2.7. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын сараптау бойынша ұсыныстар Оқу бағдарламаларын сараптаудың мақсаты және мазмұны оның балалардың қосымша білім беру мазмұнына, бейінінің ерекшелігіне, сондай-ақ ұсынылып отырған әдістемелік материал түріне сәйкестігін айқындау болып табылады. Бағдарламаны сараптаудың негізгі принциптері мыналар:
Берілген бағдарламаны, жобалалар мен әдістемелік материалдарды басқа білім ұйымдарында қолдану мүмкіндігі.
Педагогикалық жабдық (инструментарий).
Оқу бағдарламасының жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау барысында:
берілген бағдарламаның өзектілігі;
бағдарламаның білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қосымша білім нормалары мен талаптарына сәйкестігі (оның қызметі және лайықтылығы);
білім ұйымының саясаты (бағдарлама білім алушылар мен тәрбиеленушілерді шығармашылық әрекетке тартуда жалпы жүйенің құрамдас бөлігі болуы тиіс);
осы бағыт бойынша білім ұйымдарында қолданыста жүрген басқа бағдарламалармен үйлесімділігі;
жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы және келісімділігі;
мақсат пен міндеттердің озара байланысы; баланың жеке тұлғасының шығармашылығы мен қабілеттерінің үйлесімді дамуын жүзеге асыру; өз бетінше білім алуға деген сұранысын тәрбиелеу;
жетекші теориялық және педагогикалық идеялар, білім мазмұнындағы пәнаралық байланыс; ғылымилық дәрежесі мен практикалық мәнділігі;
технологиялығы ( педагогикалық практикада қолдану үшін қолжетімділігі);
оқылатын пәннің жалпы педагогикалық принциптері мен тиесілі заңдылықтары : ғылымилық, жүйелілік, қолжетімділік, үдемелі және тұрақтылық, теория мен практика байланысы;
мазмұн, білім, білік, дағды және әрекет түрінің озара байланысы;
бағдарлама құрылымы; материалды баяндаудағы үйлесімділік ескерілуі қажет.
Іске асырылу мерзімі 2-3ь жылдық бағдарламалар басымдылықпен қолданылуы тиіс.