АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ. Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. 1.Адамның шығармашылық қызметін түйсіктің (инстинкт) көрінісі ретінде бағалаған философ:
A)Ф. Шеллинг
B)И. Ньютон
C)А. Тойнби
D)З. Фрейд
E)О. Шпенглер
2. Адамдардың өзара әрекеттесу формасы, өзара ақпарат алмасу және эмоциялық қатынас актісі:
A)коммуникативті
B)перцептивті
C)құпиялылық
D)қарым-қатынас
E)төте жүздесу
3. Қоғамдағы адам қарым-қатынасының интерактивті жағы:
A)пайымдау, ескеру
B)ұйымдасу, топтасу
C)өзара әрекеттесу, әсер ету
D)біріктіремін, байланыстырамын
E)қабылдау, бағалау
4. А.Маслоу пирамидасындағы төртінші қажеттілік:
A)Өзін-өзі көрсету
B)Әлеуметтік
C)Өзін қорғау
D)Тұлға ретінде танылу
E)Физиологиялық
5. 1789 жылы тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған мемлекет:
A)Франция
B)Испания
C)Италия
D)Польша
E)Англия
6. «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деген Конституция бабын анықтаңыз:
A)34
B)38
C)29
D)25
E)31
7. Қазақстан Республикасының атқарушы органы:
A)Парламент
B)Министрлік
C)Жергілікті мемлекеттік басқару
D)Конституциялық Кеңес
E)Үкімет
8. Жоғарғы биліктің заң күші бар қаулысы, мемлекет немесе үкімет басшысының шығарған нормативтік актісі:
A)декларация
B)декрет
C)қаулы
D)манифест
E)меморандум
9. Денсаулық сақтау құқығы көрініс тапқан Конституцияның бөлімі:
A)Жалпы ережелер
B)Парламент
C)Қорытынды және өтпелі ережелер
D)Үкімет
E)Адам және азамат
10. Жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болатын және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс беретін жасы:
A)18 жастан бастап
B)17 жастан бастап
C)15 жастан бастап
D)14 жастан бастап
E)16 жастан бастап
11. Сапалық тұрғыдан жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасап жатқан адамның қызметі:
A)Саяси
B)Өндірістік
C)Әлеуметтік
D)Экономикалық
E)Шығармашылық
12. Адамдар арасындағы еңбек үдерісінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ой, ақпарат, идеялар алмасуының жүзеге асырылу қарым-қатынасы:
A)коммуникативті
B)перцептивті
C)бейресми
D)интерактивті
E)ресми
13. Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы:
A)он жеті
B)он алты
C)жиырма
D)он тоғыз
E)он сегіз
14. «Халық дегеніміз-белгілі бір жағдайлармен бірігіп қалған адамдардың кез келген жиынтығы емес, құқық және мүдделердің ортақтығы мәселелерінде келісіп, бірге әрекет ете алатын адамдардың жиналуы»-деген римдік ойшыл:
A)Вергилий
B)Гораций
C)Цицерон
D)Цезарь
E)Ливий
15. Қазақстан Республикасының екі палатадан тұратын өкілетті органы:
A)Парламент
B)Министрлік
C)Конституциялық Кеңес
D)Жергілікті мемлекеттік басқару
E)Үкімет
16. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мәдениеттің өмір сүру формасы:
A)болжау
B)дәстүр
C)наным
D)әрекет
E)сенім
17. Демократиялық қоғамдағы биліктің қайнары:
A)саяси режим
B)территория
C)халық
D)конституциялық кеңес
E)үкімет
18. Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанды қорғауы:
A)Рухани борышы
B)Саяси бағыты
C)Қасиетті парызы
D)Қоғамдық өтініш
E)Өзін қорғау құқығы
19. «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті» деген Конституция бабын анықтаңыз:
A)37
B)27
C)31
D)35
E)22
20. Толық әрекет қабілеттілігі пайда болады:
A)17 жаста
B)18 жаста
C)14 жаста
D)15 жаста
E)13 жаста
A)2010 ж.
B)1993 ж.
C)1995 ж.
D)1991 ж.
E)1992 ж.
22. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды
A)1946 жылы
B)1945 жылы
C)1919 жылы
D)1947 жылы
E)1942 жылы
23. 1 және 2 суреттерде бейнеленген халықаралық ұйымды анықтаңыз:
A)Біріккен Ұлттар Ұйымы
B)Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
C)«Ислам конференциясы» ұйымы
D)Ислам Ынтымақтастық Ұйымы
E)Халықаралық Еңбек Ұйымы
24. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған қала
A)Париж
B)Варшава
C)Хельсинки
D)Сан-Франциско
E)Нью-Йорк
25. Eкінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ құрылған ел
A)Ұлыбритания
B)АҚШ
C)Финляндия
D)Франция
E)Куба