Областной этап республиканской олимпиады по химии 2021 Комплект заданий II- тура для 10 класса 7
1 Нұсқа Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№4 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №2 сынауығындағы затқа №1 не №5 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №2 сынауықтағы затқа №6, №4, №9 не №3
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №2 сынауығына №7
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №2 сынауығына №8 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №6 сынауықтағы затты №9, №7 не
№5 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №6
сынауықтағы затты №4, №1, №3 жəне №8 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №4 сынауықтағы затты №3 не №5 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №4 сынауыққа №9 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №9 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №4 затты №1 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №4 сынауығына №7 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №4 сынауығындағы затқа №8
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №9 сынауығындағы
затқа №7, №8 жəне №5 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№9 сынауығына №1 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №9 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №9 сынауықтағы зат пен №3 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №1 сынауығы мен №5 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №1 сынауығындағы зат №3 не №8
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №1 сынауығындағы зат №7
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №3
сынауығындағы зат №7 не №5 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №3 сынауығындағы затқа №8 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №7 сынауығындағы затты №8 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №7 сынауықтағы затына №5 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №8 сынауығындағы зат пен №5 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.