Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік тізімі Директорлар кеңесінің төрайымы – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Леонидовна Бахмутова.
1962 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. 1983 ж. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді.ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігін басқарды.
2013 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы. 2016 жылдың қаңтарынан бастап қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі болып табылады.
Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бас директорыНұржан Тәліпұлы Байдәулетов.
1960 жылғы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу теміржол көлігі институтының Теміржол көлігімен тасымалдау процестерін басқару факультетін бітірген. 1986 және 2006 жылдар аралығында теміржол саласында жұмыс істеді, содан кейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.2006 жылдан бастапқазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры. 2014 ж.3 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бас директоры. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директоры Илькявичюс Адамас Олегас 1975 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 2000 жылы Ашық университетті бітірген, Бизнесті басқару және компьютерлік ғылым саласында бакалавр, Тель-Авив қ., Израиль, ал содан кейін 2007 жылы – BMI бизнес мектебін бітірген. BMI-197 халықаралық іскерлік әкімшілендіру магистрі, Копенгаген қ, Дания. Бірнеше жылдар бойы IBM Global Business Services компаниясында жұмыс істеді. Eurasian Natural Resources Corporation жаһандық бизнесті трансформациялау, бизнесті және технологияларды басқару (ENRC BTS) бағдарламасының менеджері. 2013 жылғы 26 қараша мен 2014 жылғы 2 наурыз аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болды, содан кейін 2014 жылғы 3 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі бас директоры.
2014 жылғы 27 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Тәуелсіз директор – Эдриан Иан Хоуинк 1957 жылы 29 қарашада дүниеге келген, Нидерланды азаматы. 1978 жылы Эразмус университетінің (Роттердам) экономика факультетін (бакалавр), 1983 жылы – Гронинген университетін (Нидерланды), MBA (Іскерлік әкімшілендіру шебері) бітірген, сондай-ақ Амстердам университетінде және Гарвард бизнес мектебінде салық заңнамасы пәндері, ХҚЕС және корпоративтік тиімділік бойынша қосымша білім алған.
Әр жылдары ABN AMRO және Royal Bank
of Scotland Plc (Шотландияның Корольдік банкі, Лондон, Амстердам) банкінде басшылық лауазымдарды атқарған, ірі халықаралық компанияларда бірігу және тарту мәмілелеріне, қайта құрылымдау, кірістер мен шығыстарды басқару, басқару есептілігін жасау, бюджеттеу және болжамдау мәселелеріне маманданған.
2011 жылдан бастап «Bishopsfield Capital Partners» (Лондон) тәуелсіз кеңесші, PGGM Advisory Board Alternative Funds мүшесі және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуелсіз директоры.
Амстердам университетінде корпоративтік салық құқығы, халықаралық салық салу, Еуропада салық салу және ХҚЕС (халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары) сияқты мәселелер бойынша, АҚШ, Бостон, Гарвард бизнес мектебінде «Корпоративтік тиімділікті басқару» жоғары буын басшылары үшін семинар, тағлымдамалардан өткен.
2012 жылғы 7 тамыздан бастап осы уақытқа дейін - «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Тәуелсіз директор – Гинт Янович Шкодов, 1966 жылы 31 қазанда дүниеге келген, 1993 жылы Рижск политехникалық университетінің радиотехника және байланыс факультетін байланыс инженері мамандығы бойынша бітірді, содан кейін 2004 жылы Рижск бизнес мектебін (Riga Business School), Executive MBA бағдаламасы бойынша бітірді. Әр жылдары «Software House Riga» АҚ, «ИT сеть Латвийской почтовой службы» АҚ,
«Латвийская пошта» МАҚ, SIA «Post Servise», SIA «Metsepole Plus» сияқты компанияларда басшылық лауазымдарын атқарды. 2013 жылғы шілдеден бастап – Қоршаған орта, геология және метеорология орталығында ИТ және қызметтерді дамыту жөніндегі директор.
2014 жылғы 27 қаңтардан бастап бастап осы уақытқа дейін - «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Тәуелсіз директор – Жанат Қоланқызы Бердалина, 1957 жылғы 3 шілдеде дүниеге келген.
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 1998 жылы Бристоля (Ұлыбритания) университетін бітіріп, Халықаралық бизнес бойынша диплом алды, 1999 жылы Франция қаласындағы Ecole Nationale des Ponts et Chaussees бітірді – Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA Executive). 1994 жылы № 0000007 ҚР аудиторының біліктілік куәлігін алды.
1993 ж. қазанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің органдарында (ҚР Бас салық инспекциясы сыртқы эномикалық қызметке салық салу басқармасының бастығы) және ҚР Статистика агенттігінде (Экономикалық талдау басқармасы) жұмыс істеді. «Бюро Жанат» консалтингтік фирмасының құрылтайшысы және директоры болды. 1996 жылғы ақпан мен 2010 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG халықаралық аудиторлық компанияның ортақ құрылтайшысы, Басқарушы серіктесі, Президенті, Аға кеңесшісі болды. 2008 жылғы қараша мен 2012 жылғы мамыр аралығында – «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, Аудит жөніндегі комитетінің төрайымы болды.
2013 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін қоса атқару бойынша «Ұлттық технологияларды дамыту агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, Аудит комитетінің төрайымы болып табылады.
2014 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Тәуелсіз директор – Ораз Әлиұлы Жандосов, 1961 жылғы 26 қазанда дүниеге келген. 1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеді. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі,
«KEGOC» ЖАҚ Президенті, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі болып табылады.
2014 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Тәуелсіз директор – Дмитрий Николаевич Жуков, 1973 жылғы 3 ақпанда дүниеге келген.
1994 жылы Т. Рысқұлов атындағы мемлекеттік экономикалық университетті экономист мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы State University of New York бітірді, MBA – маркетинг және ақпараттық басқару жүйесі, Binghamton, NY, АҚШ. 10 жыл бойы банк саласында жұмыс істеді. «Central Asian American Enterprise Fund» ЖШС, «Еуропаның Қайта жаңғырту және даму банкі» АҚ, «Vos Savant Projects» ЖШС-де басшылық орындарда жұмыс істеді.
2011 жылғы 11 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін
«Евразийский банк» АҚ жобаларын басқарушы болып табылады. Сондай-ақ, 2012 жылғы 11 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін МКО «ПростоКредит» ЖШС бас директоры болып табылады.
2014 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы – Бағдат Батырбекұлы Мусин, 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Алматы қ. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
2004 және 2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ІТ-бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010 және 2011 жылдар аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болды. 2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2012 және 2014 жылдар аралығындаҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылғы сәуірде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.