БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ЖАЛПЫ ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК
БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
ОБЛАСТНОЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КАБИНЕТ
ОРГАНИЗАЦИЙ ДОШКОЛЬНОГО, ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО,
ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН
ФАКУЛЬТАТИВТЕР МЕН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАР
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
СБОРНИК
ПРОГРАММ ПРИКЛАДНЫХ И ФАКУЛЬТАТИВНЫХ КУРСОВ
ПО ГЕОГРАФИИ
ОРАЛ – 2015
2
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-
әдістемеліккабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына
таратуға ұсынылды.
Хаттама №2 05.06.2015 ж
Қҧрастырған: Ж.Н. Қҧспанова – облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің
биология, география, химия пәндерінің әдіскері
Пікір жазған: М.А. Галимов – БҚМУ жаратылыстану факультеті,
география кафедрасының доценті
Бұл бағдарламалар жинағы облыстың география пәні мұғалімдеріне
кӛмекші құрал ретінде ұсынылады. 5-11 сыныптарда география пәнінен
қосымша факультатив және қолданбалы курстардың бағдарламалары
жинақталып құрастырылды. Оқу жоспарының вариативтік бӛлімінен
берілетін қосымша сағаттарға ұсынылатын бағдарламалар жинағы.
3
Мазмҧны
1. Түсінік хат..........................................................................................4
2. «Жас Сәтбаевшылар» факультатив бағдарламасы
Р.Е.Кенжегалиева.............................................................................5
3. «Жер қабықтары» таңдау курсының бағдарламасы
Н.Ш.Ажғалиев.................................................................................13
4. Курс «Логические задачи естественнонаучного направления»
С.Ж.Кажгалиева, Р.В.Немолочнова, Н.С.Тлеулиева...................36
5. «Жас
эколог-ӛлкетанушы»
факультатив
курсының
бағдарламасы
М.Ғ.Адаялиев..................................................................................57
6. «Жер ғаламшар» арнаулы курсының бағдарламасы
А.С.Абуова......................................................................................76
7. Программа прикладного курса «Географическая культура»
Н.Б.Абдолова, Р.К.Каменова..........................................................95
8. «Елтану» қолданбалы курсының бағдарламасы
М.С.Ишанова.................................................................................106
9. Прикладной курс «Приуральеведение»
Г.К.Сүндетова................................................................................115
10. «Әлем шаруашылығы – ғаламдық географиялық жүйе»,
«Әлемді тану», «География және экономика тарихы»
А.С.Жолмуханова, А.С.Абуова, А.Г.Искакова..........................133
4
Тҥсінік хат
География пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған факультатив және
қолданбалы курстар бағдарламаларының жинағы құрастырылды. Бұл
жинақ облысымыздың география пәні мұғалімдері үшін кӛмекші құрал
болып
табылады.
Мемлекеттік
бағдарламаға
сәйкестендіріліп
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың бағыт-бағдарына сай
жасақталған. Яғни қосымша тереңдетіліп, ақпарат кӛбірек берілуге
негізделген.
Мақсаты:
- Пәннен алған білімдерін тереңдету;
- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
- Қоршаған ортаны қорғау, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру;
- Экологиялық тәрбие беру;
Міндеті:
- Оқушыларды тың мәліметтерді қабылдай білуге баулу;
- Білім – біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
- Анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен,
интернетпен жұмыс жасап, еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу;
Оқу жоспарының вариативтік бӛлімінің қосымша сағаттарына
негізделіп жинақталған бағдарламалар жинағы, география пәні мұғалімдеріне
пайдаланылуға ұсынылады.
5
«Жас Сәтбаевшылар» факультатив бағдарламасы
(География, 9 - сынып)
Құрастырушы: Кенжегалиева Р.Е., Орал қаласы, -А.Тайманов атындағы
№34 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі
Тҥсінік хат
«Жас Сәтбаевшылар» тақырыбындағы факультатив бағдарламасы.
Бағдарлама мазмұнында Қ.И.Сәтбаевтің ӛмірі мен қызметі, кең байтақ
қазақ жерінің таусылмас қазына қоймасын туған Отанның игілігіне
жаратуда, ғылым мен практиканы үйлесімді жүргізуі, Қазақстан
Республикасының жер қойнауын зерттеудегі рӛлін, оның ел
экономикасының дамуына қосқан үлесін, негізгі еңбектерін оқып үйрену,
Қ.И.Сәтбаевтің Қазақстан геологиясына сіңірген еңбектерінің басым
кӛпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Бағдарламаның мазмұны пән бойынша жалпы білім берудің
мемлекеттік стандартына сай дайындалған.
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында негізгі тарауларды
тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама. Бағдарлама 34 сағатқа /аптасына
1 сағат/ жоспарланған. Оқу материалын кең түрде бере отырып,
оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, ақпараттық және талдау
жасай білуге баулу мақсаты қарастырылады. Қ.И.Сәтбаевтің геологиялық
теорияны дамытудағы, оның зерттеулері еліміздің бай табиғат қорларын
ашудағы еңбектерін оқып үйрену жолдары қарастырылған. Бұл
бағдарламада оқушылар білімдерін толықтырады, ӛз бетінше жұмыс жасай
отырып, білімін одан әрі шыңдай түседі. Бағдарламада қамтылған оқу
материалдары оқушылардың танымдық мүмкіндігіне және жас
ерекшеліктеріне, оқушы дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз
етуге сәйкес құрылған.
Білім қҧрылымындағы факультативтің орны:
«Жас Сәтбаевшылар» географияның химия, экология пәндерін
байланыстыру арқылы жүйелеу.
Факультатив мақсаты:
- оқушыларды Қазақтан шыққан біртуар азамат Қаныш Имантайұлы
Сәтбаевтің Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі туралы, ұлы ғалымның
шалқар болмысын,рухани келбетін, үлкен адамгершілік қасиеттерімен
таныстыру;
- жоғары
отансүйгіштік сезімге, белсенді ӛмірлік кӛзқарас
қалыптастыру;
- пәнге қызығушылығы мен іскерлік іс-әрекетін қалыптастыру;
Факультатив міндеті:
- оқушыларды Қ.Сәтбаевтің ӛмірі мен зерттеу жұмыстары туралы
ӛздігінен білім алуға, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру;
- ашқан кен орындарын кескін картаға салу біліктілігін;
- табиғатты сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу:
6
-
жобалау іс-әрекетінде оқушының шығармашылық дамуын
ынталандыру;
Кҥтілетін нәтиже:
-
оқушылардың
қазақ
халқының
қоғам
қайраткері,ғылым
академиясының
тұңғыш
президенті
Қ.И.Сәтбаевтің
ӛмірі
мен
шығармашылығы туралы мол мағлұмат алуы;
- оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру;
- оқушы ізденісі мен зерттеушілік қабілетінің дамуы
- карталарды, ғаламторды қолдана білу дағдыларын дамыту;
Мамандыққа бағдарлау: металлург,геолог, географ, кен инженері.
Пәнаралық байланыс:
Химия, геология, экология, әдебиет, биология
Бағдарламаның жҥзеге асырылуын қорытындылау тҥрі:
- жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формалары;
- лекция және семинарлар;
- практикумдар;
- оқу - зерттеушілік конференциялар;
- жобаны қорғау;
2. Оқу пәнінің мазмҧны мен қҧрылымы
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
І. Кіріспе 1сағат.
Бағдарламаның нысаны, пәні, әдіс-тәсілдері. Мақсаты мен міндеттері.
Қ.И.Сәтбаев еңбектерінің маңыздылығы.
II. Қ.И.Сәтбаев-қазақтың ғҧлама ғалымы. 5 сағат
Қ.Сәтбаевтің балалық шағы. Зерек баладан – заңғар ғалым. Студенттік
жылдары . Ғасыр перзенті Қ.Имантайұлының ғылымды ұйымдастырудағы
рӛлі. Ғылымның бағына туған тұлға. Болашақты болжай білуі. Қазақстан
геологиясының атасы.
III. Академияның алғашқы президенті. 5 сағат
Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Қазақ ғылымының
басшысы. Ірі геолог, кӛрнекті ұйымдастырушы. Халықтар достығының
жаршысы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметі. Жер қазынасын ел
игілігіне жаратқан ғалым.
IY.Ғылыми прогрестің ірі қайраткері. 6 сағат
Әлемге танымал ғалым – геолог Қ.Сәтбаев. Ӛршіл ойлы ғалым.
Жезқазған
ӛңірін
игерудегі
еңбектері.
Орталық
Қазақстанның
металлогениялық болжам карталарын жасауы. Елді индустрияландыруға
қосқан үлесі. Ғылым шыңындағы ірі тұлға. Үлкен Алтайдағы, Батыс
Қазақстандағы минералдық тұздардың шикізат қорларының барлануы.
Заман елшісі. Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі.
Y. Рухани саладағы еңбегі. 4 сағат.
Қазақ ӛнертанымының бастауларында Қаныш Имантайұлының
рухани мұраты ұлттық мәдениет пен халықтық ӛнермен байланыстылығы.
Ақын жанды адам.
7
Халық поэзиясын, ән мәдениетін, эпикалық поэмалар мен аңыздарды
зерттеу ісі. «Қазақтың ұлттық театры» мақаласының жарыққа шығуы.
Сәтбаев –фольклор танушы. Ӛнерді зерттеудегі жетістіктері.
VI. Әр саланың да қамқоршысы. 3 сағат.
Қаныш - математик. Қазақ Ғылым академиясында ботаника және
топырақ зерттеу институтының ұйымдастырылуы. Медициналық
бағыттағы ғылыми зерттеулерді ӛрістету.
VII. Қазақтың Қанышы. 4 сағат.
Сӛнбес жұлдыз. Қазақ халқының мақтанышы.Қаныш халық аузында.
Халық үшін жасаған батырлығы мен батылдығы, табанды еңбегі үлкен
ӛнеге. Кісілігі биік Қаныш аға.
VIII. Қ.И.Сәтбаевтің ӛмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері. 2 сағат
Туған жердің тасы да танымал. Англияға сапары. Марапаттары.
IХ. Қ.Сәтбаев есімімен берілген атаулар. 3 сағат.
Сәтбаев планетасы. Қырым обсерваториясындағы кіші планета.
Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шың жоталары, Қазақстан ҒА геология
институты, Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинаты, Қазақ Ұлттық
техника университеті, Сәтбаев қаласы, Сатпаевит минералы, «академик
Сәтбаев» гладиолус гүлі, республикамыздағы бірнеше мектептердің ұлы
ғалымның есімімен берілуі.
Курсты қорытындылау. Жоба қорғау. 1 сағат
«Жас Сәтбаевшылар» факультатив бағдарламасының
тақырыптық- кҥнтізбелік жоспары
№ Сабақтың тақырыбы
Сағат
саны
Сабақтың
тҥрі
I
Кіріспе
1
Дәріс сабақ
II. Қ.И.Сәтбаев-қазақтың ғҧлама ғалымы. 5 сағат
1
Қ.Сәтбаевтің балалық шағы.
1
Дәріс сабақ
2
Зерек баладан-заңғар ғалым
1
3
Студенттік жылдары
1
4
Қ.Имантайұлының ғылымды
ұйымдастырудағы рӛлі
1
Мини
лекция
5
Қазақ геологиясының атасы. Сарамандық
жұмыс №1 Кескін картаға кен орындарын
белгілеу
1
Сарамандық
жұмыс
III. Академияның алғашқы президенті. 5 сағат
1
Ғылым академиясының тұңғыш президенті
1
семинар
2
Ірі геолог, кӛрнекті ұйымдастырушы.
1
3
Халықтар достығының жаршысы
1
Дәріс сабақ
4
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметі.
1
5
Жер қазынасын ел игілігіне жаратқан ғалым.
1
IV. Ғылыми прогрестің ірі қайраткері. 6сағат
1
Қаныш - Қазақ металлогениясының атасы
1
Мини
лекция
2
Ӛршіл ойлы ғалым.
1
8
3
Жезқазған ӛңірін игерудегі еңбектері
1
4 Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам
карталарын жасауы
1
семинар
5
Үлкен
Алтайдағы,
Батыс
Қазақстандағы
минералдық тұздардың шикізат қорларының
барлануы
1
6
Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі.
1
V. Рухани саладағы еңбегі. .4 сағат
1
Қазақ ӛнертанымының бастауларында
1
2
Ақын жанды адам.
1
3 Халық поэзиясын, ән мәдениетін, эпикалық
поэмалар мен аңыздарды зерттеу ісі.
1
4
Сәтбаев – фольклортанушы.. Ӛнерді зерттеудегі
жетістіктері
1
Мини
лекция
VI. Әр саланың да қамқоршысы. 3 сағат
1
Қаныш - математик
1
2
Қазақ Ғылым академиясында ботаника және
топырақ зерттеу институтының
ұйымдастырылуы.
1
Дәріс сабақ
3
Медициналық бағыттағы ғылыми зерттеулерді
ӛрістету.
1
VII. Қазақтың Қанышы. 4 сағат
1
Сӛнбес жұлдыз.
1
2
Қазақ халқының мақтанышы.
1
Мини
лекция
3 Қаныш - халық аузында
1
4 Халық
үшін
жасаған
батырлығы
мен
батылдығы,табанды еңбегі үлкен ӛнеге.
1
YIII. Қ.И.Сәтбаевтің ӛмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері. 2 сағат
1
Туған жердің тасы да танымал.
1
2
Қаныштың Англияға сапары.
1
Дәріс
сабақ
IХ. Қ.Сәтбаев есімімен берілген атаулар. 3 сағат
1
Сәтбаев планетасы. Қырым обсерваториясындағы
кіші планета.
1
2
Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шың жоталары,
Қазақстан
ғылым
академиясы,
геология
институты.
1
Дәріс
сабақ
3
Сәтбаев қаласы, Сатпаевит минералы.
1
4
Курсты қорытындылау. Жоба қорғау.
1
9
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағының жаңа дәуірде
зерттелуі
Білімділік мақсаты: Қазақтан шыққан біртуар азамат Қаныш
Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегінің, әсіресе, рудалық
кендер геологиясы саласындағы еңбегінің зор екенін кейінгі жас ұрпаққа
жеткізіп, ұғындыру үшін ӛтілетін бұл сабақтың дамытушылық, тәрбиелік
ауқымы ӛте кең.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар Қаныш Сәтбаевтың ӛмірбаяны мен
зерттеу жұмыстары туралы ӛздігінен білім алуға , картамен жұмыс жасауға
дағдыланады. Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтарды зерттеудегі
Қаныш Сәтбаев еңбегінің маңызы туралы айтып, ашқан кен орындарын
кескін картаға салу біліктілігін қалыптастырады, табиғатты сүюге және
оны қорғауға, табиғат байлықтарын үнемді, тиімді пайдалануға,
экологиялық білім мен тәрбиенің қажеттілігін ұғынуға қол жеткізеді.
Сабақ баяндау, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, тест алу.
Жарнамалау тәсілдерін қолдану арқылы ӛтіледі.
Слайд-шоу, Қазақстан картасы, кескін карта, сызба, суреттер, тест
сұрақтары,бағалау кестесі, сабақтың кӛрнекі құралдары ретінде
қолданылады.
Табиғаттану, биология, химия, әдебиет пәндерімен байланыста
ӛтілетін бұл сабақ, негізінен, тірек сызбаларға сүйенеді. Бұл тірек
сызбаларды интерактивті тақта арқылы кӛрсетіп, жаздыру арқылы
түсіндіру мұғалімге жеңілдік келтіріп қана қоймайды, оқушылардың тез
түсінік алуына да кең жол ашады. Сабақ барысы тӛмендегідей.
1.Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын компьютер бойынша тест алу.
2. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың назарын интерактивті тақтада алдын-ала дайындалған тірек
сызбаға аударып алу, тақырыпты түсіндіріп, бағыт беру. Дәптермен
жұмыс.Кестедегі ұғымдарды жазу.
3. Ой қозғау. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға арналған
сызбалармен жұмыс.
Қарсақбай мыс қорыту
Комбинаты барлау
Қызметінің жетекшісі
1899ж. 12.04.
Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Семейдегі
оқытушылар
Семинариясының
студенті
Сібір технология
Институты кен факультеті
студенті
Павлодардағы 2-
Сыныпты
училище
Шәкірті
өмірбаяныы
Баянауыл ауданы10-шы
учаске соты
Семейдегі
мұғалімдер
курсының оқытушысы
Ауылдық орыс-қазақ
мектебінің оқушысы
10
4. Кубизм стратегиясы. Тӛрт бұрышына тапсырма жазылады. Әр
топтың алдына жеке тастап, қандай тапсырма берілетінін анықтау.
1-тапсырма. Қ.И.Сәтпаев кім?
2-тапсырма. Зерттеулері :
1.Сарыарқа
2.Кенді Алтай
3.Жезқазған
4.Қарсақбай, Атбасар
5.Жезді
6.Байқоңыр, Қияқты
3-тапсырма.Марапаттары.
4-тапсырма Қ.И.Сәтпаев атымен берілген есімдер.
5.Қорытындылау. 5 жолды ӛлең. Синквейн
Кім? Не? –ғалым, геолог
Қандай? –ғұлама,ойшыл, академик
Не істейді? –зерттейді, ізденеді, жазады.
Сӛйлем-ұрпаққа мұра
Синоним зерттеуші
Кескін картаға ашқан кен орындарын белгілеу.
Сабақтың тақырыбы: Қ. Сәтбаев – қазақ металлогениясының атасы.
Сабақтың мақсаты: Ғалымның ғылым, еңбек жолдары және ӛмірімен
танысу, ӛнеге алу, мамандық таңдауға бағыттау.
Сабақтың кӛрнекілігі: Металлогендік карта, металдар коллекциясы.
І. Ұйымдастыру.
Қ.И.Сәтбаев – аса ірі ғалым және қоғам қайраткері. Еліміздегі кен
орындарын зерттеуге баса назар аударған кӛрнекті геолог. Біз бүгінгі
сабағымызды шығыс халықтарынан шыққан тұңғыш академик, қазақ
металлогениясының атасы Қ.Сәтбаевқа арнаймыз.
ІІ. Миға шабуыл.
1. Қ.Сәтбаевтың туған жері?
2. Қаныш оқыған жоғарғы оқу орны?
3. Ғалымның қандай ғылыми еңбектерін білесің?
4. Қаныш қандай оқулық жазды?
5. Қаныш артына қалдырған мұраларын ата?
6. Ғалымның ӛнеге еткен ұстазы кім?
ІІІ. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Алдымен оқушылардың ӛз ізденістерімен танысайық.
1-оқушы: Қ.И.Сәтбаевтың ӛмірі туралы.
2-оқушы: Үлкен Жезқазған және Қ.Сәтбаев.
3-оқушы: Қазақстанның металлогендік картасы. Қазақ геология
ғылыми институты туралы.
4-оқушы: Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
IV. «Қаныш айтты.. » ӛнеге сӛздер топтамасы.
11
Оқушылар ӛздері жинақтаған Қаныш айтқан ұлағатты сӛздерден
үзінді келтіреді.
1-оқушы: Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бӛгде
жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес.
2-оқушы: Жезқазған болашақта дүние жүзіндегі мысқа ең бай
ӛлкелердің қатарына қосылады да, тіпті, кӛп кешікпей Американың белгілі
мысты аймақтарының кӛпшілігі бірінші орынның жүлдесін Жезқазғанға
амалсыздан береді.
3-оқушы: Ғалым болу үшін ең алдымен адам болу керек, ӛйткені
ғалым барлық ӛмірін, еңбегін ӛзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп
етеді.
4-оқушы: Ломоносов поэзия мен ӛмірде ғалым, ғылымда ақын әрі
суреткер болды. Ломоносовтың ғылыми прозасын оқығанда ақын үнін
естисің және оған керісінше оның одалары мен поэтикалық ой-
толғауларында
философтың,
физик-химиктің
әрі
жаратылыс
зерттеушісінің ізгі жан-сезімі толқып тұрғандай әсер етеді. Қаныш
Имантайұлына дәл осы қасиеттер тән болатын.
5-оқушы: Біріншіден, театр – ел ӛмірінің түзу айнасы. Екіншіден,
театр – ел міндерінің тӛреші ұстазы, үшіншіден, театр — қазақтың салт-
сана,
күй-сарындары
сияқты
мәдени
ӛнер
кендерінің
терең
ошағы,ұйытқысы.
6-оқушы: Ол кезде мен жас едім, сондықтан лирикаға ептеп бейімдеу
болдым. Ал, лирика деген – адамды қажырлы да рухты еңбекке
қанаттандыратын асыл арман ғой.
7-оқушы: Ғалым білімді болу керек, білімдінің бәрі ғалым бола
бермейді. Ғалым ерінбей үйренеді де,ізденеді. Ғалым білім алады да,
білімге білім қосады.
8-оқушы: Адамға ӛзінің туған ата-анасынан кейінгі қадірлі адам –
ұстазы. Ұстазын құрметтемейтін адам болмайды,болуға тиіс емес. Оны
ұмытқан адам ӛзінің ата-анасына да береке таптырмайды.
9-оқушы: Біздің халқымыз Арқаның айдынында асқар Алатауға қарап
еркін ӛскен ерлер. Бәрі ірі келеді. Олардың арасында мен ең аласа, ең
ұсағы болам.
Сонымен, Қаныш Сәтбаев туралы ойымызды қорытайық.
Қоғам қайраткері
Геолог – ғалым
Тұңғыш академик
Қ.И.Сәтбаев ҒА тұңғыш президенті
Мәдениет зерттеушісі
Әнші
Музыка білгірі
Алгебра оқулығын құрастырушы
Патриот
Ӛнеге — ӛмір
12
Елін сүюдің ұлы ӛнегесін кӛрсеткен ғалым Қаныш тәрізді білгір
геологтар тәуелсіз елімізге бүгін де ӛте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |