Бақылау сұрақтары
Кирхгофтың бірінші заңы тұжырымда.
Кирхгофтың екіінші заңы тұжырымда.
Қуат балансы деп нені айтады?
Потенциалдық диаграмма не үшін қажет?
Резистордағы тоққа қоылған кернеуді екі есе арттырса тоқ қалай өзгереді?
Егер резистордағы тоқты екі есе төмендетсе үш резистор параллель жалғанған тізбектегі жалпы тоқ саны қалай өзгереді?
Қоректендіру көзінің теріс қуаты нені бюілдіреді?
Қуат балансын құрғанда резистивті элементте теріс қуат бола алады ма?
Потенциал нүктелерінің бір ЭҚК көзінен екіншіге ауымқандағы өзгеріп отыруы немен түсіндіріледі?
№ 3 – зертханалық жұмыс
Тұрақты кернеу кезінде сызықты пассивті элементтері бар
тізбектердің электрлік күйін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: тоқ қабылдауыштарының тізбектей, параллель және аралас қосылысындағы электр тізбегінің жұмыс принципін талдау.
Жалпы мәліметтер
Жүктемелердің тізбектей қосылуы
3.1-суреті бойынша схемада тізбектей жалғанған үш резистор (олар арқылы бір ғана тоқ өтеді). U кернеуі мен энергияға қосылған.
3.1-сурет. Кедергілердің тізбектей қосылуы
Кирхгофтың екінші заңы
мұндағы – барлық тізбектің жалпы кедергісі.
Тізбектің жалпы қуаты:
.
Жүктемелердің параллель қосылуы
Схемада (3.2-сурет) резисторлар параллель жалғанған (бір кернеудің астында) және U кернеу көзіне қосылған.
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша қарастырылған тізбек үшін:
3.2-сурет. Кедергілердің параллель қосылуы
мұндағы - тармақ өткізгіштігіне тең тізбектің жалпы өткізгіштігі.
Тізбектің жалпы қуаты:
Егер тізбекте параллель жалғанған екі кедергі болса, онда
немесе
, ,
. (3.1)
Екінші тармақтың тоғы үшін де:
(3.2)
(3.1) және (3.2) формулалары жалпы тоқ белгілі болса, ажырасқан жерде тоқ оңай анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жүктемелер аралас қосылуы
Тізбекте (3.3-сурет (а)) кейбір кедергілер параллель кейбіреулері тізбектей жалғанған. Мұндай тізбектегі тоқтар 3.3-суретінде көрсетілгендей кезектеп жинақтау әдісімен есептелінеді:
,
3.3-сурет. Эквивалентті кедергіні есептеу схемасы
Онда тізбектегі жалпы тоқ:
Кернеу (3.3в-сурет). Қалған тоқтар:
, .
Қуаттар балансы
Кез келген электр тізбегінде қуат балансы болады. Энергия көздерінен алынатын қуат әрқашан пайдаланылатын қуат қосындысына тең болады:
немесе
Егер Ек көзінің бағыты мен Ік тоқ сәйкес келмесе, онда қозғалтқыш режимінде істеп, қуатты теріс мәнмен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |