Нутация (лат nutatіo – тербеліс) – қатты дене қозғалысының прецессиясымен қабаттаса жүретін құбылыс. Тропизмдер



Дата21.01.2022
өлшемі19,04 Kb.
#112762
Байланысты:
Нутация
Нутация

  • Нутация (лат. nutatіo – тербеліс) – қатты дене қозғалысының прецессиясымен қабаттаса жүретін құбылыс.

    Тропизмдер (гр. tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т.б.) қимыл бағытының өзгеруі.

    Геотропизм – өсімдіктердің жердің гравитациялық алаңына сай келуі. Тамырдың жер қыртысына ене өсуі оң геотропизм болса, сабақтың қарама-қарсы бағыттағы өсуі теріс геотропизм болады.

  • Фототропизм – жарықтың бір жақты әсерінен өсімдік органдарының қисая түсуі. Өскіндердің жарыққа қарай өсуі оң, ал қарама-қарсы бағытта өсуі теріс фототропизм мысалы, күнбағыстың өсуі) болып саналады.

  • Тигмотропизм – өсімдіктің механикалық әсерге жауап ретінде өсу қозғалысы. Тұрақты түрде өсу аймағына механикалық әсер ету нәтижесінде өсімдіктің кері бағытта өсу қозғалысын байқауға болады. Бұл теріс тропизмдерге жатса, басқа өсімдікке жанаса, өрмелеп өсетін өсімдіктер (шырмауық) оң тигмотропизмнің мысалы бола алады.

  • Хемотропизм – өсімдіктердің химиялық қосылыстар градиентіне әсерлене өсуі. Улы химиялық заттан алшақтау (теріс) немесе қоректік заттар бағытына қарай (оң) өсу қозғалыстарын жатқызуға болады.

  • Гидротропизм – өсімдік тамыр жүйесінің топырақ ылғалы бағытына қарай өсуі оң гидротропизм, ал шамадан тыс ылғалды (батпақты) топырақтағы тамырдың көлбей, жер бетіне жақын өсе орналасуы теріс гидротропизм. Осылайша тамыр өзінің тыныс алуын реттейді.

  • Термотропизм – температураның өсімдіктің өсуіне бір жақты әсері. Көптеген өсімдіктер белгілі бір температураға дейін қарқынды өсіп, оның шамасы күрт төмендегенде немесе артқанда өсу қарқынын баяулатады.

  • Электртропизм – өсімдіктердің электр өрісіне жауап ретіндегі өсу қозғалысы. Өскіндер сабағының оң, ал тамырдың теріс зарядқа бағыттала өсуін байқауға болады. Өсімдіктерде тропизмдерден басқа да өсу қоғалыстары кездеседі. Мысалы, таксистік, настиялық, нутац., т.б. қозғалыстар.

  • Таксис (гр. taxіs – орналасу) – бір жақты тітіркендіргіштермен (жарық, ылғал, электр тогы, т.б.) тітіркендіргенде еркін қозғала алатын төменгі сатылы өсімдіктер мен жануарлардың, сондай-ақ жеке жасушалар мен органоидтардың (спора, гамета, сперматозоид, т.б.) және жасуша бөліктерінің (ядро, пластид) қозғалу реакциясы.

  • Настия (гр. nastos – көнбістену) – өсімдік органдарының төменгі немесе Жоғарғы ұшындағы жасушалардың біркелкі өспегенінен не осы жасушаларда тургор қысымының бірдей болмауынан болатын құбылыс. Мысалы, көптеген өсімдік гүлшоғырының таңертең ашылып, кешке қарай жабылып қалуы.

  • Нутация (гр. nutatіo – тербелу, бұратылу) – өсімдік органдарының тербеле қозғалуының нәтижесінде белгілі бір тірекке орала өсуі. Бұл өрмелеп өсетін лиана өсімдіктеріне тән.

    Тропизмдер (гр. tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т.б.) қимыл бағытының өзгеруі.

    Тропизм (гр. tropos - бұрылыс, бағыт) - бұл өсімдіктердің немесе олардың мүшелерінің тітіркендіргішке бағыттала козғалуы. Бұған өсімдіктің Күнге қарай бағытталып жоғары карай өсуі - гелиотропизм, тамырлардың жер ортасына қарай төмен бағытталуы - геотропизм мысал бола алады. Өсімдік бұдан басқа жарық көзіне бағытталып өсе алады. Мәселен, егер өсімдік өскінін жарық көзіне таяу орналастырса, біраз уакыттан соң сабағы - жарыққа, ал тамырлары карама-қарсы жаққа қарай иіледі.

    Настия - өсімдіктерде жан-жақты диффузиялы әсерлейтін жағдайларға байланыстыны айтамыз. Өсімдік мүшелерінің сыртқы тітірткендіргіштерге жауап қозғалысы. Ол қозғалыстар оң және теріс, яғни тітірткендіргішке немесе одан кері бағытта болуы мүмкін. Тітірткендіргіштер қатарына жарық, жылу, ылғал т.б. физикалық және химиялық факторлар жатады.

    Нутация (лат. nutatіo – тербеліс) – қатты дене қозғалысының прецессиясымен қабаттаса жүретін құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет