122
бiз оқу жұмысының мектептен сырт шығуға байланысты белгiлi
бiр түрiн айтуымыз керек. Сабақ секiлдi экскурсияның да өз
тақырыбы, өз жоспары, өз мiндеттерi мен жұмыс әдiстерi бола-
ды. Қысқасы, экскурсия – сыныптан тыс жүргiзiлетiн ең маңызды
жұмыстардың бiр түрi.
Жоғарыда байқағанымыздай географиялық экскурсиялар
жа қын жерлiк те, алыс жерлiк те болуы мүмкiн. Жақын жерлiк
(мұражайға, қала сыртына) экскурсия көбiнесе бiрнеше сағатқа
созылады, алыс экскурсия бiрнеше күнге созылуы мүмкiн. Орта
мектептiң төменгi сыныптары үшiн жақын экскурсия қолайлы,
сондықтан бiз оған ерекше назар аударамыз.
Достарыңызбен бөлісу: