Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет60/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

 
 
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
59 
УДК 343.4 
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ШЕГІНЕН ШЫҒЫП КЕТУ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУ 
КЕЗІНДЕГІ ТЕРГЕУШІНІҢ ІС ЖҮРГІЗУ ӘРЕКЕТТЕРІ 
 
Әлекбаева Мәдина Мұрзақұлқызы 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
құқық және экономикажоғары мектебінің оқытушы-ассистенті 
Талдықорған, Қазақстан 
Аннотация:
Ғылыми мақалада қажетті қорғаныс шегінен асып кету туралы 
істерді қарау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының іс жүргізу әрекеттерінің 
құқықтық сипаттамасы қарастырылады.
Осы бапты жазудың негізі бастамасы лауазымды тұлға тарапынан тергеу 
әрекеттерінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 
нормаларының бұзылғандығына жол берілгендігі болып табылады. 
Тірек сөздер
: Қажетті қорғаныс, Тергеу әрекеттері, Заң, ҚР Конституциясы, 
Сот сараптамасы, Дәлелдемелер, Өтініш. 
 
Тәжірибеде біз "қажетті қорғаныс"ұғымын жиі кездестіреміз. Бірақ бұл 
тұжырымдаманың мағынасына құқықтық баға бере алатындар бүгінгі күні өте аз. Тәжірибе 
көрсеткендей, қылмыс жасаған адам жазадан құтылу үшін өзін-өзі қорғаудың ыңғайлы 
позициясын алады, осылайша өзінің қылмыстық ниетінің немесе басқа да өзімшіл 
ниеттерінің себебін жасырады. 
Әрине, біздің республикамыздың әрбір азаматы өз құқықтары мен бостандықтарын 
және жеке ғана емес сонымен қатар басқа адамның, және қоғамның құқықтарын, егер 
бұзушы тарапынан қандай да бір қауіп төнсе, қорғауға құқылы. Өйткені бұл мемлекетімізде 
тұрып жатқан әр азаматтың мемлекет алдындағы, қоғам алдындағы азаматтық борышы. 
Осыған сүйене отырып, мемлекеттің тұтастығы бар да қоғамн да өркенде өңеді. Ао оның 
бірден бір бастауы ол халық, яғни адам, оның өмірі мен бостанды, құқықтары мен 
мүдделері.Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және ҚР Конституциясы 
бекіткендей - еліміздің негізгі байлығы - адам және оның өмірі.
ҚР Конституциясының 13-бабында әркімнің өзін кез келген тәсілмен қорғауға 
құқығы бар екендігі айтылған [1]. Бірақ адам басқа адамның құқықтарын бұза 
алмайтындығын ескеруі керек. Бұл нені білдіреді? Бұл адамның өміріне, денсаулығына, 
мүлкіне, тұрғын үйіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қол 
сұғуға ешкімнің құқығы жоқ дегенді білдіреді. Мұндай жағдайлар қоғамда жиі кездеседі, 
адам басқа адамның мүдделерін қорғай отырып, өзі қиын жағдайға тап болады. Бұл 
жағдайлардың жиынтығы болуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық жерде белгісіз адамды 
соққыға жығып жатса, кез-келген өтіп бара жатқан адам араша түседі. Араша түсемін деп 
өзі жауапкершілікке тартылып кетуі де ықтимал. Осы оқиғаға қатысы жоқ үшінші тұлға да 
шабуыл объектісіне айналады. Тиісінше, мұнда өзін-өзі сақтау инстинкті іске қосылады, 
бұл жағдайда адам қорғалады, бұл қажетті қорғаныс деп аталады. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 1-баптың 32-бабында 
мыналар баяндалады: егер қажетті қорғаныс кезінде қажетті қорғаныс шегінен асып кетуге 
жол берілмесе, қажетті қорғаныс қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды [2].
Қылмыстық заңнамада қажетті қорғанысқа жол беріледі, өйткені ол әлеуметтік 
қауіпті болмаса әрине, керісінше қоғам үшін пайдалы әрекет ретінде түсіндіріледі. 
Жасыратыны жоқ, қоғамда бүкіл жүйенің ашықтығына қарамастан, бірқатар бұзушылықтар 
мен уәкілетті органдардың қысымы кең тараған. Сол кездегі қоғамдық қорғаушы ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет