Нұсқабай Алмас Жм – 706



Дата07.02.2022
өлшемі17,77 Kb.
#95440
Байланысты:
Нұсқабай Алмас 3 тақырып


Нұсқабай Алмас Жм – 706
21.09.2020ж
Ситуациялық есеп №2
19 жастағы студент, клиникаға келесi шағымдармен келдi: iрi буындарының, қол аяқ бұлшықеттерiнiң ауыруы, субфебрильдi қызба, құрғақ жөтел, шаштарының түсуi.
Анамнезiнен: 6 ай бұрын жедел вирустік респирациялық аурудан кейiн жоғарыдағы шағымдары дамыған, қызба басатын дәрмектер қабылдаған. Соңғы бiр айда жағдайы төмендеп, қызбасы тұрақты түрде болған.
Объективтi: екi бет ұшы мен мұрын қырының терiсiнде қабыршақтанған қызғылт таңба бар. Қол саусақтары ұшының капиллярлары кеңiген, перифериялық лимфалық түйiндері 0,5-1,0 см дейiн үлкейген, ауырмайды. Буындары өзгерiссiз. Өкпесiнде везикулалық тыныс, оң жақ қолтық астында шектелген аймақта плевраның үйкелiс шуы естiлдi. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, ЖСЖ 102 рет/мин. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы үлкеймеген.
Сұрақтар:
1.Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3.Негізгі диагнозын дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
Жауабы:

  1. Синдромдар

      • Интоксикациялық синдром

      • Дермопатия

      • Миокардит

      • Лимфа бұзылысы

      • Плевра бұзылысы

      • Тахикардия(ЖСЖ өте жиі)




  1. Диагнозды құрастырыңыз:

Басты диагноз: Жүйелі қызыл жегі. Лимфоаденопатия. Полиартрит
3)Лабораториялық зеттеулер:
Қанның жалпы анализі
Иммундық бұзылыстар белгілері LE жасушалары (жүйелі қызыл жегі жасушалары) 1000 лейкоцитке шаққанда 5 тен артық саны.
Кеуде аймағы ағзаларының рентгенографиясы,ЭХО-КГ, Реберг пробасы.


4) Жүйелі қызыл жегінің емі:
Циклофосфан флаконы 200мг аптасына 2 рет
Преднизалон 4-5 апта 40мг тәулігіне салмақ дәрежесіне байланысты
Метотрексат 20 мг жұлын каналына 2-3 апта бойы. Ауыр жағдайды науқастарға
Метилпреднизалон 1000мг 3 күн қатарынан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет