Нұсқаулар Педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал


Мәселе → бұрын зерттелмеген мәселелерден таңдалған мәселе Тақырып →



бет11/43
Дата17.04.2022
өлшемі246,65 Kb.
#139729
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
metod rekom kyrsov 2014 kz

Мәселе → бұрын зерттелмеген мәселелерден таңдалған мәселе
Тақырып → мәселенің атауы
Өзектілігі → бұл мәселені не себепті қазіргі кезде зерттеу керек?

Зерттеу объектісі


→ шешімін таппаған мәселелер

Зерттеу пәні → объектідегі мәселені шешуге көмектесетін
педагогикалық әдіс – тәсілдер немесе объектіден бөлініп, зерттеуге алынған бөлік
Мақсат → зерттеу жұмысының нәтижесі
Міндеттері → мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстар
Гипотеза → мәселе жауабы
Ұсыныстар → зерттеуге алынған нысанды жетілдіру туралы ойлар


Негізгі бөлім


Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады. Бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тараулардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми-теориялық (арнайы әдебиеттерді талдаудың қорытындысы) және есептеу-теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі.
Теориялық бөлімге енгізілетін мәліметтер:

  • тақырып бойынша әдебиеттерге шолу, мәселе тарихы;

  • зерттеуші қолданған ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау;

  • зерттеу керек мәселені негіздеу;

  • міндеттерді орындау үшін қолданылған зерттеу әдістері;

  • өткізілген эксперимент;

  • зерттеушінің өз зерттеуі, оның мәселені шешуге қосқан үлесі, жаңалығы;

  • зерттеу нәтижелерінің ақиқаттығы, отандық және шетелдік ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыру;

  • зерттеу жұмыстарын жалғастыруды негіздеу;

  • зерттеуді тоқтатуға мәжбүр еткен жағдайларды жазу;

  • қазіргі уақытта шешуге мүмкіндік жоқ мәселені анықтау;

  • әрбір бөлімнен кейін қорытынды жасау;

  • озат тәжірибе.

Негізгі бөлімнің практикалық бөліміне енгізілетін мәліметтер:

  • гипотезаны тексеріп, мәселені шешу үшін атқарылған жұмыстар;

  • тәжірибе жұмысына дайындық;

  • тәжірибе жұмысының сипаттамасы;

  • тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдау;

  • сынақтан өткен педагогикалық әдіс –тәсілдерді, құралдарды қолдану жөніндегі қорытындылар, ұсыныстар.

  • қолданылған әдіс-тәсілдер: анкета, сұрақтар тізімі;

  • өткізілген сабақтар мен тәрбиелік шаралар;

  • жаттығулар, тренингтер.

Жұмыс мәтіні сипаттауы қажет:

  • қарастырылатын сұрақтар бойынша автордың негізгі әдебиеттермен танысуы;

  • мәселені анықтай және он шешу жолдарын анықтай білуі;

  • қарастырылатын сұрақтардың мәнін тізбекті баян дай білуі;

  • сәйкес тұжырымдамалық және терминологиялық аппаратты меңгеруі;

  • тілдік сауаттылықтың, функционалдық ғылыми баяндау стилін меңгерудің орташа деңгейі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет