Нұсқаулар Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



Дата19.01.2020
өлшемі35,35 Kb.
#56121
Байланысты:
adam. o am. y

АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасында заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган:

A) Мәжіліс

B) Сенат

C) Конституциялық Кеңес

D) Парламент

E) Мәслихат

Дұрыс жауабы-D

Оқулық:: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 145-бет

Қазақстан Республикасының Парламенті-Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган.
2. Сенат өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған депутаттарының саны:

A) 7


B) 9

C) 15


D) 8

E) 12


Дұрыс жауабы-С

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 145-бет

Сенат өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған он бес депутаттан тұрады.
3.Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі (жыл):

A) 5


B) 4

C) 7


D) 2

E) 6


Дұрыс жауабы-Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 145-бет

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі -6 жыл.
4. Атқарушы биліктің жоғарғы органы:

A) Парламент

B) Конституциялық Кеңес

C) Үкімет

D) Жоғарғы Сот

E) Ассамблея

Дұрыс жауабы-С

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 143-бет.

Үкімет орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады, солардың қызметіне басшылық етеді. Атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне Республика министрліктері мен комитеттері, жергілікті-облыстық, аудандық, қалалық және қалалық-аудандық әкімшіліктер кіреді. Яғни Үкімет- атқарушы биліктің жоғарғы органы.
5. Мәжіліс депутаттарының саны:

A) 98


B) 99

C) 78


D) 85

E)107


Дұрыс жауабы-Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 146-бет

Мәжілістің қазіргі құрамы депутаттарының құрамы партиялық тізім бойынша 98 және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутаттан, барлығы 107 депутаттан тұрады.
6. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерін тағайындайды:

A) Парламент палаталары

B) Республика Президенті

C) Жоғарғы сот

D) Үкімет

E) Халық


Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 146-бет

Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерін Парламент палаталары тағайындайды

7.Ешқандай органның алдында жауапты емес:

A) Сот

B) Парламент



C) Үкімет

D) Конституциялық Кеңес

E) Прокуратура

Дұрыс жауабы-D

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп» ,2013. 148-бет

Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып есептеледі. Олар өздерінің міндеттерін билік тармақтарынан тәуелсіз атқарады. Конституциялық Кеңес те, оның мүшелері де ешқандай органның алдында жауап бермейді.


8.Қазақстандағы басқару нысаны:

А) Президенттік Республика

В) Парламенттік Республика

С) Конституциялық монархия

D) Абсолюттік монархия

Е) Федеративтік республика

Дұрыс жауабы-А

Оқулық:: Жүкешев К.М., Сапарғалиев Г.С., Асанбекова Г.С.

«Адам. Қоғам. Құқық» Алматы «Мектеп» 2013 жыл. 143- бет

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады.


9.Мәслихат депутаты болып сайлана алады:

А) 18 жастан

В) 25 жастан

С) 20 жастан

D) 30 жастан

Е) 45 жастан

Дұрыс жауабы -С

Оқулық:: Жүкешев К.М., Сапарғалиев Г.С., Асанбекова Г.С.

«Адам. Қоғам. Құқық».-Алматы «Мектеп» 2013 жыл. 144- бет

Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы сайлана алады.


10.Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты жасақталады:

А) Үш жолмен

В) Төрт жолмен

С) Бес жолмен

D) Екі жолмен

Е) Алты жолмен

Дұрыс жауабы-D

Оқулық:: Жүкешев К.М., Сапарғалиев Г.С., Асанбекова Г.С.

«Адам. Қоғам. Құқық» Алматы «Мектеп» 2013 жыл. 145- бет

Қазақстан Республикасы парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады. Оның біріншісі әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республиканың маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан; екіншісі Сенат өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған он бес депутаттан тұрады.


11. Елімізде ерекше вето құқығы бар:

А) Президенттің

В) Парламенттің

С) Үкіметтің

D) Мәслихаттың

Е) Конституциялық Кеңестің

Дұрыс жауабы-А

Оқулық:: Жүкешев К.М., Сапарғалиев Г.С., Асанбекова Г.С.

«Адам. Қоғам. Құқық» Алматы «Мектеп» 2013 жыл. 143- бет

Президент парламент қабылдаған заңға қол қояды. Президенттің ерекше вето құқығы бар. Ол құқық бойынша, Президент заңды қабылдамай, әлі жетілдіріп, пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады.


12. Өндірілген өнімді сатудан түскен ақша сомасы:

А) салық


В) дотация

С) үстемақы

D) шығын

Е) табыс


Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.132- бет.

Фирманың шаруашылық қызметінің нәтижесі табыс ретінде анықталады. Яғни табыс-өндірілген өнімді стаудан түскен ақша сомасы. Ол кәсіпорынның пайдасы мөлшеріне тәуелді.
13. Адамның зердесі мен наным-сенімінің, құндылықтық ұйғарымдарының жиынтығы:

А) дүниені сезіну

В) даралық сана

С) қоғамдық сана

D) дүниені қабылдау

Е) дүниені түсіну

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 5- бет.

Дүниені түсіну-адамның зердесі мен наным-сенімінің, құндылықтық ұйғарымдарының жиынтығы. Бұл форма реалды шындықты түсіндіру және практикалық игеру үдерісінде қалыптасады.
14. Ең жоғарғы және абсолютті құндылық:

А) ар-ұждан

В) ақиқат пен шындық

С) құдайдың бар екендігі

D) ақыл-ой

Е) адам және оның өмірі

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 60 -бет.

Құндылықтар мақсатты немесе абсолютті, құралдық, материалдық және рухани құндылықтар болып кездеседі. Алайда құндылықтардың алуантүрлілігіне қарамастан, ең жоғарғы және абсолютті құндылық- ол адамның өзі, оның өмірі.
15. Діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезінде дүниеге келген дүниетаным формасы:

А) философия

В) этнография

С) патриотизм

D) фольклор

Е) мораль

Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам. Қоғам . Құқық. 10 сынып. М. Изотов, А. Нысанбаев. М. Сәбит т.б.-Алматы: «Мектеп».2014. 6 бет

Философия –діни мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде, яғни оның қағидалары мен әдістері табиғи және әлеуметтік шындықты түсіндіруге жеткіліксіз болғанда дүниеге келді.
16. Дүниетанымның даму тарихындағы ең соңғы кезең:

А) дін


В) философия

С) мифология

D) этнография

Е) мораль

Дұрыс жауабы-В

Оқулық: Адам. Қоғам . Құқық. 10 сынып. М. Изотов, А. Нысанбаев. М. Сәбит т.б.-Алматы: «Мектеп».2014. 8 бет

Жалпы адамзат тарихындағы дүниетанымның үш негізгі формасына мифология, дін, философия жатады. Философия мифология мен діннен кейін шықты.
17. Адамзат тарихындағы дүниетанымның үш негізгі формасы:

А) этнография, философия, дін

В) философия, мораль, мифология

С) мифология, дін,философия

D) социология, дін,философия

Е) философия, мифология, фольклор

Дұрыс жауабы-С

Оқулық: Адам. Қоғам . Құқық. 10 сынып. М. Изотов, А. Нысанбаев. М. Сәбит т.б.-Алматы: «Мектеп».2014. 6 бет

Ертедегі дамымаған формадағы діни дүниетаным мифологиямен ұштасып жатты. Кейінгі, салыстырмалы дамыған формаларында, ол белгілі бір идеялық және ұғымдық негізге сүйенді.Діни дүниетаным дүниежүзілік үш дін-буддизм, христиандық, ислам формасында қазіргі дүниежүзі елдерінде кең тараған. Ал, философия –дүниетанымның даму тарихындағы ең соңғы кезең.
18. Адамдар әлемді аңыз образдары бейнесінде көруден бас тартып, өздерінің жеке тәжірбиелері мен таным-түсініктері арқылы түсінуге ұмтылды:

А) философия даму нәтижесінде

В) аңыз-әңгімелер арқылы

С) мифологиялық таным арқылы

D) ауыз әдебиетінің дамуы нәтижесінде

Е) технологияның дамуы нәтижесінде

Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам. Қоғам . Құқық. 10 сынып. М. Изотов, А. Нысанбаев. М. Сәбит т.б.-Алматы: «Мектеп».2014. 7 бет

Философияның пайда болуы қоғамның рухани өміріне үлкен төңкеріс әкелді.Философияның дамуы нәтижесінде адамдар әлемді аңыз образдары бейнесінде көруден бас тартып, өздерінің жеке тәжірбиелері мен таным-түсініктері арқылы түсінуге ұмтылды. Нәтижесінде мақсатты ойлау жұмысы жолға қойылды.

19. Регрессивті даму дегеніміз:

А) күрделі даму

В) ілгері қозғалу

С) даму деңгейі

D) төменнен жоғарыға жылжу

Е) жоғарыдан төмен жылжу

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.79 бет.

Қоғамдық жүйенің дамуы тура даңғыл жол емес. Ол қарама-қайшылықтарға толы болып келеді. Бағыты бойынша даму прогрессивті (төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай жылжу) немесе регрессивті (жоғарыдан төменге жылжу, деградация) болуы мүмкін.


20. Өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым:

А) өндірістік кооператив

В) коммуналдық кәсіпорын

С) ассоциациалар

D) сауда кооперативі

Е) коммерциялық кәсіпорын

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.127 -бет.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болуы мүмкін. Коммерциялық кәсіпорын- өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым.
21. Қоғамдық ортамен белсенді түрде әрекет ете отырып, адамның бірте-бірте жеке тұлғаға айналу үдерісі аталады:

А) өркениеттену

В) құрылымдану

С) ықпалдасу

D) бейімделу

Е) әлеуметтену

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сәбит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 93-бет.

Әлеуметтену-жеке тұлғаның қалыптасып, даму үдерісі, ол адам туылған сәттен басталып, оның бүкіл өмірі бойына жалғасады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуінде тәрбие, оқыту, өзіне-өзі білім берудің рөлі аса зор.
22. Қазақстан Республикасының аумақтық-мемлекеттік құрылыс типі:

А) теократиялық

В) парламенттік

С) президенттік

D) федеративті

Е) унитарлы

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сабит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 148-бет.

Унитарлы мемлекетте бірегей өкілеттілік, атқарушы және сот органдары болады. Бүкіл аумақта бірегей ақша жүйесі, бірегей азаматтылық, бірегей заң шығарушы және де құқықтық жүйе жүзеге асырылады.

23. Мемлекеттің болмысын анықтайтын сипаттама:

А) Ортақ мәдениет

В) Демократиялық сайлау

С) Көппартиялық

D) Салықтың болмауы

Е) Егемендік

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сабит, т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 146-бет.

Мемлекеттік егемендік оның болмысын анықтайтын ең маңызды сипаттамасы болып табылады: егемендігі жоқ болса, мемлекет те болмайды.


24. Биліктің қайнар көзі халық деп мойындалатын саяси режим түрі:

А) Олигархия

В) Теократия

С) Монархия

D) Охлократия

Е) Демократия

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сабит, т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 150-бет.

Демократия- халықты биліктің қайнар көзі деп мойындап, теңдік пен еркіндік принциптеріне негізделетін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысының формасы.
25. Рухани құндылыққа жатады:

А) киім-кешек

В) тұрғын үй

С) қолөнер бұйымдары

D) ат әбзелдері

Е) адамның ішкі жан-дүниесі

Дұрыс жауабы- Е

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сабит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 164-бет.

Рухани құндылықтар адамның жан-дүниесіндегі аса терең, маңызды нәрсе. Ол адамның шешім қабылдауы мен әрекетіне бағыт береді. Рухани құндылықтар- адамның жан-тәнін, оның рухының мәнін құрайды.

26. Пікірлері мен ұстанымдарына қарамастан, барлық адамдармен шын көңілмен жан дүниесін беріп қатынас жасау дарыны:

А) Сыпайылық

В) Адамгершілік

С) Тілектестік

D) Әділеттілік

Е) Ізеттілік

Дұрыс жауабы- С

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 10 сынып. М.Изотов, А.Нысанбаев, М.Сабит , т.б.-Алматы: Мектеп, 2014. 172-бет.

Тілектестік-адамның ашықтығы және өзгелерге көмектесуге, олардың игілігі үшін әрекет етуге, рухани және материалдық байлығын бөлісуге, өзінің жан дүниесінің ең жақсы жағын өзгелерге бөліп беруге дайын болуы.


27. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек бостандығы құқығын азаматтардың, басқа жеке тұлғалардың жүзеге асыруы аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың саласы:

А) Отбасы құқығы

В) Экологиялық құқық

С) Еңбек құқығы

D) Әкімшілік құқық

Е) Қылмыстық құқық

Дұрыс жауабы-С

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған Оқулық:. М.Изотов, Ә.Нысанбаев, М.Сәбит, т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.- 214 б.

Еңбек құқығы дегеніміз- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек бостандығы құқығын азаматтардың, басқа жеке тұлғалардың жүзеге асыруы аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың саласы.
28. Еңбек құқығының негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды

А) 2007 жыл 15 мамыр

В) 1999 жыл 1 шілде

С) 2011 жыл 26 желтоқсан

D) 1998 жыл 24 наурыз

Е) 1997 жыл 16 шілде

Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған Оқулық:. М.Изотов, Ә.Нысанбаев, М.Сәбит, т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.- 219 б.

Еңбек құқығының негізгі бастауы 2007 ж. 15 мамырда қабылданған Қазақстан Републикасының Еңбек кодексі болып табылады.

29. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына аспауы тиіс:

А) 24 сағаттан

В) 40 сағаттан

С) 36 сағаттан

D) 34 сағаттан

Е) 32 сағаттан

Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған Оқулық:. М.Изотов, Ә.Нысанбаев, М.Сәбит, т.б.-Алматы: Мектеп, 2014.- 222 б.

Кәмелетке толмаған үшін жұмыс уақытының жеке нормалары бар. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспауы тиіс.


30. XX ғасырдағы неміс философы К.Ясперс б.з.д. 800 және 200 жылдар аралығында тарихтағы шұғыл бетбұрыстар уақытына берген атауы:

А) белдеулік уақыт

В) ұлы қоныс аудару

С) мәдени секіріс

D) ағартушылық дәуірі

Е) қайта өрлеу

Дұрыс жауабы-А

Оқулық: Адам.Қоғам.Құқық. 11 сынып. М.Изотов, М.Сәбит, Р.Дуламбаева, А.Ибраева, С.Есетова.-Алматы: Мектеп, 2015. стр. 5.

Бұл уақыттарда Қытайда Конфуций, Лао-Цзы; Үндістанда Упанишадтар дүниеге келіп, Будда өмір сүрді; Персияда (Иранда) Заратустра қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы күреске толы дүние туралы ілімді үйретті; Грекияда Гомердің т.б. дәуірлеген уақыты болды. Бұл есімдермен байланыстылардың бәрі аздаған жүзжылдықтар ішінде бір мезгілде дерлік Қытайда, Үндістан мен Батыс Еуропаның оңтүстігінде бір-біріне тәуелсіз дүниеге келді және қалыптасты. ХХ ғ. неміс философы К.Ясперс нақ осы уақытты белдеулік уақыт деп атады.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

1. Ғалымдардың болжауынша 40 мың жыл бұрын пайда болған адам түрі :

А) тік жүретін адам

В) сөйлейтін адам

С) қытай адамы

D) саналы адам

Е) епті адам

F) шебер адам

G) қарапайым адам

H) неандарталь адамы

Дұрыс жауабы:D.

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 5-бет

Ғалымдардың болжауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын жер бетінде Homo sapiens (саналы адам) түрінің өкілі пайда болған
2. Қарым-қатынастың жақтарын анықтаңыз :

А) коммуникативті

В) преспективті

С) антогонистік

D) перцептивті

Е) монополистік

F) прогрессивті

G) интерактивті

H) ультимативті

Дұрыс жауабы: A,D,G.

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 34-бет

Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (лат. сommunication- біріктіремін, байланыстырамын)-адамдардың танымдық еңбек үдерісіндегі өзара әрекеттесуінің-ой, ақпарат, идея алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағыл. іnteraction-өзара әрекеттесу, әсер ету)-адамдардың өзара әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үдерістер мен құбылыстартардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді. Қарым-қатынастың перцептивті жағы (лат.perceptio-қабылдау)-адамның әлеуметтік объектілерді қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үдерісін көресетеді.


3. 1995 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес Парламенттің екі палатасы:

А) Сенат

В) Дума


С) Мәслихат

D) Кеңес


Е) Конгресс

F) Сейм


G) Мәжіліс

H) Жиналыс

Дұрыс жауабы- A,G

Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган. Ол екі палатадан-Сенат пен Мәжілістен тұрады

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 145-бет

4. Қоғамдық өмірдің экономикалық аясына жататын ұғымдар :

А) білім

В) тәрбие

С) құқық

D) өнер


Е) көлік

F) сезім


G) сайлау

H) еңбек

Дұрыс жауабы- E,H

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 54-бет

Қоғамдық өмірдің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материалдық игіліктері-тұрғын үймен, киіммен, тамақпен, көлікпен, тағы басқа заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады.
5. Конституциялық монархияға жататын елдер :

А) Қытай

В) Италия

С) Иран


D) АҚШ

Е) Ұлыбритания

F) Ресей

G) Жапония

H) Германия

Дұрыс жауабы- E,G

Конституциялық монархия деп аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы легінде қазір Ұлыбритания, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 99-бет

6. Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік органдарға жатады :

А) Ұлттық қауіпсіздік қызметі

В) Өртке қарсы қызмет

С) ҚР прокуратурасы

D) Мемлекеттік Күзет қызметі

Е) Ішкі істер органдары

F) ҚР Жоғарғы Соты

G) Сыртқы барлау қызметі

H) Коррупцияға қарсы қызмет

Дұрыс жауабы- A,D,G

Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 11-сынып Алматы

« Мектеп» 2015, 250-бет

Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді. ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында және жедел іздестіру мен техникалық шаралар кешенін жүзеге асыру үшін құрылған.

7. Азаматтық құқық объектісі бола алмайды :

А) тұрғын үйлер

В) еңбек құралдары

С) жабайы аңдар дүниесі

D) ұлттық кітапханалар

Е) көлдер мен өзендер

F) өсімдіктер дүниесі

G) киім және көліктер

H) құнды қағаздар

Дұрыс жауабы- C, D,E

Мемлекеттік меншіктегі объектілер – жолдар, өзендер, көлдер, ұлттық кітапханалар, жабайы аңдар дүниесі, тб азаматтық құқық объектісі бола алмайды.

Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 149-бет

8. Аумақтық-мемлекеттік құрылысы бойынша унитарлы мемлекетке жататындар :

А) Франция

В) Қазақстан

С) Бразилия

D) АҚШ


Е) Польша

F) Ресей

G) Үндістан

H) Германия

Дұрыс жауабы- А,В,Е

Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы

« Мектеп» 2014, 148-бет

Унитарлы мемлекетте бірегей өкілеттілік, атқарушы және сот органдары болады. Бүкіл аумақта бірдей ақша жүйесі, бірегей азаматтылық, бірегей заң шығарушы және де құқықтық жүйе жүзеге асырылады. Мемлекеттік құрылыстың бұл формасы ең кең тараған(Англия, Франция, Испания, Қазақстан, Венгрия, Польша және тб)


9. Қоғамдық ғылымдардың ұғымдық аппаратына жатады :

А) құқық

В) мемлекет

С) реакция

D) машина

Е) ағза


F) энергия

G) саясат

H) жасуша

Дұрыс жауабы- А,В,G

Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы

« Мектеп» 2014, 27-бет

Әр ғылымның өзіндік ұғымдық аппарат деп аталатын кең ұғымдар жүйесі болады. Қоғамдық ғылымдардың негізін өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, қоғам және т.б. ...ұғымдар құрайды.
10. ҚР азаматтығын дәлелдейтін құжаттар:

А) туу туралы куәлік

В) жеке куәлік

С) сенімхат

D) төлқұжат

Е) зейнет куәлігі

F) мұрахат

G) рұқсатнама

H) жүргізуші куәлігі

Дұрыс жауабы- A,B,D

Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы

« Мектеп» 2014, 197-бет



Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты болып табылады. Он алты жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да төлқұжатымен расталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет