Еңбек:
Қыста құстарға беруге өсімдіктер дәнін жинау
Мақсаты:құстарға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
Қ/О: «Аққу-қаздар».
Мақсаты: тапсырманы нақты, жеңіл орындауға жаттықтыру, жүкіру техникасын меңгерту
Жаттығу ойындары
Жүрудің әртүрлі тәсілдерін қолданып (тырна, құтан, балапан сияқты жүру) жүруге жаттықтыру
Мақсаты:қозғалыс белсенділіктерін дамыту
|
Қазан
Серуен-Бақылау №3
Желді бақылау
Мақсаты: желдің күшін анықтауды үйретуді жалғастыру;
өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Бақылау барысы
Жұмбақ:
Аяғы жоқ ұшады,
Аузы жоқ ән салады.
Кездескен жеңіл нәрсені
Аспанға ұшырады (жел)
Сұрақтар:
♦Жел қайдан пайда болады? (жерден қызған ауа жоғары көтеріледі, ал суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.)
♦Күшіне қарай желдің қандай түрлері болады?(күшті және әлсіз)
♦Күшті желдер қалай аталады? (дауыл, құйын.)
♦Бүгін жел бар ма? Ол күші бойынша қандай?
Зерттеу жұмысы
Компастың немесе флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтау (флюгер қай жаққа бұрылды-жел сол жақтан)
Желдің күшін қалай анықтауға болады? (секундамермен және қағазбен.)
Желдің қай жақтан соғып тұрғанын қалай анықтайды? (компас көмегімен-солтүстіктен болса-суық жел, оңтүстіктен болса жылы жел.)
Еңбек Алаңды тазалау
Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру, орындалған жұмыс нәтижесіне қуана білу.
Қ/О: «Жел».
Мақсаты:- табиғат байланысы туралы түсініктерін бекіту, тәрбиеші командасын мұқият тыңдауға үйрету
Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу
Мақсаты: допты жоғары лақтыру, жерге соғу, екі қолмен қағып алуды жалғастыру
|