О. С. Ахманова Шындығында, ұлттық дәуірдегі әдеби тіл мен ұлтқа дейінгі кезеңдегі әдеби тіл арасында олардың құрылымы жағынан болсын, қоғамдық қызметі жағынан болсын, сапалы айырма болады. Әдеби тілдің жоғарыда біз



бет2/3
Дата09.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#171585
1   2   3
Байланысты:
Босын Балнұр

Әдеби тіл
Қоғамды ұйымдастырушылык яғни, қоғамның рухани, мәдени қажетін өтей алатындай әлеуметтік қызмет атқаруы
Сол нормалардың қоғам мүшелерінің бәріне бірдей міндетті
Жергілікті диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпы қауым "дұрыс" деп тапқан нормасы бар
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.
Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.
Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.
Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.
Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет