Директорлар кеңесінің комитеттері Ең маңызды мәселелерді қарау және Директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау үшін мына комитеттер құрылды: Ішкі аудит комитеті; Стратегиялық жоспарлау комитеті; Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті.
Комитеттердің қызметтік мақсаты Компания директорлары кеңесі қабылдайтын шешімдер сапасын арттыру болып табылады.
Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеті (АТК) «Қазпочта» АҚДиректорлар кеңесінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі шешіміне сәйкес құрылған.
Комитет міндеті мынадай мәселелерді терең әрі мұқият қарастыру және Компанияның Директорлар Кеңесіне ұсынымдар ұсыну болып табылады:
1) Компанияның қаржылық қызметін тиімді бақылау жүйесін орнату (сонымен қатар, қаржылық есептіліктің толықтығы мен сенімділігіне);
2) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету;
3) сыртқы және ішкі аудит процесінің еркіндігі мен тиімділігін бақылау; 4) Компаниядағы корпоративтік басқаруды жетілдіру;
5) Комитет мүшелері немесе Компанияның Директорлар Кеңесі Комитеттің қарауына ұсынған өзге де мәселелер.
АТК өз қызметін 2015 жылғы 201 қазанда Директорлар кеңесі бекіткен Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитет туралы Компанияның Директорлар кеңесі Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
2015 жылғы 10 қыркүйектегіКомпанияның Директорлар кеңесінің №10/15 шешімімен «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің АТК құрамы анықталды:
Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеттің құрамы (31.12.2015 ж. жағдай бойынша)