144
кiтаптар, журналдар, газет кесiндiлерi, коллекциялар, жазылған
баяндамалар, модельдер, аспап-саймандар, т.с.с. Егер үйiрмеде
осылардың бәрiн қоятын үй, тым болмаса кiлтпен бекiтiлген шка-
фы болуы қажет. Онсыз үйiрменiң жабдықтары да, жұмыстары
да сақталмайды. Ал жабдығы сақталған жұмыстары болмаса,
үйiрменiң жұмысы да жемiстi болмайды. Осы жағдайды естен
шығармау керек, олай етпегенде, тiптi, жақсы жұмыстың өзi на-
шарлап, құрып кетедi.
Үйiрме кiтап пен журналдың бiразын үйiрме мүшелерiнiң
еріктi жарнасына, бiразын мектептiң оқу бөлiмi (үйiрменiң жұ-
мысы жақсы жолға қойылғаны байқалса) беретiн азғана сомаға
сатып алады. Үйiрменiң кiтапханасын оқушылардың уақытша
өздерi әкелген кiтаптарынан құрастыруға болады. Егер кiтапхана
сондай уақытша әкелiнген кiтаптардан құралған болса, әкелiнген
кiтаптардың дұрыс жазылып отырылуы қажет, олай болмаса, кiтап
жоғалып кетуi ықтимал. Үйiрмеге қажет саймандар ал ғаш қы кезде
география кабинетiнен уақытша пайдалануға алынып одан кейiн
бiртiндеп өздерi құрастырып алады. Үйiрменiң жұмысы әлдене ше
түрлi болуы мүмкiн. Оған бiрнеше мысалдар келтiрейiк.
Достарыңызбен бөлісу: