Тақырыбы: Күзгі серуен.
ҰІӘ мақсаты : Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтықбейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту.
Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау.
Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп, ән орындайды.
Түсінеді: музыка сипатына сәйкес қимылдарды өзгерту.
Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнайды. Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
Негізгі кезең .Музыкалық-ырғақтық қимылдар:«Марш» (Е. Андосов).Марш екпінімен тізені көтере адымдай басуды, бірге қимылдауды үйрету.
Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский).Балаларға музыканы тыңдатып, күздің қандай құбылыстарын елестете алғанын сұрау.Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.Ән айту: «Күзгі әуен» (АДосмағанбет).
Үйренген «Балдырғандар әні» әнін (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш»,«Билеп үйренейік»жинағынан). Би қимылдарын үйренуді жалғастыру, еске сақтауға үйрету.
Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева).
|
4. . Дене шынықтыру- қимыл белсенділігі
Тақырыбы: Тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру.
ҰІӘ мақсаты:Қолдарын екі жаққа созып, басына қапшық қойып, бөрененің үстімен тепе-теңдік сақтап жүріп өту біліктілігін қалыптастыруды жалғастыру.
Баяу жылдамдықта қол мен аяқтың қимылын үйлестіре отырып жүгіруге жаттығу.Күштілікті, ептілікті, төзімділікті дамыту. Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтына, өз денсаулығын бағалай білуге баулу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |