Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің



Дата14.05.2020
өлшемі27,78 Kb.
#68479
Байланысты:
А.Құнанбаев және М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі
А.Құнанбаев және М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі, А.Құнанбаев және М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Тақырыбы: «А.Құнанбаев және М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі».

Орындаған: 217к тобы студенті А. Манат

Пән оқытушысы: Г. Балабаевна

Нұр-Сұлтан 2020 ж.


Жоспар:

І. А.Құнанбаев отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі



1.1. Педагогикалық көзқарасы. 

1.2. Отбасындағы ата-ана рөлі

ІІ. М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі

2.1. Педагогикалық оқулықтары

2.2. Мағжан  Жұмабаевтың  педагогикасының мақсаты, отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы ойы.

А.Құнанбаев және М.Жұмабаевтың отбасы тәрбиесінің жағдайлары туралы қосқан үлесі

Педагогикалық көзқарасы. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.

Отбасындағы әке рөл

Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екенін атап көрсетті. Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеу үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық. Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» - деп, ойын-сауықты қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке салынып босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата-ананың ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алуы керектігін еске салады. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі, еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй райысқа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел көзіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады.

Отбасындағы ана рөлі

Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерледі. Ананы өз баласының алғашқы, ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайлық өмірге балғын шақтан әзірлеу керектігіне назар аударады. Қыз күнінде ұқыпты, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қаракетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынды. Халық тәрбиесінде абзал аналар ес біле бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», - деп, жар таңдағанда тәрбиелі, жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағалай біл, өмірлік жолдас ет деген аса құнды пікір айтты. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өз қызы Күлбаданды қала мектебінде оқытумен қатар, қазақ қыздарының сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеруі керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштыртып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды.

Қазақ халқында  да осындай оқу- ағарту ісінде еңбек еткен  ұлы тұлғаларда болды.  Соның бірі де алаштың маңдайына біткен азаматы, өз заманың қайталанбас  бір турар  тұлғасы,халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы ақын- Мағжан Жұмабаев еді.

М. Жұмабаев өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде  нағыз  поэзия  биігіне самғаған,оның асқар  асуларынан  өлшеусіз нәр алған біртуар зиялы қайраткер бола білген. Мағжан алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге  жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған жоқ.Мағжан жүректің  қобызын шерте білген ақын.

Мағжан не жазса да сырлы көркем сәнді жазды. Мағжан – елдің патриоты, қазақ баласы.Мағжан  тұңғыш педагогикалық  оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі»1925, «Сауатты бол» 1926, « Педагогика» 1922 атты  оқулықтары  педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш  мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша  бала тілін дамыту үшін  жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар  дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев  ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде  ана тілі  әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі  мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан  хат таныту болса, екінші жақтан  баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және  баланы  түсініп,  ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.

Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика  ғылымын жан – жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін  беруде  таптырмас  көмекші құрал ретінде қалдырған.

Мағжан  Жұмабаевтың  педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық  тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі. Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді.  Оқу, жазуға үйрету, емлеге  дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша  және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор  осы тәрбиенің төрт  түрін  тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді:  Егер адам баласына осы төрт  тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала  берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды  болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан  жаны жиреніп,жақсылықты жаны  тілеп тұратын құлықты болса ғана  адам  баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген  ата-ана  осы  төрт тәрбиені дұрыс  орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.

Мағжан Жұмабаев өзінің  мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын « Құлық сезімдері» деген бөлімде  одан әрі дамыта түседі.Ол қазақ халқына  басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. « Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. « Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында  құрбан бола білсін»,- дейді. Ол қазақ халқын өнер – білімге  тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ.Ең алдымен өзінің өлеңдерінде  халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

Педагогика пәнін ол 5-ке бөліп қарастырды: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм  жан күштерін  тәрбие қылу жолдарын  көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі  жолдарын көрсетеді.3. Методика . Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді  қалай оқыту керек екендігін үйрететін  пән қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару.Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.5. Педагогика  тарихы . Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.

Мағжанның Педагогика  оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана – сезімге жақын этнопедагогика, психология  принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 – шы жылдарда педагогикалық – психологиялық тракттата айтылған ойлар  бүгінгі тәуелсіз  мемлекетімізді дамытуда , әсіресе  ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық –тәлімгерілік  идеялары біз үшін өте құнды дүние.Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты,әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады.Мағжанның  ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында  ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол :

Басқа жұрт аспан –көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр ,-дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенді.Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттары бұдан әлдеқайда биік.Туған  халқы туралы айтқанд, оның кешегі өткен жолын еске алады,оны бүгінгі жағдайымен салыстырады.Оныменде шектелмей,ақын жалпы түріктік идея көтереді.Түрік тектес халықтардың бәрінің болашағынан  үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.



Автордың туған  халқының тәлім – тәрбиелік  бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі-деп жазды ол,-баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиіс. Сол  ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген.

Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагоиканың жан сырын терең зерттейтін психология ғылымы мен  байланыстыра қарастырып,қазақтың халық педагогикасын ғылыми  тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың  тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды  дүниелер қалдырып кеткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет