Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған


Балаларға қосымша білім ебретін оқу бағдарламаларын дайындау технологиясы



бет22/29
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#27375
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
2.4. Балаларға қосымша білім ебретін оқу бағдарламаларын дайындау технологиясы
Бағдарлама әзірлеу – күрделі шығармашылық үдеріс, ол арнайы даярлық пен танымсыз жұмысты талап етеді. Оқу бағдарламалары нормативтік құжат түрінде (талаптарға сәйкес) рәсімделуі тиіс.
Балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын педагог пен баланың бірлескен іс-әрекетінің бағыттаушы және бағдарлаушы моделі, баланың әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру қабілетін тұтастай қалыптастыру құралы деп түсінуі қажет.
Оқу бағдарламасының құрылымы, оны рәсімдеу аталған құжатқа нақты заңды күш береді, сондай-ақ бағдарламаны әзірлеген маманының кәсіби даярлық деңгейін көрсетеді.
Бағдарламаны жобалау жөніндегі жұмысты бастамас бұрын, алдын ала бәрін ойластыру қажет, өзінің білімін, ойын қағазға түсіре алуға және бағдарламаны іс жүзіне асыруға даярлығын, белгіленген нәтижелерге жету жолын ескеру қажет.
Бірінші кезекте педагогке мыналарды анықтау қажет:

  • бағдарламаның мәні неде (берілген бағыттағы бағдарлама бойынша не қанағаттандырмайды);

  • бағдарлама қандайшешуге бағытталған;

  • бағдарлама жаңалығы мен өміршендігі неде;

  • бағдарлама негізіне қандай идея алынған;

  • алынған идея білім ұйымдарын дамыту стратегиясымен қалай үйлеседі;

  • балалардың оқу іс-әрекеті қалай іске асады: реті қандай, оның мазмұны мен құрылымы қандай;

  • мазмұнын іріктеу және оның құрылымы қандай принциптерге негізделген;

  • бағдарламада басқа бағдарламалармен кірігу қарастырылған ба;

  • бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі қандай;

  • баланың қандай қасиеті дамиды және ол неден көрінеді;

  • қандай білік пен дағды қалыптасады;

  • бағдарламаның тиімділігін қалай анықтайсыз;

  • бағалау жүйесі, бақылау тәртібі мен мерзімі қандай;

  • нақты білім ұйымына осындай бағдарламаның қажеттілігі бар ма.

Бағдарламаны дайындау жұмысына кірісерде мына алгоритмді, қолданған жөн:

  • жобаланған бағдарлама үлгісін анықтау (білім беру саласы, пәні);

  • жаңа бағдарламаны енгізу мақсатын белгілеу;

  • белгіленген мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін міндеттерді ажырату;

  • жаңа бағдарлама үшін қажетті мазмұн элементтерін анықтау;

  • оқыту құралын, әдістері мен түрлерін анықтау;

  • қажетті әдебиеттер тізімін жасау.

Бағдарламаның құрылымдық бөлімдері



  • мұқаба;

  • алғы сөз;

  • тақырыптық оқу жоспары;

  • бағдарлама мазмұны;

  • бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету;

  • әдебиеттер тізімі;

  • қосымша пікір.

Мұқаба (Қосымша Б)
Мұқабада мыналар көрсетілуі тиіс:

  • білім беруді басқарудың жоғары ұйымдарының реквизиттері;

  • бағдарламаны жүзеге асырушы білім ұйымының атауы;

  • бағдарламаны бекіткен білім ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бекіткен мерзімі көрсетіледі);

  • бағдарламаны жүзеге асыруға ұсынған әдістемелік кеңес хаттамасының мерзімі және номері,

  • қосымша білім беретін оқу бағдарламасының атауы (атауы қысқа да нұсқа, бірден назар аударатындай, ең бастысы, бағдарлама мазмұнын айқындайтын балуы тиіс);

  • бағдарлама ұсынылған балалардың жасын көрсету;

  • бағдарламаны іске асыру мерзімі (ол қанша жылға арналған);

  • автордың тегі, аты, әкесінің аты, лауызымы;

  • қосымша білім беретін оқу бағдарламасының дайындалған жылы.

Алғы сөз (бағдарламаның бірінші бөлімі) оқылатын пәннің мақсатын іріктеп, баяндау логикасын негіздейді; оқу үдерісіне жалпы сипаттама береді: әдістері, ұйымдастыру түрі мен іс-әрекеті сипатталады; осы бағытта қолданыстағы басқа бағдарламаға енгізілген жаңалықтар ерекшеленуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, алғы сөзде төмендегілерді көрсету ұсынылады.
1. Оқыту үдерісіне ұсынылатын бағдарламаны әзірлеуді және ендіруді негіздеу қажеттілігі:

  • бағдарламаның өзектілігін негіздеу (нақты аймақ , ұйым үшін), оның жаңалығы және басқа осындай немесе іс-әрекет бағыты бойынша аралас бағдарламалардан негізгі айырмашылығы;

  • негізгі жетекші идеялары (ғылыми – білім пәні, жалпы педагогикалық, әлеуметтік, автордың ғылыми және әдіснамалық әлеуетін көрсететін басқа да жайттар);

  • бағдарлама түрі (жаңартылған, эксперименттік, авторлық).

2. Бағдарлама мақсаты және міндеттері:

  • бағдарламаның барлық жылдарға арналған мақсаты және міндеттері (ұзақ мерзімді болса), сондай-ақ іс-әрекеттің әр жылына арналған мақсаты.

Бағдарлама мақсаты – іс жүзінде орын алған мәселені шешу, Бағдарламаны әзірлеу барысында пеедагог қойылған мақсатқа жетудегі өзінің көз-қарасын ұсынады. Мұнда ескертетін жайт, негізгі мәселеәлеуеттк, денсаулық сақтау, экономикалық, заң мәселелері емес, білім беру (тәрбиелеу – дамыту – оқыту).
Шын мәнінде, бағдарлама дегеніміз қандай да болмасын мәселені шешу жолдарын нақты баяндау.
Балаларға қосымша білім берудің неғұрлым өзекті мәселелері мыналар:

  • балалардың бос уақытын тиімді пайдалануын арттыру;

  • демалысты толыққанды ұйымдастыру;

  • жеке тұлғаның қажетті сапасын дамыту;

  • таланттарға қолдау көрсету және дамыту;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды өмірге бейімдеу;

  • балалардың денесін шынықтыру және сауықтыру;

  • ерте жастан кәсіби бағдарлау және т.б.

Мақсаты – педагог пен балалардың жұмыла күш жұмсайтын оқыту үдерісінің алдын ала болжанған нәтижэесіне жету. Мақсат бағдарлама атауымен үндес келуі міндетті, оның негізгі бағытын айқындайды. Мақсатты белгілеуде жалпылама абстрактылы жайттардан аулақ болған жөн, себебі олар нақты бағдарламаның түпкі мәнін көрсете алмайды және кез-келген бағдарламада қолданылуы мүмкін.
Мақсатты нақтылау оны жүзеге асыру жолдарын көрсететін айқын міндеттер арқылы жүзеге асырылады.
Міндеттерді қалыптастыруда келесі жіктемелерді қолдануға болады.:

  • білімділік (бір нәрсеге танымдық қызығушылығын арттыру, нақты білім, білік, дағдыны меңгеру, нақты әрекет түріне мотивациясын дамыту, арнайы білімді, білікті қалыптастыру, білімге сұранысын қанағаттандыру және т.б.);

  • тәрбиелік (жеке тұлғаның қоғамдық белсенділігін, азаматтық әлеуетін, тілдесу мәдениетін және социумдағы тәрбиесін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және т.б.);

  • дамытушылық (жеке тұлғалық қасиетін дамыту: белсенділігі, өз бетінше әрекеттену жауапкершілігі, ұқыптылығы және т.б.; өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға сұранысын қалыптастыру).

Міндеттерді белгілеу анық және қысқа, тірек сөздері (көрсету, қайта өндеу, меңгеру, ұйымдастыру және т.б.) қамтуы тиіс, міндеттер жобаланған нәтижелермен үндес болуы қажет.

  1. Бағдарламаның айрықша ерекшеліктері:

  • берілген бағдарлама орныққан жетекші теориялық идеялар;

  • автор сүйенген тірек ұғымдары;

  • бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері, олардың негізделуі мен озара байланысы.

  1. Ұжым туралы қысқаша мәлімет:

  • бағдарлама арналған балалар тобының жас мөлшеріне сипаттама, сондай-ақ бағдарламаны меңгерудің бастапқы кезеңі үшін қажетті алғашқы білім мазмұны мен көлемі;

  • топ дәрежесі, түрі (бейінді, кешенді, эксперименттік, ғылыми-зерттеу);

  • топ құрамы (тұрақты, ауыспалы);

  • балаларды іріктеп алу ерекшелігі (ерікті, байқау бойынша, тестілеу бойынша);

  • сабақ түрі (жеке, топтық, әр түрлі жастағы) және өткізу тәртібі;

  • оқу жылы, бірлестіктің жұмыс істеу мерзімі;

  • білім алушылар саны (жалпы саны, оқу жылы бойынша саны).

  1. Сабақ өткізу реті:

  • жалпы жылдық сағат саны;

  • апталық сабақ және оқу сағатының саны;

  • сабақтың қайталану мерзімі.

  1. Болжанған нәтижелер. (Қосымша А)

Тақырыптық оқу жоспары (бағдарламаның екінші бөлімі) бағдарламаны оқыту технологиясын қарастырады, оқу курсы бойынша беріледі, тақырыптардың оқытылу ретін анықтайды және олардың әрқайсысына берілген сағат санын анықтайды, телриялық және практикалық сабақтардың өту мерзімін үйлестіреді.
Педагогке берілген мерзім аясында өз бетінше бөлім және тақырып бойынша сағат мөлшерін бөлу құқы беріледі.
Қорыта келгенде, сағат саны төмендегідей бөлінеді:



Сабақтың ұзақтығы

Апталық реті

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1.

1 сағат

2 рет

2 сағат

72 сағат

2.

2 сағат

2 рет

4 сағат

144 сағат

3.

2 сағат

3 рет

6 сағат

216 сағат

4.

3 сағат

2 рет

6 сағат

216 сағат

Тақырыптық оқу жоспары бөлімдерден тұратын таблица түрінде рәсімделеді:





Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Жалпы сағат саны

оның ішінде

Теориялық

Практикалық







18

8

10

Таблицаның төменгі жағында сағаттар саны қосылып көрсетіледі:

Барлық сағат саны

216

72

144

Егер бағдарлама бір жылдан артық оқытуға есептелген болса, онда тақырыптық оқу жоспары әр жылға бөлек жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет