Зерттеу пәні → объектідегі мәселені шешуге көмектесетін
педагогикалық әдіс – тәсілдер немесе объектіден бөлініп, зерттеуге алынған бөлік
Мақсат → зерттеу жұмысының нәтижесі
Міндеттері → мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстар
Гипотеза → мәселе жауабы
Ұсыныстар → зерттеуге алынған нысанды жетілдіру туралы ойлар
Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады. Бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тараулардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми-теориялық (арнайы әдебиеттерді талдаудың қорытындысы) және есептеу-теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі.
Теориялық бөлімге енгізілетін мәліметтер:
тақырып бойынша әдебиеттерге шолу, мәселе тарихы;
зерттеуші қолданған ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау;
зерттеу керек мәселені негіздеу;