1-жүргізуші: Таңы да сұлу секілді бұрынғыдан,
Жүрегімді тербейді бүгін бір ән!
Тұлпардаймын бәйгеге қосылатын
Қайтіп қана көңілдің туын жығам?!
2-жүргізуші:Қала, дала жайнап тұрған гүл болсын
Аман болып әрқашанда жол болсын!
Ел байлығын оқуменен жасайтын
Студенттер, мереке құтты болсын!
3-жүргізуші: Жорғаң дайын, жортам десең – жол алда,
Ойға алғанды орындап бақ ояуда,
Ұшу керек, ұшу керек үнемі,
Мына дүние жеткізбейді жаяуға!
ҮШЕУІ БІРДЕЙ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, ДОСТАР!
1-жүргізуші: 1-курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдануларыңызбен шын жүрекпен құттықтай отырып, кешімізді АЙС КРИМ ШОУ форматында жалғастыру үшін микрофонды әріптестеріміз Асылхан мен Жандосқа ұсынамыз!
2-жүргізуші: До новых встреч, друзья! 3- жүргізуші: See you soon, friends!