Қобыз пәнінің II санатты мұғалімі


КҮЙ АҢЫЗЫН АРДАҚТАЙ ЖЕТКІЗГЕН - КҮЙШІ



бет10/12
Дата31.12.2019
өлшемі1,91 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
КҮЙ АҢЫЗЫН АРДАҚТАЙ ЖЕТКІЗГЕН - КҮЙШІ

ДӘУЛЕТ МЫҚТЫБАЕВ

Атақты күйші Дәулет Мықтыбаев сонау көне ғасырлардан жеткен қазақтың қобызшылық дәстүрін жалғастырушы. Ол XX ғасырдың басында Ақмола облысында дүниеге келген. Оған алғаш ұстаздық еткен Ықыластың баласы Түсіпбек болды.Дәулет Мықтыбаев Түсіпбектен Ықыластың,Қорқыттың және халық күйлерін үйренеді. Ол қобыз күйлерін ескіліктің дәстүрімен аңыз әңгімесен баяндай отыра орындайтын. Әсіресе, Қорқыттың «Қоңыр» және Ықыластың «Аққу», «Шыңырау» сынды күйлерін алдымен аңызын әңгімелей отырып асқан шеберлікпен жеткізе білді.Бертін келе Дәулет Мықтыбаев Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында қобыздан сабақ беріп, көптеген шәкірттер дайындады. Дәулет Мықтыбаевтың шәкірттері елге танымал Қуаныш Әжмұратов, Базархан Қосбасаров және Әбдіманап Жұмабековтер бұл күнде шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз орындаушылар.[22]



Ахмет Жұбанов(1906-1968) – ғалым, композитор,қазақтың кәсіби музыка мәдениетін қалаушылардың бірі. Академик Ахмет Жұбанов қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірін құрып,оның алғашқы көркемдік жетекшісі болды.Халық композиторларының творчествосын зерттеп,өзінің «Замана бұлбұлдары» және «Ғасырлар пернесі» атты кітаптарында жазып қалдырды.Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» және «Қарлығаш» атты әндері халық арасында сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды.

Ашық сабақ

«Қазақ музыка өнерінің гималайы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов»

Оқушы: Л.Нұрмұханбет

«Қазақ музыка өнернің гималайы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов»

Мақсаты: А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Сабақтың міндеті:

А) Білімділігі: Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.

Ә)Дамытушылық: Оқушының танымдық іс-әрекетін дамыту,шығарманың әуенін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекшеліктерін,сезіну қабілеттерін дамыту,шығарманы дұрыс орындауға машықтандыру.

Б)Тәрбиелік: Шығарманың авторымен таныстыру,қазақ халқының күй, шығармашылық өнері арқылы оқушының бойындағы музыкаға деген сезімін ояту,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың труипі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Кітап,штрихтік белгілер,суреттер,қобыз аспабы

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Сергіту сәті

4.Жаңа сабақ

5.Бекіту

6.Қорытындылау

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау



I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын

сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын тексеру: Ре мажор үндестілігі(3 түрі),арпеджио. Ш.Данкля «Этюд» ойнату арқылы саусақ жүрдектігін арттыру.

Актуалдау: Біз өткен сабақта К.Димитрескудің «Крестьянский танец» шығармасын жаттаған болатынбыз.Енді бүгін фортепианоның сүйемелдеуім аспапта ойнаймыз.

Үнтаспа тыңдату: К.Димитреску «Крестьянский танец»

(тромвонда ойналуында)


III.Жаңа сабақ: Ахмет Жұбанов (1906-1968)

Композитор,дирижер,музыкатанушы,этнограф,ҚазССР -нің халық артисі,өнертану ғылымының докторы,ҚазССР ҒА-ның академигі,ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж.Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген.1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты.1934 ж.қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі).Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды,оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді.Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі,кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет