Жұмыстың мақсаты - топырақтың сіңіру қасиетінің түрлерімен танысу.
Тапсырма: әрбір тәжірибеде сіңіру қасиетінің түрін анықтау. Өз тұжырымдарын дәлелдеу.
Құрал-жабдықтар: құйғыштар, 250 мл-ге колбалар, пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, қиыршық тас, құм, ұсақталған қарашірінді, саздақ.
Ерітінділер - қарашіріндінің суспензиясы, сиялар, фенолфталеин, NaOH, KCl, (NH4)2C2O4, BaCl2, (NH4)2CO3.
Топырақтың қатты фазамен жанасатын қатты, сұйық және газ тәрізді заттарды сіңіру қасиеті топырақтың сіңіру қабілеті деп аталады.
Топырақтың сіңіру қабілеті әртүрлі себептермен анықталады. Сіңіруді анықтайтын себептерге байланысты К.К. Гедройц топырақтың сіңіру қабілетінің келесі типтерін көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |