5 Жоңғылауда қолданылатын құралдар
Жоңғыш – көп жүзді құрал, оның шеңбері бойында немесе шет жағында қарапайым кескіштерді білдіретін кескіш тістер орналасқан. Жоңғыштарды типтері бойынша бөледі: (4 сурет) жазық беттерді өңдеуге арналған цилиндрлік және шет жақтық; фасондық беттерді өңдеуге арналған дисклік, саусақты және бұрыштық; модульдік – тістерді кесуге арналған; бұрамдық – цилиндрлік және бұрамдық доңғалақтар тістерін қиюға арналған.
Түзу тістері бар жоңғыш өңделетін бетке бірден тістің бүкіл ұзындығы бойында ойып орнатылады, бұл станокқа түсетін айнымалы (түрткілік) жүктемеге және өңделген бет сапасының қандай да бір жақсартылуына әкеледі. Бұрандалы тістері бар жоңғыштар бірқалыпты жұмыс істейді, өйткені жоғғыш тістері тетікке біртіндеп ойып орнатылады, сонымен бірге станок бірқалыпты жүктелген.
Қаттылығы төмен және орташа болаттан жасалған дайындамаларды өндеу үшін кесу жылдамдықтары аз болған У12А көміртекті аспаптық болаттан жасалған жоңғыштарды, ал кесу жылдамдықтары шағын және берісі аз болғанда 9ХС, ХВ5 және ХВГ қоспаланған болатынан жасалған жоңғыштарды қолданады. Р9 және Р18 жылдам кескіш болатын пайдалану жақсы нәтижелер береді. Болатты қаралтым жоңғылау кезінде - ВК және ТК маркалы қатты қорытпалардан жасалған тілімшелері бар жоңғыштарды; таза жоңғылау кезінде негізінде ТК марқалы жонғыштарды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |