Көмірсу алмасуы.
Бүйректе глюкозаның
аэробты алмасуы өтеді,
бүйректегі барлық оттегінің 13-25% аэробты алмасуға қатысады. 60
% глюкоза CO2 және H2O дейін ыдыратады. Қалғандары милы
бөлігінде лактатқа ыдырап. Глюкоза – бүйректе ПФЖ-мен ыдырап,
НАДФН2 және пентозалар түзеді. Олар май қышқылдарының,
холестериннің , НҚ синтезіне жұмсалады.
Липидтер метаболизмі
. ¼ құрғақ заттары майлардан тұрады.
Оның 58%-і ФЛ
және холестерин, 15%-і бейтарап майлар. Липолиз,
липогенез, ЖМҚ және глицериннің тотығуы жүреді. ФЛ және ТАГ
синтезделіп, олар тек бүйрекке ғана емес, қан айналымына түсіп,
басқа мүшелердің мұқтаждығына жұмсалады. Бүйрекке
келіп
түскен ЖМҚ- көпшілігі липогенезге жұмсалады.
Белок алмасуы.
Ламинин және энтактин бүйрек
шумақтарының базалдық мембранасының ерекше белоктары.
Ламинин базальді мембранада коллагеннің IV-типімен,
гепаринмен, интегринмен, энтантинмен байланысады. Базальді
мембрана сондықтан, гломерулярлы сүзгіні қамтамасыыз етеді.
Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған
альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді.
Сондықтанда альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің өлшемі
саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте алмайды.
Гломерулярлы мембраналар зақымдалған
кезде ақуыздар несепте
пайда болып, протеинурия дамиды.