Э лектр зарядтары және элементар бөлшектер Электр зарядтары не екенін және олардың атомдарға қандай қатынасы болатыны, тек қана кейін атомның күрделі құрылымы ашылып, элементар бөлшектердің қасиеттері зерттелгенде анықталады. Қазіргі түсінік бойынша электр зарядтарының элементар бөлшектерден тыс болмысы жоқ. Масса сияқты электр заряды - элементар бөлшектің сипаттамасы, қасиеті бөлшек массасы - басқа денелермен гравитациялық әсерлесу күштері арқылы өзара әсерлесудің сипаттамасы.
Осы айтылғандарға сәйкес барлық денелердің құрамында екі текті: оң және теріс зарядтары бар. Біртекті зарядтар бір-бірін тебеді, ал әр текті зарядтар бір-бірін тартады. Егер дененің құрамында оң және теріс зарядтардың саны бірдей болса, онда олардың әсері өзара теңеседі, дене нейтралды, бейтарап.
Егер екі денеде таңбалары бірдей зарядтардың артықшылығы болса, олар бір-бірін тебеді.
Егер бір денеде оң зарядтар артық, ал екінші денеде теріс зарядтар артық болса, олар бір - бірін тартады.
Екі бейтарап дене бір- бірімен жанасқанда, таңбалары бірдей зарядтардың бір бөлігі бір денеден екінше денеге ауысуы мүмкін, онда денелер электрленеді. Менің білгім келгені қандай денелер оң қандай денелер теріс зарядталатынын Бұл тәжірибені орындау үшін физика кабинетінің электроскоп құрылғысын қолдандық. Осы жұмыстың барысында тері, әйнек, кристалл, қымбат тастар оң зарядталғанын білдік. Теріс зарядталған: резеңке, пластмасса, жібек, қағаз. Металдарға қарағанда күміс, алюминий, мыстың электр өткізгіштігі жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |