ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»



бет1/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,71 Mb.
#36350
  1   2   3   4   5   6   7   8

ПОӘК-042-18-24.1.09/03-2013

№1 басылым

____________

Бет 70-тен






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі ОӘ құжаты

ОӘК

ПОӘК-042-18-24.1.

09/03-2013



«Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені

1 басылым



_____________



ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»

«5В120100» «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013





Мазмұны
1. Глоссарий.....................................................................................3

2. Дәріс сабақтардың тезистері......................................................5

3. Лабораторлық тәжирибелік сабақтар.......................................22

4. Студентердін өздік жұмыстары................................................67

5. Колоквиум сұрақтары...............................................................70








  1. Глоссарий


Әсіресе жиі қолданылатын рецептуралық қысқартулар
Āā – ana- тепе – тең elect.-electuarium- ботқа

Acid – acidum – қышқыл em.- emulsum-эмульсия

Ad ch.- -ad chartam – қағазға орап empl.- emplastrum-пластырь

Aed. Aequalis – тең ext.-extende-жақ

Ad lib.- ad libitum – керегінше ferv.-fervens-қайнап жатқан

Ad oll – ad ollam – банкіге салып f.-fiat- жаса, дайында, ал

Ad scat – ad scatulam – коробкіге салып flor.-flores-гүлдер

Ad vitr. Ad vitrum- шөлмекке салып fl.-flos- гүл

Ad us.- ad usum – қолдану үшін form.-formentur-қалыпқа

Ad us.- ext. – сыртқа қолдану үшін fruct.- frucctus- ұрық

Ad us. Int –ішке қолдану үшін g.-gr.-gramm-грамм

Ad us. propr.- жеке өзін қолдану үшін gtt.-gutta-домалақша

Amp.- ampulla – ампула hb.-herba- шөп

Ad.- aqua – су inf.infusum- настой

Ad.- com.- aqua commumis – кәдімгі су iniec.-iniectio-денеге енгізу

Ad.font.- aqua fontana – бұлақ суы инъекция

Ad.destill,- adua destillata- дестилденген су Lat.-Iatitndine- ені

Ax.- axungia – мал майы Liq.-Iiquor- сұйық

Bol.-bolus –болюс Lint.-Linteum- линимент

But.- butyrum- қатты май

c. penic.- cum penicillio- кистімен M.-Misce- араластыр

caps.- capsula- капсула mixt.-mixtura-микстура

chart.-charta- қағаз mucil.-mucilago-шырыш

col.- colatura- сығылып сүзілген сұйық Nr-numero-сан

comp.- compositus- күрделі ol.-oleum-май

conc- concisus – кесілген ov.-ovum-жұмыртқа

concentr.-concentratus- күшті, концентрациялы past.-pasta-паста

consp.-consperge- сеп pil.-pilula-пилюля

cort.-cortex- қабық praes.-praecipitatum-шөктірген

cont.- contunde-түйілген, езілген pul.-pulvis-ұнтақ

crud.- crudus-шикі тазартылған rad.-radix-түбір

cryst.- crystallisatus-кристалданған Rp.-Recipe-ал

D., Da- Detur, Dentur- бер, берілсін sem.-semen-тұқым

D.t.d.- Dentur tabes doses- берілсін, бәрі. Sir.-sirupus-сироп

D.S.Detur, Signetur- берілсін, белгіле sol.-solutio-ертінді

Dec.dect.- decoctum- қайнатынды S.-Sisnetur-белгіле

Der.- depuratus- тазартылған spir.-spirtus-спирт

Dest.- destillatus- дестилденген steril.-sterilisetur-стерилде

Dil.- dilutus- сұйылтқан succ.-succus-шырын

div.- divide- бөл tab.-tabulettae-таблеткалар



Әсіресе жиі қолданатын рецептуралық терминдер
a – (с французша)- бойынша, дейін frictio-сүртіп, үйкеп жағу

ad- ішінде, мыс frigidus-салқын

adde- қос fusus- ерітілген

ad libitum- өз шешуіңше gargarisma-шайып жуу

aders- мал майы granula-түйір, дән

adhaesivus- жұққыш grossus- үлкен

adiuvan- көмекші, жәрдемші gummi-шайыр

adstringens- тұтқыш humidis- ылғал, ылғалданған

aerophorus- быжылдау inscriptio-сөз, сөйлем басы

albus-ақ lenies-жұмсартқыш

amarus- ащы liquidus-сұйық

animalis- малдан өндірілген medicamentum-дәрі, дәрі-дәрмек

antidotum- уға қарсы қолданылатын зат medicinalis- дәрігерлік

agua- су mica panis- нан жұмсағы

aquosus- сулы mixtura agitanda- шайқау керек

aqua fervida- ыстық су mollis-жұмсақ

adua ebuliens- қайнап жатқан су niger-қара

adua fiuviatilus- өзен суы oleosum-майлы

adua pluvialis- жаңбыр суы ovum-жұмыртқа

adua fontana- бұлақ және водопровод суы oxydatus-тотыққан

adua communis – кәдімгі құдық суы paratus-дайындалған

adua destillata – дестилденген су pars-бөлегі, бөлшегі

bene-жақсы pasta-қамыр, паста

buliens-қайнап жатқан pectoralis-көкіректік

basis-негізгі, негізгі әсер ететін per se-өзінен-өзі

cum- мен per os-ауыз арқылы

ca lidus-жылы, ыстық perrectum-тікішек арқылы

cera-балауыз pondus-салмақ

ceratum- төмен түсу potio-ішу, ішімдік

cinereu- сұр, күл тәрізді pro centum- жүзге

cochlear- қасық pro mille-мыңға

cola-сүз purus-таза

cocte- ас, қайнат recens-жарық, айқын

corrigens-түзетуші resina-смола

coriu- тері repetatur-қайтала

dulcus-тәтті remedium-дәрігерлік құрал

durus-қатты reductus-қалпына келген

e,ex- e dua-нан, нең, ден, дан repletus-толған

ex 20,0.- 20,0 ден ruber-қызыл

flavus-сары sal-тұз

flexilis-иілгіш, майысқақ scatulus-қапшық

fomentatio-сулап жағу salinus-тұзды

saturatio-қандыру, қанықтыру tritus- үйкеп ұсатылған

seu- немесе ustus- күйдірілген

siccus- құрғақ ut- үшін

simplex- қапапйым venena- улар (улы заттар)

solidus- мызғыр, тығыз, мықты verte- айналдыр

solve- еріт verus- шын шындық

spirituosus- спиртті via- жол

spurilus- жалған viridus- жасыл

stils s.gutta- тамшы volatilis- ұшқыш, ұшқыр

styius-қарындаш, таяқша vomicus- құстырғыш

sublimatus- айдалып алынған

subtilis- ұсақ, жұқа

subtilissimus- өте ұсақ

succus- шырын

suspensio- езілген
2. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ.

1.Лекциялар тақырыбы

Кіріспе


  1. Жалпы сипаттама

  2. Кіріспе

Негізгі оқулықтар:

  1. Грецкий В.М., Хоменок В.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. М. 1991

  2. Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,2, М. 1991

  3. Мингилев В.П., Мухамбетов Д.Д. Основы общей рецептуры. Акмола 1996

  4. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966

  5. Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978

  6. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991

Қосымша оқулықтар:

  1. Сковронский В.А. Практикум по фармакологии и рецептуре М. 1962

  2. Государственная фармакопея

Болашақ мал мамандары дайындауда «Фармакология» пәні негізгі пәндердің қатарына жатады. Оқу барысында студенттердің малдармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуі, ару малдарды жан-жақты емдеу және дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып, еңгізу жолдарын білуі, соның негізінде шаруашылықтарға тиімді нұсқаулар ұсынылуының қамтамасыз етуілі дәрістеледі.



Практикум Жалпы рецептура” курсы лабораториялық жұмыстар жүргізуге арналған. Бұл жерде ең маңыздысы студенттерді дәрілік формаларды жазу және жасау технологиясың оқып үйрену, студенттің клиникалық ойлау өрісінің қалыптасуы маңызды, ал ол келешек жұмысында патологиялық процесті ұғуғы, патогенетикалық ем жасау мен аурудан сақтандыру шараларын жүргізуге қажет.

Сол үшін, осы практикумда студентке белгілі бір тақырып бойынша лабораториялық-практикалық сабақтар қосылған. Әрбір бөлім бойынша лабораториялық-практикалық сабақтарды оқып білгеннен соң студент белгілі бір дәрілік форманы жазыуың ұғып, дәрілік форманы жасау технологиясын үйренеді.

Әрбір бөлімнің соңында тапсырманы міндетті түрде жазбаша жұмыс ретінде орындауға, қорытынды дайындауға және оны тапсыруға арналған бақылау сабақтары берілген.

Барлық лабораториялық- практикалық сабактарды, өз бетімен орындайтын жұмыстарды, бөлімбер бойынша жоспарланған коллоквиумдарды орындаған студент келесі сабаққа дайындалады.



К І Р І С П Е

Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos – ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына дәрі-дірмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.

Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.

Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары, әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.

Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский, И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғыш рет Ликин жазған еді.

Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А. Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның негізін салушы болып саналады.

Фармакологияның басқа ғылымдармен байланысы. Фармакология мәнінің анықтамасы – ол басқа ғылымдармен: өсімдіктер шикізатын зерттейтін фармакогнозиямен, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен шұғылданатын фармацевтикалық химиямен, фармацияман немесе дәрілер дайындау және аптекалық істі ұйымдастыру туралы ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы дербес, бірақ фармакологияға қатысы жөнінде оған бағынышты болып келеді.

Малдәрігерлік техникумдарда бұл пәндер өз алдына оқылмайды; фармакология курсына олардың кейбір тармақтары, негізінен рецептуралары ғана енгізіледі.

Мұның үстіне, фармакология физиологиямен және жалпы патологиямен тығыз байланысты, өйткені органдардың, тканбдердің нормадағы және патологиядағы әрекеттерін білмей, дәрілердің тигізетін әсерін түсіну мүмкін емес.

Фармакологияның бактериология және паразитологиямен байланысы дезинфекциялайтын және паразиттарға қарсы қолданылатын заттарды оқып үйренгенде өте көзге түседі.

Фармакологияға ішкі секреция бездерінің қызметі туралы ғылым – эндокринология (физиологияның бір бұтағы) өте жақын тұрады; емдік заттардың ішінде органдардан жасалған препараттар айтылады; бұларды қолдану үшін осы органдар жасаған дарығыш негіздерді және олардың организмге тигізетін ықпалын білу талап етіледі.

Дәрілік заттар көбінесе таза лабораториялық және ауылшаруашылық малдарына тигізетін әсері арқылы зерттеледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаттары:

1. қандай да болса қолданылатын зат малдың организміне және жеке органдарына қалай және неліктен әсер ететіндігін анықтау;

2. көтере алатын (емдеу), улайтын (уытты) және өлтіретін (летальді) дозаларды табу.

Фармакология қандай затты болса да осындай зерттеулерден кейін ғана клиникадағы ауру малдарға қолданып сынауға ұсынады. Міне сондықтан да фармакология клиникамен, сондай-ақ фармакологиялық емдеу өте маңызды орын алатын дәрігерлік практикамен тығыз байланысты деп есептеледі.


2 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсері
Дәрі және у туралы ұғым. Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе майлар, т.б.) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады. Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен шығарылатын химиялық заттар жатады.

Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.

Дәрілік заттардың оганизмге тигізетін әсерін фармакология, ал улардың тигізетін әсерін – токсикология зерттейді.

Дәрі мен удың арасында дәл шек болмайды. Мысалы: наперстянка белгілі мөлшерде жүрек қызметін жақсартады, ал бұл заттың дозасын көбейтсе, осы органның қызметін нашарлатады.

Дәрілік заттардың тигізетін әсерінің түрлері. Дәрілік заттар қолданылатын жеріне және жалпы (резорбтикалық; resorptio – сору) әсерін тигізеді.

Егер бұл зат қандай да болса тканьмен (терімен, кілегей қабықпен) жанасып, көбінесе жанасқан жерінде осыған сәйкес өзгерістер туғызатын жағдайда, қолданылған жеріне тигізетін әсері байқалады.

Қолданылған жеріне әсер тигізетін заттардың көпшілігін шағын мөлшерде қан сорып алады. Бұл сорылған заттың мөлшері аз болады, сондықтан қандай да болсын органдардың қызметіндегі өзгерістерді жәй қарағанда көруге болмайды.

Алайда ерекше жағдайларда (дәрі мөлшерінің көптігі тканьнің сыйпаты және күйі, дәрі қолданғанда жүргізілген арнаулы шара т.б.) қолданылған жеріне тигізетін әсермен қатар, жалпы әсері де болуы мүмкін, мысалы, жарасы бар жерін феколмен мол етіп жуғанда малдың уланып қалуы ықтимал, ал нервке новокаин енгізумен органның жағдайын өзгертуге болады.

Дәрілік заттың жалпы әсері ол қанға, демек, барлық органдар мен тканьдерге түскенде көрінеді. Жалпы әсер тигізетін химиялық заттар кейбір жағдайларда барлық тканьдерге, бірақ түрліше дәрежеде (протоплазмалық әсер); екінші жағдайда жеке органдарға (таңдап әсер ету) ықпалы болатыны анықталады.

Таңдап әсер ету нақ сол орган басқа органдарға қарағанда, дәріні көбірек жыйнап алатындығын немесе оның бұл дәріні сезгіш екендігімен түсіндіріледі: мысалы, наперстянка жүрекке, адреналин симпатикалық нерв системасының ұштарына, карбохолин мен ареколин – парасимпиялық нерв системасының ұштарына таңдап әсер етеді т.б.

Қолданылған жеріне және жалпы әсер тигізгенде: 1) зат байланыс жасайтын қандайда болсын тканьге, органға немесе системаға тікелей бағытталған тура бірден әсер ететін және 2) тура емес яғни жанама, айнымалы түрлері бар, бұл кейінгі түрі тура әсер ететін түрдің салдары болып келеді.

Емдеуде жанама әсер етудің болғаны жөн; мысалы, жүрек глюкозидтері жүрекке тікелей әсер етіп, оның жұмысын жақсартады – бұл оның таңдамалы, сонымен бірге тура әсер етуі; мұның нәтижесінде қан айналысы, тканьдер қорегі жақсарады, ісігі қайтып, несеп бөлінуі (дируез) көбейеді т.б. бұл тура емес немесе шамалап тиген әсер болады.

Жанама әсердің ерекше түрі- нерв жолымен жүзеге асырылатын рефлекторлық әсер болып келеді. Мысалы, аммиакпен деп алғанда тыныс және жүрек қызметі уақытша тоқтауы мүмкін; мыс сульфаты қарын кілегейін тітіркендіріп құстыруы ықтимал т.б.

Дәрілік заттарадың тағы да қосымша әсері бар; ол әрқашанда бола бермейді, бірақ есептесу керек, оның көбінесе болмағаны жақсы. Мысалы, хлороформды бірнеше рет, немесе бір рет ұзақ уақыт қолданғанда паренхиматоздық органдар майлы өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Егер бұл жағымсыз әсер едәуір орын алса, онда мұндай заттың емдеу қасиеті азаяды немесе мүлде жоғалады.

Фармакологияда ауру қоздырғыштарға әсер тигізетін заттардың зор маңызы бар; оларды этиотроптық, яғни каузальдық деп атайды; бұған фенол, креолин т.б. микробтарды өлтіретін (бактерицидтық) және олардың өсуін тежейтін сульфаниламидтық дәрілер жатады. Емдеудің мұндай әдісін каузальдық емдеу әдісі деп атайды.

Этиотроптық әсердің бір түрі – химиотерапевтикалық әсер, ол заттың белгілі құрылысымен және оның микроорганизмдердің белгілі түріне таңдамалы әсер етуімен байланысты. Егер дәрі ауру себептерін жоймай, ауру белгілерін бәсеңдетсе, немесе тоқтатса, оны симптоматикалық дәрі деп атайды. Мысалы, кейбір ыстық төмендеткіш заттар ауру малдың температурасын уақытша басады, бірақ аурудың себебіне әсер етпейді.

Сондай-ақ, дәрілік заттардың қайтатын және қайтпайтын әсері болады. Қайтатын әсерде орган функцияларындағы өзгеріс уақытша сыйпатта болады; енгізілген дәрілерден арылуына қарай функция қызметі қалпына келеді. Егер енгізілген зат түзілмейтін шұғыл морфологиялық және функциялық өзгерістер туғызса, мұны қайтпайтын әсер деп атайды.

Дәрілік заттардың мәні және олардың әсер ету сыйпаты. Дәрілік заттардың тканьдермен, органдармен, системалармен, өзара әсерлес болуы өте күрделі процесс; оның өзі мынадай:

1) химиялық реакциялар, мысалы: қалпына келтіру, тотығу, ажырау, тұндыру, қос қабат алмасу реакциялары т.с. жолмен;

2) физикалық – химиялық процесстер, мысалы, осмостық қысым, диффузия, беткі кіріс т.с.жолмен.

3) биохимиялық процесс, мысалы: клеткадағы биохимиялық реакцияның өзгеруі (энзимдердің, ферменттердің, катализаторлардың тыныс алудағы, алмасудағы әрекеттері т.с.) жолмен жүреді.

Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды, оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек.

Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.

Тіршілік әрекетінің мүлдем, ал кейде тіпті қайтпастай болып әлсіреуін паралич деп атау әдет болып кеткен.

Тітіркену – міндетті түрде жалпы ткань реакциясы гипермия (қан толып қызару) мен трансуданцияның (қан сары суының сыртқы тканьдерге шығуы) пайда болуымен өзгерілген функция. Тітіркендіру әсері бір жерге әсер етумен тынбайды, ол организмнің әрқашанда біліне бермейтін реакциясынан да туады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет