Образовательными потребностями методические рекомендации


  Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумды жүргізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата21.12.2021
өлшемі443,52 Kb.
#104346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, 10- сынып Олқылық, Методичка Карта вызова, Документ, Ерасыл Дюсембаев презентация космос


Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумды жүргізу тәртібі  

 

Консилиумның  бірінші  мәжілісінде  консилиумдерді  жүргізу  кестесі 

құрылады  және  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  және  қолдау 

қызметкерлерінің  динамикалық  бақылауына  мұқтаж  балалардың  тізімі 

анықталады.  

Консилиумде  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  әрбір 

қызметкері  жүргізген  тексерудің  жинақталған  аналитикалық  материалдары 

талқыланады.  Олар  мамандардың  ұсынымдары  түрінде  безендіріледі  (Б 

қосымшасы). Мамандардың ұсынымдарында бала және оның жанұясы туралы 

мәліметтер педагог үшін түсінікті және қолжетімді тілде беріледі және бала мен 

оның  жанұясының  құпиялылыққа  деген  құқығын  бұзбайтындай  түрде 

жазылады.  

Консилиумде  оқушының  әрекетерін  бақылау  мен  зерттеу  нәтижелерін 

талқылауды консилиум төрағасы реттеуге және бақылауға міндетті. Консилиум 

жұмыс  шараларымен  оның  барлық  қатысушылары  таныс  болуға  тиісті.  Егер 

консилиумда уақытша қатысушылар болса, онда төраға жұмыс басталарда оны 

жүргізу  шарасын  еске  түсіреді.  Консилиум  жұмсысының  келесі  тәртібін 

ұстануға болады:  

1.

 

Баланы  консилиумға  жіберген  маман  (педагог  немесе  ата-ана)  сөз 



сөйлейді.  Ол  баланың  дамуы  мен  оқуындағы  жағымды  жақтары  мен  өзін 

алаңдататын мәселелер туралы нақты айтып береді. Маманның (педагог немесе 

ата-ана)  сөзін  ешкім  бөлмейді,  сұрақ,  мінеп-сынау  сөздері,  ескерту 

айтылмайды.  Егер  оқушыда  ПМПК  тұжырымдамасы  болса,  онда  ол  туралы 

сынып мұғалімі баяндайды.  

2.

 



Консилиум  мүшелері  баланың  дамуы  мен  оқу  жағдайларының  мән-

жағдайын  нақтылау  және  түсіну  үшін  маманға  (педагог  немесе  ата-ана) 

кезекпен сұрақ қояды. Маман (педагог немесе ата-ана) әрбір қойылған сұраққа 

жауап береді.  

3.

 

Консилиумның  барлық  қатысушылары,  өз  кезегімен  консилиум  үшін 



алдын  ала  дайындаған  бала  туралы  ұсыныстарын  пайдалана  отырып, 

оқушының  дамуы  мен  оқу  әрекетінінің  ерекшеліктеріне  кәсіптік  сипаттама 

беріп,  мәселе  туралы  өзінің  пікірін  және  жағдайды  жақсартуға  қатысты 

ұсыныстарын айтады.  

4.

 

Оқушыны  қолдауды  ұйымдастырудың  бірыңғай  тәсілдемесі  әзірленеді, 



түзете  дамыту  жұмысының  мазмұны  анықталады,  оқу  үдерісінде,  қосымша 

білім  беру  мен  жанұялық  тәрбилеуге  қатысты  жеке  тәсілдемелік  ұсынымдар 

беріледі.  

Консилиум мүшелерінің арасындағы ақпарат алмасу және сұрақтарға өзара 

жауап  беру  оқушының  психологиялық-медициналық-педагогикалық  мәртебесі 

сипатталатын,  оқушыны  қолдаудың  ұсынылған  түрі  мен  қатысатын  мамандар 

аталатын  консилиумның  тұжырымдамасын  жасау  үшін  негіз  болады  (В 

қосымшасы).  Тұжырымдамада  консилиумның  мамандарының  педагогтар 

ұжымымен  немесе  жеке  мұғалімдермен,  оқушының  ата-анасы  мен  мектеп 

әкімшілігімен  кеңес  беру  жұмысын  өткізу  қажеттілігі  туралы  нұсқау  берілуі 




мүмкін.  

Консилиум тұжырымдамасының негізінде оқуда ерекше қажеттіліктері бар 

оқушыны  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасы 

құрылады. Жарты жылға құрылатын қолдаудың жеке бағдарламасында баламен 

жүргізілетін  түзете  дамыту  жұмысының  бағыттары,  әрбір  бағыт  бойынша 

жұмыстың  мазмұны,  күтілетін  нәтиже  көрсетіледі.  Балаға  қатысты 

мамандардың  әрекеттері  үйлестіріледі.  Қажет  болған  жағдайда,  әр  түрлі 

мамандарды  баламен  жұмысқа  қосудың  бірізділігі  анықталады.  Бағдарламада 

міндетіне оқушының даму картасын жүргізетін, қолдау кезеңдерін бақылайтын, 

жасалған  жұмыстың  нәтижесін  қорытындылау  және  ары  қарайғы  жұмысты 

талқылау  мақсатында баланың  мәселелерін  консилиумде  қайтадан  талқылауға 

ұсыныс  беретін  жауапты  маман  бекітіледі.  Психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың жеке бағдарламасымен міндетті түрде ата-аналар, оқушымен жұмыс 

істейтін  барлық  педагогтар  таныстырылады.  Баламен  жұмыс  істейтін  барлық 

мамандар  оқушыны  қолдаудың  жеке  бағдарламасының  мазмұнын  орындауға 

міндетті болады. Баланы қолдау бойынша негізгі жүктеме мұғалімге жүктеледі, 

ол  оқушының  оқудағы  және  әлеуметтенудегі  жетістіктері  үшін  жеке 

жауапкершілікте болады.  

Консилиумның  мәжілісінде  әрбір  жеке  жағдайға  қатысты  тұжырымдама 

шешімін  талқылау  кезіндегі  қатысушылардың  қысқа  айтылымдарын 

бейнелейтін, тағайындалған ұсынымдарды орындауға жауаптылар белгіленетін 

хаттама  жүргізіледі.  Консилиум  хаттамалары  консилиум  төрағасының  іс 

қағаздарында  сақталады.  Консилиумның  ұсыныстары  директор  жанындағы 

мәжілістерде  әкімшілікке  хабарланады,  содан  кейін  педагогикалық  кеңеске 

жіберіледі.  

Консилиумның  хатшысы  балаларды  тіркеу  және  есепке  алу  журналын 

жүргізеді, бала туралы жалпы мәліметтер жинайды, консилиум мәжілістерінің 

кестесінің  орындалуын,  консилиумның  құжаттарының  мұрағатта  сақталуын 

бақылайды.  Консилиум  жұмысына  қатысушы  төраға  мен  мамандарға  балалар 

және  олардың  жанұялары  туралы  ақпараттың  құпиялылығы  туралы 

жауапкершілік жүктеледі.  

Бала  дамуының  жағымсыз  динамикасында,  консилиум  мүшелерінің 

баланы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты бір мәнді шешім қабылдаулары мүмкін 

болмаған  жағдайда,  оқушыны  тереңдетілген  тексеруден  өткізу  үшін  ол 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңеске  жіберіледі.  Бұл  үшін 

мектептік консилиум құжаттар пакетін дайындайды, оның құрамында:  

-

 

медициналық ұсыным;  



-

 

логопедиялық ұсыным;  



-

 

психологтың ұсынымы;  



-

 

баланың педагогикалық мінездемесі (Г қосымшасы);  



-

 

баланың  ана  тілі,  математика  пәндері  бойынша  жазба  жұмыстары, 



суреттері мен баланың дербес әрекетінің басқа да түрлері;  

-

 



ата-аналарының  немесе  олардың  заңды  өкілдерінің  баланы  ПМПК-не 

тексеруге жіберуге қатысты жазбаша өтініштері.  






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет