Нұсқаулар Методические указания к изучению дисциплин Геотехника 1, Геотехника 2 для студентов специальности



бет3/9
Дата15.09.2017
өлшемі1,32 Mb.
#32868
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұсынылатын әдебиет: [1, 248 – 300 б.], [2, 61 – 150 б.], [3, 69 – 95 б.], [4, 191 – 237 б.].

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білу керек гидрогеология негіздері мен гидротехникалық есептерді өткізудің негізгі әдістерін.

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент ептілі болу керек негіздіктер жұмысының су – ылғалды тәртібі бойынша гидротехникалық есептерді орындау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1 Топырақта судың қандай түрлері бар? Топырақтардың қасиеттеріне әртүрлі судың түрлері қалай әсер етеді?

2 Жер асты сулары пайда болуының конденсационды және инфильтрационды теорияның мәні.

3 Жер асты суларының қандай типтерін олардың пайда болу жағдайлары бойынша айырады?

4 Қалқыма су дегеніміз не? Оның тәртібі және құрылыс жағдайларына әсері.

5 Қандай сулар топырақ сулары деп аталады? Олардың пайда болуын, таралуын, қоректену шарттары мен құрылыс жағдайларына әсерін түсіндіріңдер.

6 Қандай қатарлас сулар артезиан сулары деп аталады?

7 Жер асты суларының тәртібі дегеніміз не және оған қандай факторлар әсер етеді? Жер асты суларының тәртібін стационарлық бақылауының түрлері мен мақсаттары.

8 Гидрогеологиялық карталарды (гидроизогипс, гидроизопьез, гидроизобат) құрастыру принциптері қандай? Олардың көмегімен қандай мәселелерді шешеді?

9 Сүзілудің негізгі заңын тұжырымдап беріңдер және оның математикалық формуласын жазыңдар.

10 Сүзілу коэффициентін анықтау әдістеріне және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар.

11 Гидрогеологиялық есептеулер кезінде жер асты ағындарының қай түрлері жиі кездеседі?

12 Су өтпейтін қабаттың горизонтальді және еңісті орналасуы кезінде тегіс ағынның шығыны қалай анықтайды?

13 Қандай ұңғымалар (құдықтар) жетілген деп аталады?

14 Ұңғыманың әсер ету радиусы дегеніміз не?

15 Тегеурінді және тегеурінсіз жер асты суларында жетілген ұңғымалардың дебиттері қалай анықталады?

16 Қандай ұңғымалар өзара әрекеттесуші деп аталады? Топырақты сулардың деңгейін төмендету үшін оларды пайдалану мүмкіндігін түсіндіріңдер.

17 Қандай құдықтар сіңіретін құдықтар деп аталады және оларды қандай мақсатпен пайдаланады?
2.7 Топырақтану негіздері

Тақырыптың мазмұны. Топырақтың құрамы мен қасиеттері. Топырақтын геохронологиясы және петрографиясы. Топырақтың физикалық қасиеттерін оқытудың негізгі әдістері. Құрылыс үшін инженерлік – геологиялық ізденістер туралы түсінік.

Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар. Берілген тарауды оқыту кезінде, ең алдымен топырақтардың құрамын, күйін, құрылымы мен қасиеттерін және олармен қалыптасқан топырақтың қалың қабаттары, олардың қалыптасу заңдылықтары мен қазіргі заманғы және болжауланған геологиялық процесстердің әсерінен кеңістікте уақытша өзгеруін зерттейтін инженерлік геологияның «топырақтану» секілді тарауын меңгеру қажет. Топырақтардың классификация негіздерін, топырақтардың құрамы мен күйінің негізгі көрсеткіштерін, сондай – ақ олардың физикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін меңгерген жөн. Топырақты оқытудың қорытындысында топырақтардың табиғи жатысы жағдайында, сондай – ақ құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайлары және құрылыс үшін инженерлік – геологиялық ізденістер зерттеулерімен танысу қажет.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 116 – 240 б.], [2, 43 – 60 б.], [3, 96 – 112; 319 – 339 б.], [4, 47 – 71; 297 – 335 б.].

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білу керек топырақтану негіздерін, топырақтардың минералогиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін.

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент дағдылы болу керек негіздіктін көтеруші қабілеттерін дұрыс бағалау үшін құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларына талдау жасау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1 Топырақтардың инженерлік – геологиялық қасиеттерінің көрсеткіштері немен сипатталады?

2 Қандай көрсеткіштер топырақтың құрамы мен күйінің көрсеткіштеріне жатады?

3 Топырақтардың гранулометриялық құрамын анықтаудың әдістері қандай?

4 Топырақтың біртектіліксіз коэффициенті нені білдіреді?

5 Гранулометриялық құрамы бойынша топырақтардың қандай түрлері болады?

6 Саздық топырақтардың ылғалдылық сипаттары және оларды анықтау әдістері қандай?


3 Геотехника 2 пәні туралы жалпы мәліметтер
3.1 Пән туралы берілгендер

Атауы – Геотехника 2

Кредиттер саны – барлығы 3, 6 семестр

Сабақ жүргізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.


Кесте 1.1 – Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семе

стр


Кре-дит-тер

Дәріс

Тәжіри-белік сабақтар

СӨЖО

СӨЖ

Бар-лығы

Бақы-лау

фор-масы



3

6

3

30

15

22,5

67,5

135

Емти

хан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет