Областной этап республиканской олимпиады по



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата12.04.2023
өлшемі2,12 Mb.
#174360
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
chem10-2-tasks
NPKKYa - Uchebnik 2 230507 094841
Областной
 
этап
 
республиканской
 
олимпиады
 
по
 
химии
 2021 
Комплект
 
заданий
 II-
тура
 
для
 10 
класса
 

10 
Нұсқа
 
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9 
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II) 
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді, 
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып, 
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін 
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында 
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық 
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз 
№1 сынауығындағы ерітінді көк түсті. 
Егер №3 сынауығындағы затқа №6 не №4 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №3 сынауықтағы затқа №2, №1, №5 не №8 
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №3 сынауығына №9 
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №3 сынауығына №7 сынауықтағы затты 
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №2 сынауықтағы затты №5, №9 не 
№4 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №2 
сынауықтағы затты №1, №6, №8 жəне №7 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба 
пайда болады. Егер №1 сынауықтағы затты №8 не №4 сынауықтарына қосса, өзгеріс 
байқалмайды. Егер №1 сынауыққа №5 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк 
тұнба, кейін №5 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті 
ерітінді пайда болады. Егер №1 затты №6 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ 
тұнба түзіледі. Ал егер №1 сынауығына №9 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою 
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №1 сынауығындағы затқа №7 
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №5 сынауығындағы 
затқа №9, №7 жəне №4 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер 
№5 сынауығына №6 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске 
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №5 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба 
еріп, ерітінді түссізденеді. №5 сынауықтағы зат пен №8 сынауығындағы затты 
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №6 сынауығы мен №4 сынауығына арасындағы 
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №6 сынауығындағы зат №8 не №7 
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №6 сынауығындағы зат №9 
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №8 
сынауығындағы зат №9 не №4 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс 
байқалмайды. Егер №8 сынауығындағы затқа №7 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба 
мен газ пайда болады. Егер №9 сынауығындағы затты №7 сынауығындағы затқа қосса, 
өзгеріс байқалмайды. Егер №9 сынауықтағы затына №4 сынауықтағы затын қосса, 
ерітінді түсі өзгереді. Егер №7 сынауығындағы зат пен №4 сынауығындағы затты өзара 
араластырса, газ бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет