Бақылау барысы
Көркем сөз
Күзгі жапырақтар.
Қ. Шаңғытбаев
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Тәрбиеші сұрақтары.
Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерді ме?
Ағаштар мен бұталардың түстері жазда қандай еді?
Күздің келуімен олар қалай өзгерді?
Қайың жапырақтарының түсі қандай? (алтын-сары) шетеннің ше? (қызыл)
Бәрінен бұрын қай ағаштың жапырағы түсін өзгертеді? (қайың)
Жапырақтардың түсуі кезінде қай ағаштың жапырағы ұзақ уақыт сақталады? (қайыңда )
Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды
|
Қазан
Серуен-Бақылау №1
Гүлзарды бақылау
Мақсаты:
Табиғаттың жыл мезгілдеріне қарай өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
Гүлдер аттары мен бөліктерін есте сақтау (бұтақ, жапырақ, гүл, тамыр).
Бақылау барысы
Көркем сөз
- Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастай алмай жүрміз бе?
Жайнап өсіп далада,
Көздің жауын ала ма?
Бірде бірін жұлғызба,
Қасыңдағы балаға.
Тәрбиеші сұрақтары:.
♦ Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде өсімдіктер қандай қзгерістерге ұшырайды?
Мына гүлзардан не көріп тұрсыңдар?
Гүлзарда өсетін гүлдер қалай аталады?
Гүлдер көктемде қайта өсуі үшін не істеу керек?
Гүлдің өсуіне нелер көмектеседі?
Гүлдерді жұлуға бола ма?
|
Достарыңызбен бөлісу: |