Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің


II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ҮЙРЕТУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ



бет9/11
Дата22.04.2020
өлшемі64,45 Kb.
#64139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Kursovoi 774 docx

II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ҮЙРЕТУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту.

Сурет салу кезінде балалардың ойлауы, қиялы, ұсақ қол моторикасы, көру және қозғалыс анализаторлары, тілі, сондай-ақ түсті, пішінді, ритмді ажырата алу қабілеттері дамиды. Суретте бала өзінің өмірлік тәжірибесін көрсетеді, өзінің эмоциясы мен сезімдерін жеткізеді.

 Дәстүрден тыс әдістермен сурет салу балалардың шығармашылық қабілеттерін жақсы дамытады, көңілдерін көтереді, шығармашылыққа талпындырады. Ол қиял деңгейлерін дамытуға, ой...ұшқырлығына, танымдық белсенділігі мен ізденгіштік қабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді.

    Мен тәжірибе өткен топтағы балалар естияр тобының балалары болғандықтан, дәстүрден тыс әдістерді өткіздім. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек. Мысалы:  сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйренеді. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала кетейік.

Сурет салудың әдіс тәсілдері:



  • Бастыру

  • Саусақпен сурет салу

  • Далаппен сурет салу

  • Нүктелер арқылы сурет салу

  • Үрлеу немесе түтікше арқылы сурет салу

  • Құммен сурет салу

  • Жіппен сурет салу

 «Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.

 «Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Оны төмендегідей жүргізеді:

- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылады;

- Желім сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағылады;

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстардағы құм себіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет