Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


-тақырып:Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы Дәріс жоспары



бет31/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

12-тақырып:Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы
Дәріс жоспары:

  1. Қарым-қатынас, басқарушылық қарым-қатынас оның түрлері және басқару этикасы

  2. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті

  3. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесуінен өктемшіл, демократиялық және либеральдық стильдері, олардың сипаттамалары.

Басқару мәдениетінің негізгі компононттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шьшықты да қосатын болды.


Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның түлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері -аксиологиялық, технологиялық жөне түлғалық-шығарма-шылық болып табылады.
Мектеп басшысы басқару мәдениетінің аксиологиялық комноненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық қүндылықтардьң жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесіңде басқарудың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құңдылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құңдылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті баскарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл жөне қала мектептері мүғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б. Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардыңмәнін ашады;
Қүңдылық-сапалар басқарудың субъекгивтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көп түрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабіиеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудьщ әдістері мен тәсіддерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байлаңысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жүмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретіңде өзін-өзі танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет