19
уақытты енгізу керек. Оқу процесіне қатысты ағымдағы жыл шеңберіндегі
эксперимент үшінші тоқсаннан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.
Эксперименттің күтілетін нәтижелерін бағалау критерийлері
эксперимент басталғанға дейін анықталып, оның мақсаты мен міндеттерімен
байланыстырылуы керек.
Нәтижелілік критерийі.
Мысалы, егер
эксперимент пәні оқыту әдістемесі болса, онда оның нәтижелері:
а) не сол мұғалімнің бұрынғы нәтижелерінен жоғары;
б) не осы өңірдің білім беру ұйымдары үшін орташадан жоғары;
в) немесе оңтайлы, яғни нақты балалар үшін мүмкін болатын ең
жоғары.
Уақыт критерийі.
Өйткені уақыт – еңбек тиімділігінің әмбебап
көрсеткіші.
Сараптамалық бағалауда ең бастысы – сыни ескертулер мен сындарлы
ұсыныстар. Эксперимент бағдарламасына шолу келесі аспектілерді
бағалайды:
- Эксперимент бағдарламасы мазмұнының толықтығы.
- Тұтастық (бағдарлама бөліктерінің қисындылығы, өзара байланысы
және бірізділігі).
- Қателіктер, кемшіліктер, жетімсіздік.
- Бағдарламаға ұсыныстар, жаңа идеялар, толықтырулар.
- Сараптамалық қорытынды (бағдарлама жарамды және жүзеге
асыруға ұсынылады; айтылған ескертулер бойынша пысықтауды қажет
етеді; жарамсыз).
Эксперимент барысы арнайы күнделіктерде тіркеледі, олар
эксперименттік жұмыс субъектілері мен объектілерінің бақылаулары мен
жұмыс нәтижелерін бағалаудың күнделікті немесе апта сайынғы (кезеңдік)
жазбалары болып табылады. Эксперимент процесі мен нәтижелерін бақылау
үшін тексерілетін әдістеменің, құрылымның, технологияның, педагогикалық
техниканың тиімділігі анықталатын критерийлерді нақты анықтау қажет.
Бұл ретте осы өзгерістердің нақты кімге – мұғалімдерге, білім алушыларға,
білім беру ұйымдарының басшыларына жататыны және алынған
нәтижелердің қолданылу аясы қандай екені көрсетіледі.
Эксперименттің
теориялық
маңыздылығын
бағалау
кезінде
қолданыстағы дидактикалық және педагогикалық теорияларды толықтыра
алатын идеялардың жаңалығы анықталады. Осылайша, білім берудің жаңа
мазмұнында эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуді
практикалық іске асыру экспериментке қатысушылардың да, білім беру
ұйымының барлық педагогикалық ұжымының да жеке және кәсіби
жауапкершілігін көздейді. Эксперимент нәтижелерін ресімдеу есебі,
конференцияда сөз сөйлеу, журналдағы мақала, брошюрада сипатталған
әдістеме, әдістемелік құрал және басқа да оқу–әдістемелік басылымдардың
түрлері бойынша орындалы.
Достарыңызбен бөлісу: