Дерматополимиозит Тақырып өзектілігі
Аурудың популяцияда 1 млн. адамға шаққанда жылына 2 -10 жағдай кездеседі. Жасқа байланысты аурудың 2 өршу кезеңі бар: 5-15 жас (жастық дерматомиозит) және 40-60 жас. Әйел адамдар жиі ауырады. Әйелдер мен ерлер ара қатынасы 3:1-ді құрайды.
МКБ-10 бойынша кодтардың қатынасы
Код
Аурудың аты
M33.0
Ювенильді
дерматомиозит
Анықтамасы
Дерматомиозит (ДМ)(Вагнер ауруы, Вагнер-Унферрихт-Хепп ауруы) – көлденең-жолақты және тегіс- салалы бұлшықеттердің зақымдануы, қозғалыс бұзылысымен, теріде эритема және ісіну көрінісімен жүретін, үдемелі дамитын жүйелі ауру.
Дерттің терілік синдром болмай, тек бұлшықеттік синдром болса, – полимиозит (ПМ) диагнозы қойылады.
Науқастардың 30% - да тері зақымданбайды. Аурудың тері зақымданусыз түрі полимиозит деп аталады. Дерматомиозит пен полимиозиттің себебі бепгісіз болғандықтан,идиопатиялық қабыну миопатиясына жатады. Идиопатиялық миопатиялармен қатар екіншілік (себебі белгілі) миопатияларда кездеседі.