,көрсетеді. Аты-жөні: Ергалиева Ментай Амановна
Қызмет орны:Қостанай қаласындағы
№ 24 «А» бастауыш қазақ мектебі
Мамандығы:Бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық стажы:17 жыл.
Біліктілік санаты:жоғары деңгейдегі ІІ- санат.
Сабақ беретін сыныбы:4 сынып.
Қолданылған технология:«Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы».
«Шекарасыз оқу»заманауи білім беру орталығы
(Монреаль,Канада)
Осы жобамен жұмыс жасап жатқанымызға биыл үшінші жыл.Осы үш жыл ішінде қашықтан меңгеру сабағын мүмкіндігінше күнделікті қолдануға тырысамын.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар оқушылардың білімді өздерінің меңгеруіне мүмкіндік береді.Сондықтан сайысқа осы сабақтың түрін алып отырмын.Сабақта құзыретті тұлға қалыптастыру,деңгейлік жұмысты көрсету мақсатында морфологиялық карта,сабақ жоспары,классификатор,бағалау парағы беріліп отыр. Қолданылған әдебиеттер:1.Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы.
Құрастырушы: Рудик Г.А.,профессор,педагогика ғылымдарының докторы,техника ғылымдарының кандидаты. 2010 жыл
2.Қазақстанның жеті кереметі.Самашев З. Алматы – 2006 жыл.
3.М.К.Естұрсынова,Ш.С.Набидоллина. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. Астана – 2007 жыл.
4.Интернеттегі қажеттті басылымдар
5.Дүниетану оқыту әдістемесі. К.Ж.Жүнісова,Ә.Б.Бірмағамбетов,Қ.А.Аймағамбетова,
И.Н.Нұғыманов,Қ.М.Жүкешев. Алматы «Атамұра» - 2011. Қолданылған әдістер:ақпаратты сызба-бейнелер түрінде көрсету,конспектілеу және конспектінің құрылымы,монокластер.
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ КАРТАСЫ
Оқулықта берілген сабаққа мазмұндалған ақпарат
№
Сабақтың тақырыбы
1.1.Өмірде қажетті ақпарат
1.1.1 Басқа пәндерде кездесетін ақпарат
1.1.1.1 берілген пәнді әріқарай оқу үшін қажетті ақпарат
Әлемнің жеті кереметі туралы толық мәліметтер,оларды неліктен алу себебі,әр елдің жеті кереметі бар екенін білу,оқу,көру,адам ақыл-ойының арқасында керемет нәрселерді жасай алатынына көз жеткізу,әр елді таныту жолдары,тарихқа көз салу,тарихи-мәдени мұраларды қорғау жолдары.
2.2..а) «Қазақ елі» монументі туралы ақпаратты сызбаға толтыруды ұсын.
Өрмекші аяқшаларының сызбасын толтыр.
Оқулықтағы,интерактив тақтадағы сурет-мәліметті жетекшілікке ал.Қағидаларға байланыс орнат: (бейнероликті мұқият қара)ФЛИПЧАРТ№1. 1-ден 7-ші бетке дейін көрсетіледі.