Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 22
Аңдатпа
Бұл жобада электр зарядтарының қасиеттері мен олардың таралуы және электростатика өрісінде болатын құбылыстар қарастырылады.
Күнделікті өмірде пайда болатын электр құбылыстарын зерттеу және физикалық құбылыстар мен заңдармен қарым-қатынастарын анықтау
Денелердің электрленуінің пайдалы, зиянды жақтары және электр зарядтарының зиянды әсерлерінен қорғану.
Аннотация
Этот проект исследует свойства и распределение электрических зарядов и явлений в электростатическом поле.
Изучение электрических явлений в повседневной жизни и выявление связей с физическими явлениями и законами
Защита от вредного воздействия электролиза на организм, полезных и вредных сторон электрических зарядов.
Аnnotation
This project explores the properties and distribution of electric charges and phenomena in an electrostatic field.
The study of electrical phenomena in everyday life and the identification of links with physical phenomena and laws
Protection against the harmful effects of electrolysis on the body, the beneficial and harmful aspects of electric charges.
Тана мырза орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұржанқызы Құралайдың
«Зарядтар қалай таралады?» тақырыбы бойынша жүргізілген
ғылыми жоба жұмысына
ПІКІР
Қазіргі кезде «үйкелістен электр құбылысын алуға» - тыныштықтағы электрге көп назар аударылып отыр. Денелердің электрленуін бақылау және оны техникада қолдана білу өте қажет, өйткені үйкелістен кейін денелердің электрленетіні байқалады.Үйкелуші беттердің зарядталған учаскелерінің арасында ұшқын пайда болады. Ол біздің барлық жерде: үйде, автокөліктерде, жұмыс кезінде, шашты тарау кезінде, кез-келген заттармен және синтетикалық киімді шешкенде де байқалады.
Біздің заманауи өмірімізде күшті электр өрісі жиі пайдаланылады, синтетикалық материалдардың қазіргі кезде көбірек пайдалануымыздың нәтижесінде күшті электр өрісі таралады, өйткені синтетикалық заттардың электр зарядтарын жинақтау қабілеті жоғары болғандықтан, олардан қорғану жағдайын білу көбірек қажет .
Бізге қарапайым сияқты болып көрінгенімен электр зарядтарының таралуынан пайда болатын электрлік құбылысты күнделікті өмірде болып жатқан мысалдарды негізге ала отырып, өзіне қойылған сұрақтың шешімін таба білген.
Бұл құбылыс адам баласына, яғни бізге қаншалықты қалай әсер етеді? Және оның біздің өмірімізде алатын орны қандай? Ол осындай тылсым күштің адамға әсер ететін физикалық құбылысын зерттеуге алған. Қоршаған ортада болып жатқан көп нәрселердің пайымына жету үшін әр адамның ой - түйсігі зердесі болу қажет. Сондықтан да бұл ғылыми жобада қозғаған тақырыбы тыңдаушының қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын.
Пән мұғалімі: Отарбаева Айман Турсыновна
Кіріспе
Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен табиғат деген ұғымды білдіреді.
Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы, судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы-осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.
Денелердің бір – бірімен үйкелісінен туатын ғажап құбылыс электрлік құбылыстар екенін біз 8-сыныптан бері таныспыз.
Қыс күндерінің бірінде машинамен басқа бір жерге барып, машинадан түсіп, машинаның есігін жапқан кезде өзімді ток соққандай болып сезініп, бұның сыры неде екен деген ойға қалдым. Неліктен? деген сұрақпен осындай тақырыпта «Электр зарядтары қалай таралады?» және олардан сақтану жолдарын анықтау үшін мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтерді көбірек білгім келді.
Достарыңызбен бөлісу: |