Агенттік қызметтер тарифі
|
|
Атауы
|
Комиссия
|
|
|
Жеке тұлғаларға теміржол билеттерін ресімдеу төлемдерін қабылдау
|
Қалаларда, аудандарда –билет құнынан 10% (ең азы –300 теңге, ең көбі – 500 теңге).
Ауылдарда – билет құнынан 10% (ең азы – 200 теңге, ең көбі – 500 теңге).
|
Жеке тұлғаларға теміржол билеттерінің қайтарымын ресімдеу төлемдерін қабылдау
|
100 теңге
|
«Банк Хоум кредит» АҚ ақшалай кредиттері
|
Аударылған сомадан 3% (үш)
|
«Банк Хоум кредит» тауар кредиттері
|
ЕДБ берген тауар төлемі шотындағы кредиттер сомасынан 3% (үш)
|
Сақтандыру компаниясының қызметтері бойынша шарт жасасу
|
Ресімделген полис сомасынан 15%
|
Есепке алу рәсімдері
Бухгалтерлік және салық есебі
2015 жылы компания менеджменті есепке алуды жүйелеу, автоматтандыру және орталықтандыру мәселелеріне біршама күш салды. Уақтылы, сапалы деректер, автоматтандырылған есепке алу дұрыс басқару шешімдерін қабылдауға, айқындылықтың артуына, деректерді қолмен өңдеуге байланысты шығындарды оңтайландыруға және ішкі бақылау жүйесінің сенімділігінің өсуіне септігін тигізуі қажет. Есепке алуды және екінші деңгейлі банктер мен алдыңғы қатарлы ритейл компаниялардың есептілігін автоматтандыру мәселелеріндегі артта қалушылықты назарға ала отырып, компанияны трансформациялау шеңберінде есепке алу жүйелерін жетілдіруге және жаңа жүйелерді енгізуге бағытталған 2016-2018 жылдарға арналған жобалар топтамасы әзірленді.
Есепке алу рәсімдерінің сапасын арттыру үшін жаңа автоматтандырылған бақылаулар, есептер енгізілдіжәне«Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алуға қатысты, мерзімді баспасөз басылымдарын, депозиттер бойынша сыйақыларды аударуды, шетелдік пошта әкімшілігімен есеп айырысуды, пошта жөнетілімі бойынша статистикалық есепті есепке алуға және т.б. қатысты стандартты бухгалтерлік модельдер жетілдірілді.
Есепке алу жүйесін пысықтау арқасында жеке табыс салығы және әлеуметтік салықбойынша салық есебі функциясы 2015 жылы филиалдардан орталық бухгалтерияға табысталды, бұл салық есебін орталықтандырудың қорытынды кезеңі болды. Сондай-ақ, 2015 жылы компания ішкі нормативтік құжаттарды, соның ішінде есепке алу саясаты мен салықтық есепке алу саясатынжүргізді.
Экономикалық және тарифтік жоспарлау
Кейбір пошта және қаржылық қызметтерді көрсету бойынша«Қазпочта» АҚ қызметіне монополия және бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу талаптары қолданылады.
2015 жылдың сәуір айында табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы Жыл сайынғы есеп беруді өткізу ережелеріне сәйкес тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың алдында өткен кезеңдегі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық жобаларды орындау бойынша есептер, қызметтер сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар есебі көрсетілген қоғамдық тыңдау өткізілді.
Бір жыл ішінде әмбебап байланыс қызметтерінің тарифін арттыру мен жеке және заңды тұлғаларға арналған тарифті әртараптандыруды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2015 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық экономика министрлігініңТабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті«Қазпочта» АҚ-ны пошта байланысы әмбебап қызметтері бойынша Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару және «Қазпочта» АҚ-ны пошта байланысы әмбебап қызметтері бойынша реттелетін нарық саласына енгізу туралы шешім қабылдады.
2015 жылдың шілде айында тарифтің ДПО ХБ-дағы құрлықтық үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде тарифтің базалық құрлықтық үлесі 5%-ға өсті.
Бюджеттік жоспарлау жүйесі жақсартылды: табыстар мен шығыстар бюджетін жоспарлау процесі автоматтандырылды, табыстар мен шығыстар бюджетін түзетудің икемді енгізілді. Түзетулердің келісілу рәсімдері айтарлықтай дәрежеде жеңілдеді, ол өндірістік мұқтаждықтың өзгеруіне икемді жауап қайтаруға мүмкіндік берді.Пошталық және қаржылық қызметтержөніндегі статистикалық есепке алуды автоматтандыру бойынша маңызды қадамдар жасалды.
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Қазпочта» АҚ –ҚР пошта байланысы операторы, ол Қазақстанның пошта әкімшілігін барлық Дүниежүзілік пошта одағына таныстырады және жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның базалық элементтерінің бірі болып табылады. Компания пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең шоғырын ұсынады.«Қазпочта» АҚ қарамағында іс жүзінде Қазақстанның барлық аймағын,әсіресе аудандық және ауылдық жер деңгейін қамтитын ең ауқымды филиалдық желі бар. Пошта желісі бизнеске және халыққа арналған электронды сауданы, көліктік-логистикалық сервисті, қаржылық қызметтерді ілгерілетудің нәтижелі құралы болып келеді.
Компания Қазақстан Республикасының барлық аймағында көпшілікке қолжетімді қызмет көрсетумен қатар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты.Компанияның артықшылығы – еліміздің ең алыс түкпіріндегі елді мекендерде орналасқандығы және қалыптасқан белгілі бір жағдайларда пошта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік таныту орталығы ретінде көріне алады, сол үшін де Компания басшылығы барлық күшін салады.
Компанияда жұмылдыру және сапалы қызмет көрсетуге өту процесі белсенді түрде жүргізілуде, бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, пошта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. Компания«Самұрық-Қазына» АҚ дамыту жобалары мен үкіметтік бағдарламаларға қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларға қолдайды. Компанияның дамуыту мүддесі ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде көрініс табуда, бұл жайт алға қойылған міндеттерді асқан жауапкершілікпен орындауға міндеттейді.
Қызметтер
Компания ақпараттық, ақшалай және тауарлық ағындар өтетін пошталық, қаржылық және агенттік, сондай-ақ, тағы да басқа қызметтердің кең шоғырын ұсынады. ҚР заңнамасына сәйкес Компания қызметтің мына түрлерін көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |