INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023
43
ТОПАРАЛЫҚ КОНФЛИКТІЛЕР
Кулымбаева Алмагуль Карибековна
Психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Багыбаева Майгул Ильясовна
Психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Аңдатпа:
Мақалада топаралық конфликтерді зерттеген ғалымдардың теориялары
талданады және қақтығыстардың түрлері мен туындау себептері қарастырылады.
Түйінді сөздер:
топаралық қақтығыстар, қоғамдағы жеке тұлға, топтар, әлеуметтік-
топтық қызығушылықтары, адам қызметінің салалары, психология.
Соңғы онжылдықта топаралық конфликтілер біздің қоғамдық өмірдің күнделікті
құбылысына айналды. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың
пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен
байланысты әр түрлі мәселер бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Топтар арасындағы
қақтығыс - бұл ұжымдық жанжал және мүдделер қақтығысы. Мұндай қақтығыс көбінесе
ресурстардың жетіспеушілігімен бәсекелестікке байланысты болады. Сонымен қатар, топтар
арасындағы қақтығыс әртүрлі көзқарастар мен мақсаттарға ие топтардың соқтығысуымен
сипатталады, ал топтар ресми және бейресми болуы мүмкін. Кез-келген конфликтінің
астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан
тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен
объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму
үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт
болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін. Көп
жағдайда топаралық конфликтіліктің жандануының арқасында Ресейде конфликтология
жылдам дами бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек
ұжымдары, этникалық топтар мен басқа да ірі бірлестіктер: әлеуметтік топтар мен таптар, діни
бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай конфликтілердің әртүрлігіне
қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизімдеріне ие. Топаралық
конфликтілер мен өшпенділіктердің пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен
үлес қосты. Әр түрлі психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевиористік,
когнитивті, іс-әрекеттік) өкілдері топаралық конфликт механазмдерінің бірін оған үлкен мән
бере отырып дәлелдеді. [1, 23 б.]. Н. В. Гришинаның пікірінше, топтар арасындағы өзара
әрекеттесуді адамдардың өз топтары арасында да, осы топтардың жекелеген өкілдері арасында
да, сондай-ақ қарым-қатынас қатысушылары бір-бірін және өздерін әртүрлі топтардың
мүшелері ретінде қабылдай отырып, топаралық өлшемде өзара әрекеттесетін кез-келген
жағдайлар деп атайды. Сондықтан топаралық конфликтілердің пайда болу механизмдерін
қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет.
1.
Әр түрлі топаралық конфликтілерде олардың пайда болуының қандай да бір
механизімі үстем болуы мүмкін (Агеев, 1990).
2.
Топаралық
механизмдер
тұлғааралық
өзараәрекеттесудің
психологиялық
механизмдер-іне қарағанда анағұрлым кертартпа.
Топаралық конфликтілердің пайда болуының негізгі механизмдерінің ішінен топаралық
өшпенділік; мүдделердің обьективті конфликтісі; топішіндегі фаворитизм сияқтыларды бөліп
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: