Нұсқаулар Методические указания к изучению дисциплин Геотехника 1, Геотехника 2 для студентов специальности



бет1/9
Дата15.09.2017
өлшемі1,32 Mb.
#32868
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ГЕОТЕХНИКА

Геотехника 1, Геотехника 2 пәндерін оқытуға арналған 050729 «Құрылыс» мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулар


Методические указания к изучению дисциплин Геотехника 1, Геотехника 2 для студентов специальности

050729 «Строительство»


Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Сәулет-құрылыс факультеті


Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

ГЕОТЕХНИКА

Геотехника 1, Геотехника 2 пәндерін оқытуға арналған 050729 «Құрылыс» мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулар


Методические указания к изучению дисциплин Геотехника 1, Геотехника 2 для студентов специальности

050729 «Строительство»

Павлодар

Кереку


2009

УДК 624.1(07)

ББК 38.58Я7

Г 31
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті сәулет – құрылыс факультетінің ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған



Рецензент:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сақанов Қ.Т.


Құрастырушылар: В. А. Козионов, Қ. С. Баймұлдинова,

С.С. Ибатова


Г 31 Геотехника: Геотехника 1, Геотехника 2 пәндерін оқытуға

арналған әдістемелік нұсқаулар. Методические указания к

изучению дисциплин Геотехника 1, Геотехника 2. – Павлодар :

Кереку, 2009. – 90 б.


Әдістемелік ұсынымдар курстардың қысқаша мазмұндарымен, оларды оқытудың ерекшеліктері бойынша нұсқауларымен және алынған білімдердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар тізімімен қосақталған. Әдістемелік нұсқаулар көрсетілген пәндердің типтік бағдарламаларына сәйкес құрастырылған және «Құрылыс» мамандығының күндізгі және сырттай оқыту формасының студенттері үшін ұсынылады.

Методические указания сопровождены кратким содержанием тем курсов, особенностям их изучения и перечнем вопросов для самоконтроля полученных знаний. Методические указания разработаны в соответствии с типовыми программами указанных дисциплин и рекомендуются для студентов дневной и заочной форм обучения специальности «Строительство».


УДК 624.1(07)

ББК 38.58Я7


© Козионов В.А., Баймұлдинова Қ.С.,

Ибатова С.С., 2009

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2009

БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы

ПМУ-дің оқу ісі

жөніндегі проректоры

____________ Н.Э.Пфейфер

2009 ж. «___»___________


Құрастырушылар: т.ғ.к., доцент В.А.Козионов

аға оқытушы Қ.С.Баймұлдинова

магистрант С.С.Ибатова


Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы
Геотехника 1, Геотехника 2 пәндерін оқытуға арналған 050729 «Құрылыс» мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулар
Кафедра мәжілісінде бекітілді 200___ ж. «___»____________ № _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі____________ Қ.Т.Сақанов

Сәулет және құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған 200__ ж. «____»_____________ № _____ хаттама


ОӘК төрағасы ______________ В.А.Козионов
КЕЛІСІЛДІ

СҚФ деканы ______________ М.Қ.Кудерин

200___ ж. «___»_____________
СМ бөлімі н/б ______________ Г.С.Баяхметова

200___ ж. «___»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы ________________ А.А.Варакута

200___ ж. «___»_____________


Кіріспе
«Геотехника» деген жалпы атауға біріктірілген «Инженерлік геология», «Топырақтардың механикасы», «Іргетастар мен негіздіктер» курстары «Құрылыс» бағыты бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандарды дайындау щеңберінде пәндердің ерекше цикілін құрайды.

Заманауи көзқарастарға сәйкес инженерлік геология – бұл геологияның инженерлік іске қатынасының сұрақтарын трактайтын және геологиялық орта, оны рациональді пайдалану және қорғау туралы ғылым болатын ғылымның саласы. Инженерлік геологияның мазмұны бар білім беру бағдарламаларында «Геотехника 1» пәніне сәйкес келеді.



«Топырақтар механикасы» бөлімінде топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері, топырақ массивтерінің кернеулі-деформацияланған жағдайда және олардың үймереттерге көрсетілетін қысымын есептеу әдістері зерделенеді. Бұл іргетастар құрылысы мен жер асты құрылыстарының эксперименталдық-теориялық негіздері.

«Негіздіктер және іргетастар» бөлімінде әртүрлі топырақ жағдайындағы негіздіктердің, іргетастар мен жер асты құрылыстарының құрылғылары мен жобалау мәселелері қаралады. Бұл бөлім қолданбалы сипатқа ие болады және геотехника саласында маманның біліктілігін қалыптастыру негізгі болып табылады.

«Топырақтар механикасы» мен «іргетастар және негіздіктер» бөлімдері «Геотехника 2» пәнінің мазмұның құрайды.

Берілген әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты күндізгі, әсіресе, сырттай оқыту формасының студенттеріне оқу әдибеттерімен өздігінен жұмыс жасауға көмек беру болып табылады. Оларды дайындаудың қажеттілігі қазіргі уақытта мазмұны бойынша бакалавриат щеңберінде білім беру стандарттарының талаптарын толық мөлшерде көрсететін геотехникалық профилді арнайы оқулықтардың жоқтығынан туындап отыр.

Осы әдістемелік нұсқаулар «Геотехника 1» және «Геотехника 2» типтік бағдарламаларына сәйкес құрастырылған, сәулет – құрылыс мамандықтары бойынша Республикалы оқу - әдістемелік кеңесінің Оқу - әдістемелік секциясымен бекітілген.

1 «Геотехника 1» пәні туралы жалпы мағлұматтар
1.1 Пән туралы мәліметтер

Атауы – «Геотехника 1».

Кредиттер саны – барлығы 2, 4 семестр.

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты - аудиторлық сабақтар, аралық бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сай өткізіледі.



Кесте 1.1 – Оқу жоспарынан көшірме





Курс

Семе

стр


Кре

дит-тер


Дәріс

Лаборато-риялық сабақтар

СӨЖО

СӨЖ

Бар-лығы

Бақы-

лау фор-масы



2

5

2

15

30

15

45

105

Емти-

хан



1.2 Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процессіндегі орны

Геотехника – ол жаңа ұғым, дәл осы кездегі ғылымдардың жиынтығы, дәлірек айтқанда инженерлі геология, тау жынысының механикасы, топырақтың механикасы, яғни іргетастың құрылуы.

Геотехника 1 әдетте міндетті пәндер тізіміне кіреді, оларды меңгеру 050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалаврдың квалификациясын және академиялық дәрежесін анықтайды.

Пәнді оқыту мақсаты инженерлік – құрылыстық істе қолданылатын инженерлік геология аймағында теориялық және практикалық білімдердің негізін меңгеру болып табылады. Бұл құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларын дұрыс бағалауға, жүктеме әсерінен топырақтың тәртібін және үймереттердің табиғатпен қоршаған ортамен әрекеттесуі кезінде пайда болған процесстер мен құбылыстарды болжауға; топырақ массивтерінің тұрақтылық дәрежесін; топырақты негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Пәнді оқыту міндеті бұл білімдерді ғимараттар мен үймереттердің негіздіктерін таңдағанда және геологиялық жағдайларды талдау кездінде практикалық сұрақтарды шешуде, іргетас құрылысының және топырақтар механикасының есептерін шығару үшін бастапқы материалдарды жинауда пайдалану болып табылады.

Бұл пәнді оқуды аяқтаған кезде студент білу керек :



- тау жыныстары мен топырақ құраушы минералдардың негізгі түрлерін және оларды анықтау әдістерін;

- жердің ішкі динамикалық процесстерінің негізгі түрлері;

- жердің сыртқы динамикасының процесс түрлері;

- гидрогеология негіздері және гидротехникалық есептерді өткізудің негізгі әдістері;

- топырақтану негіздері, топырақтардың минералогиялық құрамы және физикалық қасиеттері;

ептілі болу керек:

- құрылыстың инженерлік – геологиялық жағдайларын бағалау;

- топырақтардың түрлерінің жасы (геохронология), құрамы (петрография), шөкпелігі, сорғыштығы және т.б. бойынша баға беру;

- әртүрлі экзогенді және гравитационды процесстерді болжау және алдын алу;

- негіздіктердің сулы – ылғалды тәртібі бойынша гидротехникалық есептерді орындау.

дағдылы болу керек:

- негіздіктердің көтеруші қабілеттеріне дұрыс баға беру үшін құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларына талдау жасау.

Пререквизиттер:

Математика 1; Сәулет 1; Инженерлік механика 1.



Постреквизиттер:

Геотехника 2; Құрылыс конструкциялары 1,2; Құрылыс поцесстерінің технологиясы 1; Құрылыс машиналары мен жабдықтары 1; Құрылыстағы экономика және менеджмент 1; Құрылыс – жөңдеу жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы; Ғимараттар мен үймереттерді тексеру, сынау және қайта құру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет